Дипломдық ЖҰмыс 6В05101 «Биология»


Қоңыр жүзгін – Calligonum triste



бет14/19
Дата10.05.2023
өлшемі90,43 Kb.
#91665
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Дипломка 3

Қоңыр жүзгін – Calligonum triste. Биіктігі – 45 сантиметрден 75 сантиметірге дейін жететін, ақшыл-сары қабықты, көпжылдық бұта. Жас бұтақтары жұмсақ, буын-буын болып келеді. Бұтақтарының ақшыл-сары түсті қабығы болады. Жасыл шөптік бұтақтарында майда жапырақтары болады. Олар өте жіңішке, таспа тәріздес, үшбұрышты, ланцетті, ұзындығы – 1-2мм. Гүлдері ұсақ және қосжынысты, ұзындығы – 4мм. Жапырақ қолтықтарына орналасқан. Гүл сағағы қысқа, гүл серігі жай, жиектері ақпен көмкерілген қызғылт түсті 5 күлтеден, 12 аталықтан және қызғылт түсті тозаң қаптан тұрады.
Мамыр айларында гүлдейді. Жемісті сопақ, жаңғақша шеңбері-12мм. Жемістерінде жұқа екі қатар жаңғақ тәрізді, үлпілдек қолықтары болады. Піскен кезде желмен ұшып, алысқа таралады. Тұқыммен көбейеді. Жүзгіндердің гүлдерін жемістерге қарап ажыратуға болады. Орта Азия мен Қазақстанның көлді, құмды жерлеріне таралған. Шөлді жерлерде құмды тоқтатудың мәні зор.
Борщов қызғалдағы – Tulipa borszczowii Regel. Биіктігі 20-30 сантиметрге жететін көпжылдық шөп тектес өсімдік. Жуандығы – сопақтау. Шеңбері 2-4 см. Қабығы қалың, қатты, қара қоңыр түсті, жапырақтары жасыл, бозғылт түсті, қандауыр тәріздес. Жиектері ширатылған. Тамырға жақын жердегі жапырағының ұзындығы – 18см. Ені 3,5-4см. Бір өсімдікте – 4-5 жапырақ болады. Гүл сары, қызғылт- сары, түбінде қара күлгін дағы бар. Ұзындығы 1,9см. Мамырда гүлдейді. Қауашағының ұзындығы 2,5-4см. Ені 2см.
Шөлді жерлерде өседі. 1968 жылы Арал ойпатынан тауып, алғаш сипаттаған ботаник Э.Л. Регель еді. Бұл гүл Торғай, Арал, Қызылорда, Қарақұм аймақтарында құмды, шөл далада өседі. Өсу ортасында байланысты күлтелері алуан түрлі. Арыс,Сырдария құмдарында қызыл сары түсті болса, Төретамда ақшыл- сары, қызғылт болады.
Жалпақ жапырақты Сораң- Salsola euryphylla Botsch. Өте сирек кездесетін түр. Сораң шөп шөлді далада, соры мол жерлерде өседі. В.П. Воганцевтің айтуы бойынша бұл туыстың шығу тегі Оңтүстік Африка. Сораңшөп бұта тектес өсімдік. Биіктігі -50см. Біржылдық, бүршіктері жалаңаш, тегіс. Жапырақтары етті. Кезектесіп орналасады. Шілде мен қыркүйекте гүлдейді. Өте сирек түр. Қазір малдардың жайылымдарда таптауынан жойылып бара жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет