Дипломдық жұмыс Ғылыми жетекші : Студент



бет14/19
Дата23.10.2023
өлшемі287,38 Kb.
#120868
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Дипломды ж мыс ылыми жетекші Студент

1 топ

2 топ

Төмен

23,3 %

43 %

Орташа

15,7 %

40 %

Жоғары

61 %

17 %

А. Ассингер әдістемесі бойынша эксперименттен кейінгі көрсеткіштер

1 топ

2 топ

Төмен

22 %

67 %

0рташа

29%

24 %

Жоғары

49 %

9 %

1-топ- тәжірибелік тобының нәтижелері;
2-топ бақылау тобының нәтижелері.

Сурет 2.2.7 - «А. Ассингер» әдістемесі бойынша тәжірибелік тобы және бақылау тобының экспериментке дейінгі көрсеткіштері



Сурет 2.2.8 - «А. Ассингер» әдістемесі бойынша тәжірибелік тобы және бақылау тобының эксперименттен кейінгі көрсеткіштері көрсетілген


2.3 Агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдерге қатысты психологиялық жұмыс жолдары мен амалдары
1-ші сабақ.
Мақсаты: 1. Бір-біріне жылулық пен қайырымдылық сезімдерін сыйлау;
2. Өзін-өзі жағымды қабылдай білу;
3. Ептілік, жылдамдықты, зейінділікті дамыту;
4. Тыныш сенімділік атмосферасын түзу.
Қажетті құрал-жабдықтар: қавламсап және ақ қағаз.
1-жаттығу. “Қатынас”.
Нұсқау: Барлығы дөңгелене отырып, көздерін жұмып, бір-бірлерінің қолдарын ұстасып, өз сезімдеріне зейін қояды.
Жүргізуші баяу үнмен: өз сенімдеріңізге зейін қойып, өз қолдарыңыздың жылулығын сезініңіздер (1,5 минут тыныштық). Көзімізді ашып, әрқайсысымыз алған өз сезімімізбен бөлісеміз.
2-жаттығу. “Өз атын қабылдауы”.
Нұсқау: барлығы дөңгелене отырады. Жүргізуші әр қатысушыға кезек-кезекпен өздерінің атын анық, ұзартып айтуын өтінеді. Аттарын айтқан кезде екпін түсетін әріпке көңіл бөлулерін сұрайды. Екпін түскен әріпті танып, оны ойша – иісімен, дәмімен және түсімен баламалап қабылдап айту қажет.
3-ойын. “Адам, үй, жер сілкінді”.
Нұсқау: Қатысушылар дөңгелене тұрады. Жүргізушінің белгісі бойынша: “үй” дегенде - екі-екіден қолдарын көтеріп, оларды бір-біріне түйістіріп, шатырға ұқсап тұра қалады. “Адам ” дегенде, үш-үштен тұрады да, екеуі шатыр, ал біреуі сол шатырдың астына барып тұра қалады. “Жер сілкінді” дегенде, барлығы жан-жаққа қаша жөнеледі. Жалғыз қалған қатысушы жүргізушінің рөлінде болады.
4-жаттығу. “Өзендегі ағаш кесіндісі”.
Нұсқау: Қатысушылар бір-біріне қарап, ұзын екі қатарға тұрады – бұл жағалаулар. Қатысушылардың біреуі “ағаш кесіндісінің” рөлінде болады. Ағаш кесіндісі көзін жұмып, баяу қозғалады. Ойынға қатысушылар (жағалаулар) қолдарымен нәзік бір-бірімен жанасып, ағаш кесіндісінің жылжуына көмектеседі. Ағаш кесіндісі соңына ағыспен ағып жеткеннен кейін, ол жағалауға айналады, ал келесі бастапқы ойыншы ағаш кесіндісі болады. Осылай ойын жалғаса береді.
5. Рефлексия - әрбір қатысушы ойыннан алған сезімдерімен бөліседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет