Дипломдық жұмыс Ғылыми жетекші : Студент



бет11/19
Дата23.10.2023
өлшемі287,38 Kb.
#120868
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
Дипломды ж мыс ылыми жетекші Студент

ТМ=E1-E2+35.
35-тен төмен баллдар – жоғарғы эмоционалдық тұрақтылық және де төмен алаңдаушылық; 35-44 – орташа алаңдаушылық көрсеткіші; 45 және одан да жоғары – тұлғаның жоғарғы түрде алаңдауы.
Содан кейін, баллдар бойынша қорытындылары шығарылады, бірінші шкала бойынша (психикалық қалып ретінде төмен, орташа, жоғары алаңдаушылығы бар және жоғарғы жағдайлық алаңдаушылығы бар студенттерді анықтау); екінші шкала бойынша (жоғарғы, орташа және төмен эмоционалдық тұрақтылығы бар студенттерді анықтау).
4. А. Ассингер тесті
(қарым-қатынастағы агрессивтілікті анықтау)
А. Ассингер әдістемесі адамдардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы жеткілікті дәрежеде екендігін және олармен қарым-қатынасқа жеңіл қосыла алатындығын анықтайды. Егер адамдар бір бірлерінің сұрақтарына жауап берген жағдайда, онда өзін-өзі бағалауды жүргізуге болады.
Бұл олардың өзіндік бағалаулары қаншалықты деңгейде дұрыс екендігін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, нәтижелерді есептегенде асты сызылған жауаптарды мұқият санап шығу керек. Алынған жауаптарды бір-біріне қосып, ортақ санын шығарамыз.
Нәтижелері: 45 балл және одан жоғары болса.
Сіз шамадан тыс агрессивтісіз, сонымен қатар тепе-теңдікті сақтай алмайсыз және басқалармен қарым-қатынаста қатыгезсіз. Сіз өзіңіздің әдістеріңіз арқылы басқарушылықтың ең «жоғарғы» шыңына жетуді қалайсыз және қоршағандардың қызығушылықтарн құрбан ете отырып жетістікке жетуге тырысасыз.Сол себептен Сізге қоршаған адамдардың қабылдамауы қызықтырмайды, қандай жағдай болмасын мүмкіндігінше сіз оларды жазалауға тырысасыз. 36-44 балл. Сіз орташа агрессивтісіз, өмірдің ағымымен сәтті жүресіз. Себебі сізде дұрыс атаққұмарлық пен өз-өзіне деген сенімділік жеткілікті. 35 балл және одан төмен. Сіз шектен тыс достық сезімдесіз, ол өз-өзіңізге сенімділіктің, өзіндік күш пен мүмкіншіліктеріңізге деген сенімділіктің жеткіліксіздігі. Бұл сіздің шөп секілді әрбір жел тұрғанда құрып кететіндігіңіз емес. Бірақ сізге кішкене шешім қабылдағыштық кедергі етпейді! Егер сіз жеті не одан да көп сұрақтан бірден және одан да кем баллдан алсаңыз- онда сіз шамадан тыс тұйықсыз. Бұл дегеніміз сізге агрессивтілік көрінісі тән емес деген емес, бірақ сіз оларды жиі басып отырасыз. Әрбір жауаптың баллдары қосылып саналады да осыған сәйкес агрессивтіліктің деңгейлері анықталады.
2.2 Эксперимент нәтижесінің өңделуі

1. Бірінші қарастыратынымыз «Жасөспірімдердің агрессиялық деңгейін диагностикалау» - Басса-Дарки сұрақнамасы бойынша жасөспірімдердегі физикалық агрессия мен жанама агрессияның арасында айырмашылықтар бар деп шықты.



Сурет 2.2.1 - «Жасөспірімдердің агрессиялық деңгейін диагностикалау» - Басса-Дарки әдістемесі нәтижесінің салыстырмалы көрсеткіші көрсетілген
Бұдан біз алынған көрсеткіштерге сүйене отырып, арнаулі білім беретін ұйымның (тәжірибелік топтың) жасөспірімдеріндегі келесідей нәтижелерді анықтадық: физикалық агрессия - 15%, жанама агрессия -10%, тітіркенгіш -20%, негетивизм - 15%, реніш -10%, күмәншілдік - 20%, вербалды агрессия -20%, кінә сезімі - 5% деп шықты. Бұл әдістеме бойынша, жасөспірімдерде көрінетін агрессия түрлері арасында айырмашылық статистикалық маңызды болып шықты.
Бұдан біз алынған көрсеткіштерге сүйене отырып, жалпы білім беретін мектептің (бақылау тобының) жасөспірімдеріндегі келесідей нәтижелерді анықтадық: физикалық агрессия - 10%, жанама агрессия -5%, тітіркенгіш -20%, негетивизм - 5%, реніш -10%, күмәншілдік 15%, вербалды агрессия -15%, кінә сезімі -20% деп шықты. Бұл әдістеме бойынша, жасөспірімдерде көрінетін агрессия түрлері арасында айырмашылық статистикалық маңызды болып шықты.
2. Розенцвейг бойынша «Агрессивтілік» әдістемесі.
Зерттеу жұмысына сыналушы топтан – 15 жасөспірімдер, бақылау тобынан 15 - жасөспірімдер тобы қатысты. Олар екі шкала бойынша (агрессивтілік және агрессивтілік емес шкалалар) зерттелінді. Зерттеу нәтижесі бойынша сыналушы топтарының 20%- ті ғана агрессивті емес реакциялық, ал 80%-ті агрессивті реакциялық жауаптарын көрсетті. Зерттеу нәтижелері бойынша бақылау тобы 11%-ті ғана агрессивті реакция, ал 89%- ті агрессивті емесе реакциялық жауап берді. Екі топқа зерттеу жүргізу жұмыстарының нәтижелері бойынша, мен сыналушы топпен ғана психологиялық-педагогикалық тренинг сабақтарын жүргіздім. Бақылау тобындағы нәтижелер жоғары болғандықтан, психологиялық-педагогикалық тренинг жұмыстарын жүргізбедім. Зерттеу жұмысының нәтижелеріне сыналушы топтың зерттеу жұмысына дейінгі және зерттеу жұмысынан кейінгі нәтижелерін ғана салыстырмалы түрде сурет – 2 көрсетілді.

1- экспериментке дейінгі нәтижелердің көрсеткіші (20 %, 80 % );
2- эксперименттен кейінгі нәтижелердің көрсеткіші (66,7 %, 33,3% );
Сурет 2.2.2 - Розенцвейг бойынша «Агрессивтілік» әдістемесінің психологиялық-педагогикалық тренингтерге дейінгі және кейінгі салыстырмалы түрдегі нәтижелері төмендегідей болды:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет