Дипломдық жұмыс Ғылыми жетекші : Студент


Агрессиялық мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін эксперименттік зерттеу



бет7/19
Дата23.10.2023
өлшемі287,38 Kb.
#120868
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
Дипломды ж мыс ылыми жетекші Студент

2 Агрессиялық мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін эксперименттік зерттеу
2.1 Зерттеу процедурасы мен әдістемесіне сипаттама

Жасөспірімдердің даму ерекшеліктері мен мінез-құлқындағы агрессияны анықтау мақсатында келесі әдістемелерді қолдандық:


1. «Жасөспірімдердің агрессиялық деңгейін диагностикалау» - Басса-Дарки сұрақнамасы.
2. Ассингер тесті (қарым-қатынастағы агрессивтілікті анықтау)
3. Ч.Д. Спилбергердің мазасыздық деңгейін анықтау шкаласы.
4. Розенцвейг модификациялаған «Агрессивтілік» әдістемесі.
5. Агрессиялықты төмендету мақсатымен жүргізілетін белсенді топтық әдістер – психологиялық-педагогикалық тренингтер.
1. А. Басс пен А. Даркидің «Жасөспірімдердің агрессиялық деңгейін диагностикалау» сұрақнамасын агрессия деңгейін анықтау үшін алдық. Агрессияны жалпы мотивационды агрессия және инструменталды агрессия деп бөлуге болады. Мотивационды агрессия тұлғаларға тән диструктивті тенденцияларды жүзеге асырғанда көрінеді. Осындай деструктивті тенденциялар деңгейін анықтап, ашық мотивационды агрессияның көрінуін болжауға болады. А. Басс пен А. Даркидің сұрақнамасы осындай диагностикалық процедураның бірі болып келеді.
А. Басс «агрессия» және «өшпенділік» ұғымдарын бөліп көрсетеді және соңғысын «адамдардың және жағдайлардың жағымсыз сезімдері мен жағымсыз бағаларын дамытатын реакция» дейді. А. Басс пен А. Дарки әдістемені жасай отырып, агрессия мен өшпенділіктің көрінуін дифференциялайтын төмендегі реакция түрлерін көрсетеді:
1. Физикалық агрессия – дене күшін басқа біреуге қолдану.
2. Жанама- агрессия, басқа біреуге немесе ешкімге бағытталмаған
3. Ашулану – кез-келген қозу кезінде кері әсерлі сезімдердің көрінуі
4. Негативизм – қарсы пассивті қарсылықтан белсенді күш көрсетуге дейінгі белгіленген заңдар мен дәстүрлерге қарсылық көрсету.
5. Реніш – қоршаған ортаға қызғаныш пен жеткөрушілік
6. Күмәндану – басқа адамдарға сенімсіздікпен қарау
7. Вербальды агрессия – форма арқылы кері сезімдерін білдіру, сондай-ақ сөздік жауап арқылы білдіру.
8. Кінә сезімі – өзін-өзі күнәлі адам деп сезіну.
Нәтижені интерпритациялау былайша жүзеге асырылады: Басс пен Дарки сауалнамасы алынған жауаптардың қосындысымен анықталатын, агрессивті және өшпенділік реакцияларының әртүрлі формаларының индекстерінің көмегімен өңделеді. Сұрақ агрессияның тек бір формасына ғана қатысты болады.
Жұмыс барысы: 10-15 минут, мұқияттылықты және өз ойын білдіруді талап етеді.
Нұсқау беріледі: төменде келтірілген сұрақтарға жауап беруде «иә» немесе «жоқ» деген жауапты белгілейсіз. Әдістеме 75 сұрақтан тұрады. Сұраққа ұзақ ойланбай жылдам жауап беру керек. Бірінші жауабыңыз ең дұрыс жауап болуы мүмкін.
Басс пен Дарки сауалнамасы.
1. Кейде мен басқа біреуге жамандық жасау сезімімен күресе алмаймын
2. Кейде жақсы көрмейтін адамдарды өсектеймін
3. Мен тез ашуланамын, бірақ тез басыламын
4. Егер мені жақсылап сұрамаса мен өтініштерін орындамаймын
5. Мен маған керекті затты әрдайым алмаймын
6. Басқа адамдар мен туралы не ойлайтынын білмеймін
7. Егер маған достарымның әрекеттерін жақтырмасам, ұнатпайтынымды оларға білдіремін
8. Мен біреуге өтірік айтқан жағдайларда өзімді ыңғайсыз сезінемін
9. Менің ойымша, мен адамға қол көтере алмаймын
10. Мен заттарды лақтыру жағдайына дейін ашуланбаймын
11. Басқалардың кемшіліктеріне немқұрайлықпен қараймын
12. Егер маған белгіленген заңдар ұнамаса, оларды бұзғым келеді
13. Басқалар әрдайым қолайлы жағдайларды пайдалана алады
14. Маған аса көңіл бөлген адамдарға (мен күтпеген жағдайларда) мен қауіптілікпен қараймын
15. Мен жиі адамдармен келісе алмаймын
16. Кейде менің ойыма өзім ұялатын ойлар келеді
17. Егер мені біреу бірінші болып ұрса, оған жауап қайтармаймын
18. Мен ашуланғанда, есікті тарс жабамын
19. Мен өте ашуланшақпын
20. Егер біреу өзін бастық сымақ көрсетсе, мен оған қарсы шығамын
21. Менің тағдырым мені кішкене өкіндіреді
22. Менің ойымша, мені көп адамдар жақсы көрмейді
23. Егер адамдар келіспесе, мен бәсекелесуден өзімді ұстай алмаймын
24. Жұмыстан қашқандар өздерін кінәлі сезінулері керек
25. Маған және жанұяма кір келтірген адам, төбелеске ұшырай
26. Мен дөрекі қалжыңдай алмаймын
27. Маған күлген жағдайда (насмехаются), мен қатты ашуланамын
28. Егер біреу өзін бастық сымақ көрсетсе, мен оларды орнына қою үшін бар күшімді жұмсаймын
29. Мен апта сайын өзіме ұнамайтын адамдарды көремін
30. Көп адамдар маған қызғанышпен қарайды
31. Мені адамдар сыйлауын талап етемін
32. Мен ата-анама аз көмек көрсететінім мені тежейді
33. Сіздердің жындарыңызға әрдайым тиетін адамдарды мұрнынан ұру керек
34. Ашуланудан мен түнермеймі
35. Егер мені белгілі дәрежеде сыйламаса, мен ренжімеймін
36. Егер мені біреу ашуландырса, оған көңіл бөлмеймін
37. Мен қызғанышпен қараймын, бірақ оны көрсетпеуге тырысамын
38. Мені мысқылдайды деп ойлаймын
39. Егер мен ашулансам да, «қатты» сөздерді қолданбаймын
40. Менің күнәларым кешірілсе деп ойлаймын
41. Мені ұрған жағдайда да сирек қайтарамын
42. Менің ойымша болмаған жағдайда ренжимін
43. Кейде адамдар өздерінің келуімен қоздырады
44. Мен шынайы жек көретін адам жоқ
45. Менің қағидам: «Таныс емес адамдарға сенбеу»
46. Егер мені біреу ашуландырса, ол туралы барлық ойларымды айтып тастауға дайынмын
47. Мен кейін өкінетіндей заттарды жасаймын
48. Егер мен ашулансам, біреуді ұруға дейін барамын
49. Мен бала кезімнен ызамды көрсетпеймін
50. Мен өзімді порохтық бөшке сияқты атылатындай сезінемін
51. Егер де менің ойымды білетін болса, менімен қатынасқа түсу қиын деп ойлайтын еді
52. Маған жақсылық жасайтын адамдардың қандай ойлары бар екені туралы ойлаймын
53. Егер маған айғайласа, мен де жауап беремін
54. Сәтсіздік мені ренжітеді
55. Мен басқалар сияқты жиі де, сирек те емес төбелесемін
56. Менің қолыма түскен заттармен лақтырған жағдайларды есіме түсіре аламын
57. Кейде мен төбелесті бірінші бастай алатынымды сезінемін
58. Кейде өмір менімен әділетсіз болады деп ойлаймын
59. Бұрын мен көп адамдар шындығын айтады деп ойлайтынмын, бірақ қазір оған сенбеймін
60. Ашулансам ғана ұрсысамын
61. Мен дұрыс жасамаған жағдайда, өзімді кінәлі сезінемін
62. Егер өзімнің құқығымды қорғау үшін дене күші қажет болса, мен оны қолданамын
63. Кейде мен өзімнің ызамды столды ұрумен көрсетемін
64. Маған ұнамайтын адамдарға дөрекі жағдай көрсетемін
65. Маған зияндық келтіре алатын жау жоқ
66. Мен адамды орнына қоя алмаймын
67. Мен дұрыс өмір сүрмейтінім туралы ойлаймын
68. Мені төбелеске жеткізе алатын адамдарды танимын
69. Болмайтын жағдайларға ашуланбаймын
70. Мені ашуландыратын адамдар сирек менің ойыма келеді
71. Мен адамдарды қауіптендіремін, бірақ оны іске асырмаймын
72. Соңғы кезде мен қазмыр (зануда) болып жүрмін
73. Бәсекеде мен дауысымды көтеремін
74. Өзімнің адамдарға деген жағымсыздығымды жасырамын
75. Мен бәсекелескенше, соны қалағаным артық




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет