Дипломдық жұмыс Ғылыми жетекші : Студент


Нәтижелерді бағалау және даму деңгейлері бойынша қорытындылар жасау



бет9/19
Дата23.10.2023
өлшемі287,38 Kb.
#120868
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
Дипломды ж мыс ылыми жетекші Студент

Нәтижелерді бағалау және даму деңгейлері бойынша қорытындылар жасау
Әрбір зерттелінушінің әрбір суреттердегі жауаптары жеке-жеке талданады. Осындай талдаудан кейін қорытындылары келесі категориялардың біреуіне жататын болады:
1. Агрессивтілік реакциялар.
2. Агрессивтіліксіз реакциялар.
Агрессивтілік реакциялар санына суреттердегі адамдардың әрекеттері дөрекі көрінген және ол әрекеттерге дөрекілік түрде жауап берген (агрессивті) зерттелінушілердің нәтижелері жатады. Бұл жағдайда зерттелінушінің жауаптары басқа қоршаған адамдарға балағаттау, мүсіркеу немесе қорқыту түрінде болады.
Агрессивтіліксіз реакцияларға сыналушылардағы оқиғаларды дұрыс қабылдап, болған жағдайларды жеңілдетуге және болған жағдайды өзінің кесірінен болды деп қабылдауға, сонымен қатар әрбір әрекетті эмоциясыз және қалыпты қабылдап, дұрыс жауаптар береді. Бұл жағдайдағы зерттелінушілердің жауаптарында ешқандай қатігездік немесе дөрекілік әрекеттер көрінбеуі тиіс.
Қорыта келе, суреттердің санына қарай агрессивтілік реакциялар және агрессивтіліксіз реакциялар қатынастары саналады. Егер агрессивтілік реакциялары агрессивтіліксіз реакциялардан басым болса (агрессивтілік реакциялар 14- және одан жоғары, ал агрессивтіліксіз реакциялары 10 немесе одан төмен болса), онда зерттелінушінің бойында агрессивтілік мотиві анық байқалған деген қорытынды жасауға болады. Егер, керісінше, агрессивті реакцияларға қарағанда агрессивтіліксіз реакциялары айтарлықтай көп болса (агрессивтіліксіз реакциялар 14 - және одан жоғары, ал агрессивтілік реакциялары 10 немесе одан төмен болса), онда бұл зерттелінуші агрессивті емес деген қорытынды жасауға болады. Ал егер, агрессивтілік реакциялары мен агрессивтіліксіз реакциялары 9 немесе 13 болса, онда бұл зерттелінуші агрессивті немесе агрессивті емес деп қорытынды жасауға болмайды.
3. Ч.Д. Спилбергердің мазасыздық деңгейін анықтау шкаласы.
Аталған тесттің көмегімен нақты сыртқы жағдайларға байланысты қазіргі нақты осы сәттегі мазасыздық деңгейін өзіндік бағалаумен (реактивті алаңдаушылық) және тұлғалық мазасыздық деңгейін анықтап (адамның тұрақты сипаттамасы ретінде), өлшеуге мүмкіндік береді. Бұл әдісті Ч.Д.Спилбергер (АҚШ - та) құрастырып, Ю.Л. Ханин бейімдеген.
Авторлардың пікірі бойынша, мазасыздық бұл «белгілі бір қауіпті жағдайда пайда болатын эмоциялық қалып ретінде жеке тұлғаның мазасыздыққа бейімділігі».
Нақты қауіп-қатер ретінде болатын қорқынышқа қарағанда, мазасыздану – бұл бей-жай қорқыныш. Әдетте адамның мазасыздануы сәтсіздіктер мен келеңсіздіктермен байланысты болады, сондықтан ол үнемі қауіптілікпен шарттастырылады. Сонымен қатар, ол өзіне-өзі және өзінің күш-жігеріне сенбеу, сыртқы факторлар алдында қорқыныш сезімі және тағы сол секілді түрде көрініс табады. Мазасызданудың іс-әрекеттік түрде көрініс табуы қызметтің жалпы түрде ұйымдастырушылықпен, оның бағыттылығымен және өнімділігімен байланысты болады.
Мазасыздықтың дәстүрлі екі аспектілері қарастырылған – уақытша эмоционалды қалып және адамның мазасыздануы, алаңдауға деген бейімділігін туындататын қасиет ретінде. Мазасыздық қасиет ретіндегі және мазасыздық қалып ретіндегі көрсеткіштердің арасында белгілі байланыс бар, бірақ ол бір мәнсіз, себебі эксперименталды түрде анықталған мазасыздыққа бейімді адам психологиялық зерттеу сәтінде мазасыздану қалыпта емес мүлде басқа күйде болуы мүмкін. Әдебиеттерді талдаудың нәтижесі көрсеткендей мазасыздық тұлғалық қасиет ретінде адамның бейімделуін және оның қызметінің табысты болуын детерминанттайды.
Тест авторының пайымдауынша, тұлғалық мазасыздық дегеніміз бұл адамның мазасыздыққа бейімділігін шарттастыратын даралық тұрақты сипаттамалар, біріншіден, көптеген жағдайларды қауіп-қатерлік ретінде қабылдау, екіншіден, мазасыздану қалпының аталған қауіп-қатерлігіне жауапты жағдайдың туындауы. Спилбергер мазасыздық қалпын қауіптілік пен қауырттылықты субъективті сезінумен және вегетативті жүйке жүйесінің белсендірілуімен сипатталатын уақытша эмоциялық қалып. Мазасыздану қалпы күйзелістік жағдайларға деген эмоционалды реакция ретінде түрлі қарқында болуы мүмкін және де уақытқа байланысты өзгергіш әрі динамикалық түрде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет