Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY ______________факультеті _________________________________ кафедрасы Студенттің ТАӘ
Агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері Дипломдық жұмыс Ғылыми жетекші :
___________________
Студент:
___________________
Қорғауға жіберілді:
«___»______________ 2022 ж.
Кафедра меңгерушісі ___________________________
Семей, 2022
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
3
1
Агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерінің теориялық негіздері
Агрессивті мінез-құлыққа бейім жасөспірімдерге қатысты психологиялық жұмыс жолдары мен амалдары
71
ҚОРЫТЫНДЫ
87
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР
91
КІРІСПЕ Еліміздің келер ұрпақтарды тәрбиелеу мен оларға білім берудегі маңызды бағыттардың бірі – балалар мен жасөспірімдерге қатысты психологиялық және педагогикалық жұмыс жүргізу. Сонымен қатар, қазіргі кездегі қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі – балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.
Адам құқығы бала құқығынан басталады. Қазақстан Республикасының конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті...»деп айтылып кеткен [1]. Балаларға қатысты барлық іс-әрекеттерде, мейлі ол әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік, не жекеменшік мекеме болсын, соттар, әкімшілік немесе заңнамалық органдар болсын, баланың асыл мүдделерінің қамтамасыз етілуін басты назарда ұстауы тиіс. Өкінішке қарай, бұл қағидалар барлық елде, барлық жерде бірдей тиісті деңгейінде орындалмайды.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың өзгеруі, қоғамдық-тарихи процестердің өрістеуі, білім сферасындағы өзгерістер жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ерекшеліктерін зерттеуге байланысты жаңа зерттеу бағыттарын жасауды талап етеді. Жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлықтарының өршуі, әлеуметтік жетімдік пен жасөспірімдердің назардан тыс қалуының етек алуы барлық азаматтық институттарға бірнеше міндеттер жүктейді: кәмелетке жетпеген азаматтардың құқықтық әлеуметтенуі мен мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерге бейімделуін жетілдіру мақсатында кешендік және кәсіби шаралар даярлау.
Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлық мәселесі осы жас санатына қандай да бір қатысы бар адамдарда аса қызығушылық тудырады. Адамдардың рухани қызығушылықтары мен талаптарын жетілдіру үшін қоғам қарама-қайшы құбылыстармен белсенді күресуі тиіс. Қоғамда жасөспірімдер арасында кездесетін жағымсыз құбылыстармен күресуге барлық еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар және қоғамның барлық азаматтары ат салысулары қажет. Еліміздің болашағы өсіп келе жатқан жас ұрпақтың қолында, сондықтан да білімді де, тәрбиелі бойында иманы бар жастарды тәрбиелеу қоғамның міндеті.