ҚОРЫТЫНДЫ Ғұмар Қарашев XXғасырдың басындағы тұлғалы қазақ ақыны, әрі қоғам қайраткері , философ, публицист, алғашқы қазан газеттерін ұйымдастырушы, мерзімді баспасөз беттеріне жарияланған көптеген публицистикалық мақалалардың авторы. Оның шығармаларында патшалық отарлау саясаты да, үкіметтің екі жүздігі де, жергілікті үстем таптың надандығы мен топастығы өлтіре сыналды. Оның өлеңдері өмірдің мәні туралы, сол кезең дүниесіндегі өз халқының орны туралы философиялық ой толғамдарға толы.
Солақай сыңаржақ түсінік кезінде шығармаларын оқуға тыйым салып, ақын мұрасы рухани қазыналардан аластатылған еді. Ақын мұрасы жарияның дәуірде халқымен қайта табысып, өз бағасын алып отыр. Қайраткер ақынның зерделі ой, биік парасатын танытар толғамдары – барша адамзат баласының татулығы мен ынтымаққа толы бейбіт өмірін таныту. Ақын мұрасының құндылығы Абайдан кейінгі дәуірде ерекше көрінді. Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырып өзіндік стильмен өрнек жасаған Ғұмар Қараш өз кезеңінде талай белестерден көрінді. Өз дәуірінің көкейкесті мәселелері турасында ой қозғап, пікір білдірген ақын шығармалары әлі де жан-жақты талдауды қажет етеді.
Құлаш ұрмай мұхитқа
Асыл жауһар табылмас-деп өзі айтқандай, өлеңдеріндегі асыл жауһар сөздерді теріп, аршу үшін ақынның терең ойына сүңгу қажет.
Қоғамда болып жатқан жақсылы – жаманды құбылыстарға үн қосып, өз ойын бүкпесіз ашық айтатын иман жүзді ақынның дін туралы ой -танымының өзі күрделі талдауды қажет етеді. Сондай –ақ, Ғұмар Қарашевтың заң ғылымы саласында да көл–көсір идеялары мен ой–тұжырымдары зерттеуші ғалымдардың назарына алынып отыр. Бір өкініштісі Ғұмардың әр сала бойынша айтқан ой – толғамдары бізге толықтай жеткен жоқ. Осы қолда бар мәліметті қанағат тұтып ақын шығармасының ішкі мазмұнына үңіле түссек әлі талай жаңалыққа тап боламыз.
Ғұмар Қарашев өз заманының айнасы. Біз тек сол айнаға жақсылап қарап, ақын бейнесін тануымыз керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Виннер Томс. Ғұмар Қараш ( Англияда 1958 жылы жарық көрген «Орта Азия әдебиеті» атты жинақтан ақын туралы ағылшын ғылымының зерттеу мақаласы)// Егемен Қазақстан. 1992, 23 мамыр
2 Смайылов Е. Омар Қарашев. (1876-1921 жылы өмір сүрген көрнекті ақын) //Алматы ақшамы. 1990, 30 қаңтар.
3 Мұқанов С. XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті (ұлтшылдық – байшылдық дәуір) -Алматы, 1932.
4 Тәжімұратов М. Біз білмейтін Ғұмар Қараш ( Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында ) //Орал өңірі. 1991, 9 сәуір.
5 Кенжалиев И. Ғұмар Қарашұлы туралы жаңа деректер (Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында) //Жұлдыз, 1995, №1.
6 Тәжімұратов М. Құмар Қараш.- Алматы,2004 .
7 Қараш Ғ. Замана. Алматы, Ғылым 1994.
8 Сыдиықов Қ. Абайдан кейінгі ірі классик ақын //Орал өңірі. 1993. 15 маусым.
9 Өзбекұлы С. Арыстары алаштың. Жеті жарғы 1998.
10 Ысмағұлова С. Қиын да сұлу тағдыр. /// Жалын 1989 №3
11 Өзбекұлы С. , Ысмайылов А. Ғұмар Қарашев. –Алматы 200 ж.
12 Қараш Ғ. Дұрыстың жолы (XX ғасырдың көрнекті өкілінің бірі Ғ. Қарашевтың өмірі мен оның мақалаларынан үзінді.-Екеуі екі басқа) //Жұлдыз.-1989.-№2
13 Сыдиықов З. Тайталас тағдыр кешкен // Социолистік Қазақстан. 1989.-15 желтоқсан
14 Нәсекенұлы И. Арысымызды ардақтай білген абырой болар. // Орал өңірі. -1992. -28 шілде
15 Несколько слов о Киргизской литературе и .... // Киргизская правда, 1919,№20
16 Кенжалиев Ғұмар Қарашты кім өлтірді? // Жұлдыз. 1992,№5
17 Өзбекұлы С., Исмайлов А. Құмар Қараштың қоғамдық – саяси және құқықтық көзқарастары. –Алматы, 2005
18 Сыдиықов Қ. Ағартушы, философ, ақын. (Ақынның өмірі мен өлендері) //Орал өңірі, 1991, 5 желтоқсан.
19 Бес ғасыр жырлайды. I том. Алматы: Жазушы, 1989.
20 Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. Алматы: Жазушы, 1966
21 Әбдиманұлы Ө. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. Алматы: Қазақ Университеті, 2002.
22 Дербісәлин Ә. Қазақтың октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1996
23 Жұмағұл С. Ғасырына өң берген Құмар Қараш // Орталық Қазақстан. -1996. -27 тамыз
24 Қазақ поэзиясының антологиясы. -Алматы: Ғылым,1993.
25 Әлімбай М. Елін сүйсе елжіреп. // Алматы ақшамы, 1998, 14 қаңтар
26 Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ Университеті, 1992.
27 Шақанов Б. Құмар Қараш-ғұлама дарын. // Орал өңірі, 1996-14 желтоқсан
28 Құнанбаев А. Шығармалар екі томдық. - Алматы: Жазушы, 1968.