Сурет-5 Алынған қырындыны микроскоп арқылы қарау.
|
Диагностикалау нәтижесіне байланысты емдеу жұмысын жүргізу мақсатында 15 ауруға шалдыққан қойларды алып олардан 3 топ құрастырдық,әрбір топта 5 бастан болды
1-ші топ (бақылау)- шаруашылықта қолданылтын әдіспен,ол Ям майын
2-ші топ (тәжірбие) Ям майы+Аммоний персулфат
3-ші топ тәжирибие Ям майы+АСД-3 фракциясы
2.3 Шаруашылыққа қысқаша сипаттама
Ұлытау ауданында өндірістік машықтану практикасын өткен уақытта ауыл малдары арасында аурулардың ішіндегі қой бұзаутазы ТОО “Жарасбаевтың”шаруашылығында кездесті.Бұл ауру малдың жазғы жайылымнан,қораға кірген уақытта қаңтар айларында көп тіркеледі.Мысалы, ауылдың ең ірі шаруашылығы ТОО “Жарасбаевтың” жылына 360 бас ҰҚМ- дың ішінен 86 шақты басы бұзаутасқа шалдығады.Сонда жылына шалдығу деңгейі 12-15% .
Зерттеу материалдары ретінде ауруға шалдыққан қойлардың терісінің зақымдалған жерінің қырындысы, қабыршақтары, жүн (дұрысы зақымдалған және сау жерлердің аралығындағысы) пайдаланылды.Қойлардың трихофития ауруын анықтау үшін індеттанулық клиникалық әдістері қолданылды.
Трихофития созылмалы жұқпалы ауру малдың терісі мен жүніне зақып келтіреді.Бұл ауру малдың барлық түрінде және адамда да,бірақ көбінесе ауыл шаруашылық малдарының қойда жиі кездеседі.Оны трихофитон және микроспорон тұқымдас өте қарапайым саңырауқұлақтар тудырады.Мал ауырған кезде алдымен оның терісінде ақ-сұр жарғақпен қапталған кішкене дөңгелек дақтар пайда болады.Содан соң әлгі дақтар үлкейіп, үстінде сұр түсті қабық пайда болады. Олар бірімен–бірі қосылып, шеті кетіліп-мүжілген формасы әр түрлі көлемі едәуір үлкен алаңқайлар құрайды. Бара-бара жекелеген дақтардың өсуі тоқталып, эақымдалған терінің кейбір жеріне қылшық шыға бастайды.Ауру көзі болып санитарлық жағдайлардың сақталмауы болып табылады, және ауырған малды карантиндік шаралардың болмауы.
Осы аурудың пайда болуына себеп жұмысшылардың жануарлармен жұмыс жасау кезінде техникалық ережелерді сақталмауының кесірінен адамға жұғу фактісі болған.Кейбір ошақтар тұяқ арасына,шап бөлігене таралған,профилактикалық қойларды тексеріс болмағанның арқасында ауру ушығып отырған.Егер осы жараларды дер кезінде емдеп,алдын алмаса сол шаруашылықта барлық малға жұғып шаруашылықтың экономикалық дағдарысқа,шығынға әкеп соғады.Осы аурудың емі ретінде алдынғы жылдары механикалық жолмен тазартып, креолин препаратын қолданған.
Достарыңызбен бөлісу: |