Дипломдық ЖҰмыс мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары Алматы 2010 мазмұны кіріспе


Тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары



бет7/17
Дата26.02.2022
өлшемі232,5 Kb.
#26473
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
-dip -mektep-zhasyna-deyingi-balalardyn-qabyletin-damytu-zholdary

1. 3 Тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Әлеуетті қабілеттіктер – бұл индивидтің дамуындағы оның алдында шешім қабылдауды талап ететін жаңа мәселелер, жаңа міндеттер туындаған кезде әркез өзін тануға мүмкіндік беретін ерекше мүмкіндіктер ретінде анықтауға болатын қабілеттіліктер. Бұлар индивидті оның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктеріне орай әлеуетті мүмкіндіктері арқылы сипаттайды. Бірақ тұлғаның дамуы оның психологиялық ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен қатар оның осы әлеуеттері іске асуы немесе іске аспауы мүмкін әлеуметтік жағдайларға да тәуелді болғандықтан, бұл жерде өзекті қабілеттіліктер, яғни іс-әрекеттің нақты түрінің талаптарына байланысты белгілі бір нақты жағдайларда іске асатын және дамитын қабілеттіліктер мәселесі туындайды.

С.Қ. Бердібаева қабілет құрылымындағы интеллект мәселесін түсінуде біріншіден, жалпы ақыл-ой қабілеттері мен интеллектінің өзара байланысы, екіншіден, жалпы ойлау қабілеттерінің интеллектуалды белсенділікпен арақатынасы, үшіншіден біріккен іс-әрекет құрылымындағы қабілеттің қалыптасу мәселелері арқылы зерттеу мәселесін қарастырды.

Вербалды емес мінез-құлықты баламалы түсінуге деген қабілеттілік бірқатар өзара байланысты қабілеттіліктерден тұратын күрделі құрылымды білдіреді: бірінші құрылымша жеке вербалды емес мінез-құлықты, оның ым-ишара, қалып сияқты элементтерін баламалы түсінуді қамтамасыз етсе, екіншісі өзінің түрлік, мазмұндық, қызмет өлшемдері бойынша интерактивті-регулятивті болып табылады; үшінші құрылымша вербалды емес мінез-құлықтың түрлі элементтерін біртұтас байланыстыру, оларды тілге қатыстыру талап етілетін әлеуметтік-перцептивті міндеттерді шешудің жетістігін анықтайды.

Адамның іс-әрекетінің түрлері, әсер етуінің формалары мен тәсілдері сан алуан. Ол – жеке адамның қызметі. Адамның қабілеті тек іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады. Сондықтан қабілетті іс-әрекеттің бейнесі ретінде де түсіндіруге болады.

Қабілеттілік – адамның белгілі бір істі орындай алу мүмкіндігін көрсететін жеке басының дара қасиеті. Оның ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім, ебдейлік, дағдының белгілі бір жүйесі болуы тиіс. Мысалы: адам өзінің конструкторлық қабілетін дамыту үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәжірибеде пайдалану ебдейлігі мен құрастыру дағдысының болуы шарт. Демек, кез келген адамның білімі тереңдеп, икемдік-ебдейлігі мен дағдысы қалыптасқан болса, оның қабілеттілігінің де ойдағыдай жақсы дамитындығы сөзсіз.

Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т.б.) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.

Коммуникативті қабілеттер – тұлғаның қарым-қатынас барысында байқалатын индивидуалды - психологиялық ерекшеліктері. Коммуникативті қабілеттер көптеген жағдайда әлеуметті негіздемеленген. Коммуникативті қабілеттерді зерттеген ғалымдар баршылық, олар: А.А. Бодалев, А.А. Леонтьев, В.В. Рыжов, Л. Тайер және т.б. Осы зерттеулерді қорытындылай келе, қабілеттерді стратегиялық және тактикалық деп бөлуге болады.

Стратегиялық қабілеттер тұлғаның коммуникативті жағдайларды түсінуге, дұрыс бағдарлануы және осыған сәйкес белгілі бір мінез-құлық стратегияларын қалыптастыру мүмкіндігін көрсетеді.

Ал тактикалық қабілеттер тұлғаның коммуникацияға қатысуын қамтамасыз етеді. Оларды екі топқа бөлуге болады:

Бірінші топқа тұлғаның қарым-қатынаста коммуникативтік қабілеттерін қолдану дағдылары енеді. Яғни, интеллект ерекшеліктерін (ес, зейін, қабылдау, ойлау, интуиция), тілдің дамуы, мінез-құлық, эмоциялық сфералар, темперамент ерекшеліктерін және т.б. жатқызуға болады.

Екінші топқа контакт және қарым-қатынас техникаларын игеру енеді. Бұл жерде тұлға қасиетінің жалпы кешенін енгіземіз:

- қарым-қатынаста өзінің мінез-құлықтарын басқару қабілеттері;

- басқа адамның тұлғалық ерекшеліктерін түсінуге байланысты, перцептивті қабілеттер кешенін;

- контакт құру және қолдау, оның тереңдігін өзгерту, қарым-қатынасқа ену және шыға білу, қарым-қатынас барысында қарқындылықты басқа адамға бере білу ;

- психологиялық қатынаста өзінің ойын оңтайлы құру қабілеттері. Осындай толықтырулар арқылы перцептивті-рефлексивті қабілеттердің толық жүйесін құра аламыз [92, 53-54 бб.].

Қабілет феноменін зерттеу қызығушылығы сонау ежелгі ғасырларда жатыр. Халық даналығындағы – мақал-мәтелдер жинағы, ұлы адамдардың ойлары бар әдебиеттеріне сүйенсек, таланттылық, данышпандылық деген ұғымдарға түрлі кезеңдерде де көңіл бөлген. Философтар, жазушылар, суретшілер, музыканттар, психологтар, педагогтар, дәрігерлер және тағы басқалар өз жұмысының ақиқатын іздеуге жұмсады, өйткені қабілеттерге көңіл аудару – қоғамдық және ғылыми таным обьектісі болып табылады.

Дарындылық мәселесін терең философиялық-психологиялық ұғынудың ең алғаш талпынысын испандық дәрігер Ч. Уартенің зерттеулері болды. Оның зерттеулері ең алғашқы бола отырып, антропологиялық ғылым бағытында “дифференциалды психология”ретінде қарастыра, осы мәселені Ч. Уарте төмендегідей негізгі сұрақтарды қойды:

- адамның бір ғылымға қабілетті және басқасына қабілетсіздігін табиғат қандай қасиеттерге ие;

- адамдарда қандай дарындылық түрлері бар;

- әр дарынға қандай ғылым мен өнер сәйкес келеді;

- дарындыны қандай белгілер арқылы білуге болады деген.

Дарындылық ұғымына жүргізілген зерттеулер тарихында дарындылықты дамытудың төрт негізгі (өзара бірін-бірі толықтырушы) тұжырымдамасы қалыптасты:

- когнитивті (ұғымдық) процестер (сенсорлық-перцептивті, назар аудару, ес, ойлау және елестету) жүйесінің жоғары деңгейі ретінде. Кейде оларға мотивация мен ерік қосылды (Г. Мюнстерберг, Г. Россолимо, В. Меде, Г. Пиорковский); когнитивті (ұғымдық) мүмкіндіктер когнитивті (ұғымдық) тестілер жүйесімен өлшенеді;

- интеллектінің немесе ақыл-ой қабілеттіліктерінің жоғары деңгейі ретінде; бұл ақыл-ой қабілеттіліктері интеллект тестілерінің (А. Бине мен У. Штерннің жас ерекшелігі тестілерінен бастап кейін Г. Айзенктің, Д. Векслердің, Дж. Гилфордтың және т.б. көптеген тестілердің) көмегімен өлшенеді;

- дифференциалды айырмашылықтар сипаттамасы ретінде; олар жалпы және арнайы қабілеттіліктерден көрініс табады. Бұл тұжырымдаманы Б.М. Теплов қалыптастырған, тұжырымдама біздің елімізде барынша кең тарады (қар.: Б.М. Теплов, Н.С. Лейтес, В.Д. Небылицын, Э.А. Голубева, В.А. Крутецкий, В.Д. Шадриков және т.б.);

- шығармашылық әлеуеттің жоғары деңгейі ретінде; ол жоғары зерттеушілік белсенділіктен, жеңіл және шығармашылық оқу мүмкіндіктерінен, ғылым, өнер, техника, әлеуметтік өмір салаларындағы жаңа шығармашылық «өнімдерді» жасау мүмкіндіктерінен көрініс табады.

Белгілі ғалым Б.М. Теплов қабілеттің әр адамға тән ерекшеліктері адамның қоғам үшін құндылығының негізі болады. Ешнәрсеге ебі, ыңғайы жоқ қабілетсіз адам болмайды. Әр адамның өзіне тән қызметтің бір түрін жақсы орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін белгілі бір дарындылығы болады. Қызығуының кеңдігі мен қабілеттілігін жан-жақты дамытуға әрекет жасау – бұл дарынның ерте және айқын көрінуінің ең басты шарттары болып табылады.

Н.С. Лейтес, ақыл-ой дарындылық теориясын негізге ала келіп дарынды баланың үш түрін атады: біріншіден, бірдей жағдайдағы ақыл-ой дамуы жоғары деңгейдегі балалар: (мектепке дейінгі және бастауыш сыныпта оқитын балаларда жиі кездеседі); екіншіден ақыл-ой дарындылығының арнайы белгілері бар балалар (математика, әдебиет, музыка және т.б.) (жас жеткіншек шақта); үшіншіден жарқын танымдық белсенділігі басым, психикасының бірегейлігі, ақыл-ойының жоғарлығы, потенциалды және «жабық» дарындылық (жоғары сыныпта оқитын тұлғаларда жиі кездеседі).

Ал біздің Қазақстан республикасында ертеректе арнайы дарындылық мәселелерімен айналыспаса да, әл-Фараби, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және т.б. көрнекті қайраткерлердің еңбектерінде дарындылық және жеке қабілеттер жайлы ой қозғаған. Мысал ретінде Әбу Насыр әл – Фараби өзінің трактатында оқумен тәрбие мәселелерін қарастыра келе, адам қабілеттеріне көңіл аудара отырып, жақсы оқу мақсатында әр түрлі тәсілдерді қолдану керектігі жайлы айтып кеткен.

Абай Құнанбаев болса «адамның бір қасиеті туа пайда болса, қалғандары еңбектің нәтижесінде пайда болады» деген.

А.М. Матюшкиннің «Шығармашылық дарындылық» тұжырымдамасы ойлау мен шығармашылықты көп жылдық зерттеудің теориялық қорытындысы болып табылады. Оның негізгі мағынасы дарындылық ұғымын адамның шығармашылық дамуы тұрғысынан қарастыруда. «Дарындылық табиғатын түсіну үшін шығармашылықты қорытынды ретінде ғана емес, адамның психикалық дамуының орталық өрісі ретінде де түсіну керек».

Дарындылық мәселесін зерттеушілердің осы мәселе төңірегіндегі еңбектері көп болғандықтан, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қойған жоқ.

«Дарындылық» ұғымы «сый» деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы ішкі алғышарттарын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда мынандай анықтама береді: «Дарындылық – белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі». «Дарындылық ұғымы» «қабілеттілік» ұғымына өте жақын. Н.С. Лейтес «Дарынды балалар мен ересек балалардың психологиясы » атты еңбегінде дарындылыққа төмендегідей анықтама береді: «Дарындылық – баланың өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарлығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы».

Қабілеттілік пен дарындылық – Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын толғандырған мәселесі. Араб сөзбостандығының негізін қалаушы (әл-Хорезми, Фердауси, әл-Фараби, Ибн-Сина, Беруни және т.б.) философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектерін арнаған.

Дарындылық негізінен өзарабайланысқан үш параметрларымен анықталады, олар: алдын-ала таным дамуы; психологиялық даму және физикалық мәліметтер.

Дарынды бала – бұл қандай да бір іс-әрекет түрінде айқын, көрнекті, кейде әйгілі жетістіктерімен ерекшеленетін (немесе осындай жетістіктерге деген ішкі алғышарттарға ие) бала».

Л.М. Нарықбаева “Дарындылықтың байқалуы” өлшемін бөліп көрсету туралы ой “Дарындылықтың қолданыстағы тұжырымдамаларында” айқын белгіленіп, мынадай критерийлер негізінде дарындылықтың түрлері жіктеледі:

1. Дарындылықтың қалыптасу деңгейі бойынша (өзекті және әлеуетті):

- Өзекті дарындылық – психикалық дамудың әлдеқашан қол жеткізілген, жас ерекшелігі нормасымен және әлеуметтік нормамен салыстырғанда, нақты пән саласындағы іс-әрекетті орындаудың барынша жоғары деңгейінде танылатын көрсеткіштеріне ие балалар. Өзекті дарынды балалардың ерекше санатын дарынды балалар құрайды.

- Әлеуетті дарындылық – қандай да бір іс-әрекет түрінде жоғары нәтижелерге жету үшін әлеуетті мүмкіндіктері бар, бірақ өз мүмкіндіктерін бірқатар қолайсыз себептерге орай (отбасылық қиын жағдайлар, жеткіліксіз мотивация, өзін-өзі реттеу деңгейінің төмендегі, қажетті білім беру ортасының жоқтығы) дәл қазір іске асыра алмаған балалар.

2. Танылу түрі бойынша (айқын және жасырын):

- Айқын дарындылық – қандай да бір іс-әрекет түрінде (соның ішінде қолайсыз жағдайларда да) жеткілікті түрде айқын да анық (“өздігінен”) көрініс табатын жетістіктерге ие балалар.

- Жасырын дарындылық – мейлінше аз көрініс табатын бүркемеленген іс-әрекеттен танылатын балалар (“болашақсыз балалар”). Мұның себебі ерекше психологиялық кедергілердің болуы болып табылады.

3. Түрлі іс-әрекет түрлерінде танылу кеңдігі бойынша (жалпы және арнайы дарындылық):

- Жалпы дарындылық – түрлі іс-әрекет түрлеріне қатысты танылатын балалар, олардың психологиялық өзегі тұлғаның эмоционалдық, мотивациялық және ерік сапаларымен үйлескен ақыл-ой қабілеттері (немесе жалпы танымдық қабілеттері) болып табылады.

- Арнайы дарындылық – іс-әрекеттің нақты бір түрінде (музыка, сурет, спорт және т.с.с.).

4. Жас ерекшелігі дамуының өзгешеліктері бойынша (ерте және кеш танылатын дарындылық):

- Ерте танылатын дарындылық – мүмкіндіктері психикалық дамудың барынша жоғары ілгерілемелі қарқынынан танылатын балалар: 2-3 жасында есте сақтау жүйріктігі, сирек байқампаздығы, айрықша зеректігі арқасында оқиды, жазады, санай біледі. Мұндай балалар арасында “вундеркиндтер” ерекше орынға ие. Өнердегі дарындылығы барынша ерте танылады. Әсіресе, музыкада, математикада, біршама кейін бейнелеу өнері, әдебиет және т.с.с. салаларда танылады.

- Кеш танылатын дарындылық – белгілі бір уақытқа дейін әлеуетті байқаусыз күйде болатын, бірақ соңынан әйгілі, үлкен нәтижелерге жететін балалар.

Сонымен қатар, дарындылықтың негізгі белгілерін атап кеткен жөн. Олар: 1) ой-өрістің жоғарлығы;



  1. творчестволық және тиімді ойлау, өз ойын айту, пікір айту;

  2. қатынас және белсенділік;

  3. қозғалғыштық.

Қазіргі жағдайда аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру дәлелдеуді қажет етпейді. Қоғамымыздың, мемлекетіміздің қабілетті балаларға деген қамқорлығы бір жағынан дарынды балалардың басқа өз құрдастарына қарағанда еліміздің ғылыми-техникалық, ақпараттық, мәдени дамуына көп үлес қосуға қабілеттілігін көрсетеді.

Диалогтік қарым-қатынас құрылымы коммуникативті іс-әрекет құрылымына сәйкес келеді және көлденең және тігінен алғандағы субъект-субъектілік қатынастардың функционалдық, рөлдік, дәрежелік ұстанымдарында жүзеге асады.

Тұлғаның барлық қабілеттіліктері оның өз ортасымен әрекет етуі барысында, белгілі бір істермен шұғылдануда, ең кең мағынасында алынған оқу және тәрбие ықпалымен дамиды. Сонымен қатар қабілеттіліктердің дамуы өз негізінде жас ұлғая келе мидың пісіп-жетілуіне ие болады.

Қабілеттіліктер – бұл тұлғаның қандай да бір іс-әрекетті сәтті жүзеге асырудың шарттары болып табылатын және оған қажетті білімдерді, икемділіктер мен дағдыларды меңгеру процесінен айырмашылықтар табатын индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктері. Қабілеттіліктерді барлық басқа психикалық құбылыстардан ерекшелейтін үш негізгі белгі бөліп көрсетіледі:

- қабілеттіліктер – бұл бір адамды екіншісінен ерекшелейтін индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктер;

- бұл – тек бір іс-әрекетті немесе бірнеше іс-әрекетті орындаудың сәттілігіне қатысы бар ерекшеліктер;

- қабілеттіліктер адамның бойында әлдеқашан қалыптасқан білімдерге, икемділіктер мен дағдыларға ие болудың жеңілдігі мен жылдамдығына негіз болса да, оларға телінбейді.

Қабілеттіліктер екі негізгі тұрғыдан – сапалық және сандық тұрғыдан сипатталады. Сапалық ерекшеліктері қырынан қарастырылып отырған қабілетіліктер адамның іс-әрекеттің сәттілігін қамтамасыз ететін психологиялық қасиеттерінің күрделі кешені ретінде, олардың өзіндік ерекшелікке ие симптомдық кешені, құрылым ретінде танылады. Қабілеттіліктердің сандық сипаттамасы олардың көрінуінің, дамуының өлшемдерін – қабілеттіліктер деңгейін анықтауды білдіреді.

Қабілеттілік тек даму арқылы өмір сүретіндігін қабылдай отырып, дамудың қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық іс-әрекет процесінен тыс жүзеге аспайтындығын назардан тыс қалдырмауымыз керек. Осыдан қабілеттіліктің сәйкес нақты іс-әрекеттен тыс туындауы мүмкін еместігі келіп шығады. Психологиялық талдау барысында ғана біз оларды бірінен-бірін ажыратамыз. Қабілеттілік сәйкес іс-әрекет басталғанға дейін өмір сүреді және тек сол іс-әрекет барысында ғана қолданылады деп түсінуге болмайды. Абсолютті дыбыс есту қабілеті қабілет ретінде баланың бойында ол дыбыс жоғарылығын тану міндетін тұңғыш рет жолықтырғанға дейін өмір сүрмейді. Бұған дейін анатомиялық-физиологиялық факт ретінде тек бастамасы ғана болған

Қабілеттіліктер құрамында олардың екі негізгі категориясын – жалпы және арнайы қабілеттіліктерді бөліп көрсету қабылданған. Алғашқылары іс-әрекеттің бір (немесе тіпті бірнеше) емес, көптеген түрін орындаудың сәттілігін анықтайды; оларға, мысалы, интеллект жатады. Екіншілері іс-әрекеттік-еркешелікті болып табылады және іс-әрекеттің қандай да бір нақты түрін орындаудың тиімділігін анықтайды. Қабілеттіліктер іс-әрекетте бастамалар негізінде қалыптасып, дамиды. Бұл – жүйке жүйесінің және тұтастай ағзаның қабілеттіліктердің дамуы үшін табиғи – биологиялық негізделген, туа біткен алғышарттары ретінде танылатын морфологиялық және функционалдық ерекшеліктері

Қабілетті тұлғалар – бұл, әрине құндылық. Осыған байланысты теория мен практикада қабілет феноменін, қабілетті тұлғалардың мәселелерін зерттеу қызығушылығы тез артып отыр.

Қабілетті тұлғалар көбінесе шапшаң, тез ойлайтын, көп көлемде білім меңгеретін, оны ұзақ уақыт ұмытпайтын болып келеді. Олардың түсінігі өте жоғары, сезімтал, ойға алған нәрсесін, алдына қойған мақсатын қалайда орындауға тырысатын, адамгершілік сезімі ерте дамып, моральдық қасиеттерге өте бай, қиял-күші басым болады.

Қабілетті тұлғаның даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның аралық ерекшеліктерін танып дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі әлеуметтік және моральдік психологиялық жағдайларда қолдау көрсету көкейкесті мәселеге айналып отыр.

Қабілеттілік дегеніміздің өзі табиғаты жөнінен динамикалық ұғым екендігін атап өту керек. Қабілеттілік тек қозғалыста, тек даму арқылы өмір сүреді. Психологиялық тұрғыдан алғанда, өзінің дамуын аяқтаған қабілеттілік туралы айтуға болмайтын сияқты, қабілеттіктің өз дамуының басына дейін қалай өмір сүретіндігі туралы айтуға болмайды.

Қабілетті анықтаудың негізі іс-әрекет болып саналады, ал қабілеттің критерийі болып оның іс-әрекетінің орындалу сапасы мен орындалу жетістігімен, тиімділігімен басқаларынан ерекшеленеді. Қабілеттің басқа да қосымша белгілерімен анықталуы іс-әрекеттің нақты бір түрімен байланысында

А.М.Матюшкиннің тұжырымдамасына сәйкес, шығармашылық жол – басты жағдай ретінде ішкі мотивацияны болжайды, ол мәселелерді анықтаудағы шығармашылық мүмкіндіктерді көрсету үшін, өзгеше шешімнің ізденісіне және процестің өзін-өзі реттеуіне, образдық оймен елестету үшін қажет. Шығармашылық дарындылық құрылымы компоненттер қатарына келесіні енгізеді:

- танымдық мотивацияның басым ролі;

- зерттеулік шығармашылық белсенділік, ол мәселені қою мен шешудегі жаңаны анықтауда көрінеді;

- өзгеше шешімге жету мүмкіндіктері;

- үлгілі эталондарды жасауға қабілеттілік.

Адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне оны тәрбиелеуші орта - балабақша, мектеп, отбасы зер салуын керек етеді. Қабілеттің дамуы көптеген әлеуметтік жағдайларға тәуелді. Олардың қатарына білім беру жүйесінің ерекшелігін, қоғамның қандай да бір әрекетке қажеттілігін, тәрбиелеудің өзгешелігін тб. жатқызуға болады.

И.П.Павловтың жүйке жүйесінің тиртері туралы ілімі қабілеттердің физиологиялық негізін түсінуде де үлкен орын алады. Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, істің нәтижесінен анық байқалады [24].

Қабілеттің табиғи алғышарттары белгілі бір талдағыштардың сыртқы әсерді сезінгіштігінен тұрады. В.Д.Небылициннің айтуынша, жоғары сезімталдыққа ие жүйке жүйесі – суреткерлік қабілеттің дамуына жағдай жасайды. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Сонымен қабілет – адамның дара психологиялық ерекшелігі. Тек дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады [28].

Адамның психологиялық бейнесін немесе тұлғаның психологиялық құрылымын, өзіне тән жеке ерекшеліктерін зерттеп білуде өзіне маңызды басты үш мәселені құрайды:

1) Адам өмірден нені қалайды, оған не нәрсе тартымды, қызықты,

ол нәрсеге талпынады?

2) Оның қолынан не істеу келеді?

3) Мұның өзі кім, ол қандай адам?

Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын өзіндік бағаның екі түрлі ерекшелігі бар. Оның бірі - әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл – адамдардың типтік мақсаттары мен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі – сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологиялық айрықша маңызды биология мен әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор – адамға туа беріліп,

Табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор – адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім - тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады.

Кез келген қабілетті дамытудағы бірінші кезең ол үшін қажетті органикалық құрылымының жетілуімен немесе олардың негізінде қажетті функционалдық мүшелердің қалыптасуымен байланысты.Әдетте ,бұл туғаннан бастап, алты жас аралығында өтеді. Барлық анализаторлар жұмысының жетілдірілуі, ми қабығының жекелеген бөліктерінің функционалдық дифференциацясы және дамуы осы кезеңде өтеді. Бұл балада арнайы қабілеттердің келешекте дамуы үшін алғышарты ретінде көрінетіндердің белгілі деңгейін , жалпы қабілеттілікті қалыптастыру мен дамытуды бастау үшін қолайлы жағдайлар туғызады.

Осы сәтте арнайы қабілеттің қалыптасуы және дамуы бастау алады. Арнайы қабілетті дамыту мектепте, әсіресе, бастауыш және орта сыныпта жалғасады. Арнайы қабілеттің дамуына алғашында әр түрлі балалардың ойыны көмектеседі, сосын барып оқу мен тәрбие әрекеті мәнді әсер ете бастайды.

Біздің көріп білгеніміздей, балалардың ойыны ерекше қызмет атқарады. Қабілеттің дамуына бастапқы түрткі болатын – ойын әрекеті. Ойын барысында көптеген қозғалыстық, құрылғыштық, ұйымдастырушылық, көркем - суретшілік және басқа да шығармашылық қабілеттердің дамуы болады. Сонымен қоса ойынның маңызды ерекшелігі онда бір ғана емес, қатарынан қабілет жиынтығы дамуы болады.

Бала шұғылданатын барлық әрекеттің түрлерін ойын, жапсыру және сызу болсын қабілетті дамыту үшін бірдей мәнге ие екенін атап өту қажет . Қабілетті жақсы дамытатын, балаларды ойландыратын - шығармашылық әрекет. Мұндай әркет әрқашан өзіне жаңа мүмкіндіктер ашқанымен , өзі үшін жаңа білім ашқанымен, кез келген жаңаны құрумен байланысты . Бұл пайда болған қиыншылықтарды жеңуге бағытталған қажетті күштерге қосымша онымен шұғылдануға күшті және мәнді ынта болып табылады. Сонымен қоса шығармашылық әрекет өзіне қол жеткізген жетістіктерінен қанағаттылықты сезінуін және өзіне сенімділікті туғызып, талаптылық деңгейін көтеріп, өзін-өзі бағалауын бекіндіреді.

Егер орындап жатқан әрекеті оңтайлы қиындықта тұрса, яғни баланың шамасынан тыс болса, онда ол Л.С.Выготский жақын даму аймағы деп атаған дамуды іске қоса отырып, өзінің қабілетін дамытады. Бұл аймақта орналаспаған әрекет қабілеттілікің соншалықты төмен деңгейде дамуына тірейді. Егер ол өте қарапайым болса, онда ол барлық қабілетті жүзеге асырады; егер де ол төтенше күрделі болса, онда орындалмайды, ал мұның салдары жаңа іскерлік пен дағдының қалыптасуын жасамайды. Қабілетті дамыту елеулі көлемде бейімділіктерді іске асыруға мүмкіндік беретін шарттарға тәуелді екенін білесіздер. Сондай шарттардың бірі, жанұялық тәрбиенің ерекшелігі. Егер ата-аналар балаларының өздерінің кішкентай кезінде өздігінен анықталынған кез келген қабілетінің жоғары дамуына мүмкіндік болады [4].

Қабілетті дамыту шарттарының басқа топтарын, көбінесе макроорта анықтайды. Макроорта деп адамның туып-өскен қоғамының ерекшелігін есептейді. Макроортаның неғұрлым позитивті факторы қоғамның өз мүшелерінің қабілетін дамытуына қамқорлық жасаған жағдайлары болып табылады. Қоғамның бұл қамқорлығы білім беру жүйесінің тұрақты жетілдірілуіне, сонымен қатар өскелең ұрпақтың кәсіби бағдарын дамыту жүйесінің дамуында көрініп отыр.

Жеке тұлғаның шығармашылық ой өрісінің дамуына жағдай жасау, белсенді көркемдік іс-әрекеттерге деген құштарлық пен ықыластылықты қалыптастыру, егеменді еліміздің болашағын: мәдениеттік, өнерін, әлеуметтік жағдайын гүлдендірудің алғы шарттарының бірден-бір өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.

Шығармашылық ой-өрісті, дамыту, сол арқылы қоршаған ортаға әсемдік пен сұлулық енгізуге деген құштарлық негізінен көркемдік білім беру жүйесі арқылы қалыптасатыны белгілі. Көркемдік білім беру – түрлері өнерге баулу, олардың қыры мен сырын игеру, өнер түрлерінің адам, қоғам өміріндегі атқаратын қызыметін толық мәнде танып білудің барысын қамтиды. Соған байланысты, көркемдік білім берудің жан-жақты формалары, түрлері, әдіс-тәсілдері жас ұрпақты шығармашылыққа баулудың негізгі дамыту құралы болуы тиіс.

Тарихи-мәдени қатынас қабілетті тұлғаның туындаған мәселені анықтауға жол ашты. Ол қабілеттілікке деген көзқарастың қиындауына алып барады.

Бірақта көптеген концепциялар теорияларына қарамастан «қабілет» түсінігі бірмағыналы жағдайда көрінбейді, ғалымдар әлі де осы феномен жайында бірдей ойға келген жоқ. Қабілеттіліктің дамуы мен көрінісі кейбір жалпы заңдылықтарға сәйкес болуымен қатар, қабілетті тұлғалармен қарым-қатынаста білу керек:

а) дарындылық нышандардың туа берілген негізінде дамиды (генетикалық, анатомия – физиологиялық ерекшеліктер) және индивидуалды өзіндік қабілеттерінің құрылуынан көрінеді, адам іс-әрекетінің сол немесе әлеуметтік маңызы бар салада ерекше жетістіктерге жеткізу мүмкіндіктеріне байланысты;

б) жоғары интеллектпен қатар, тұлғаның өзінкөрсету және өзінжүзеге асыруын қамтамасыз ететін шығармашылық - қабілеттіліктің маңызды факторы болады;

в) қабілеттілік – интеграл ретінде, кез-келген іс-әрекетті сәтті және әмбебап орындауының алғышарты және өзінің негізінде кейбір жалпы қабілеттіліктері бар (интеллект, шығармашылық, тұлғалық-мотивациялық ерекшеліктер, әлеуметтік потенциал ) тұлғаның өзіндік мөлшері;

г) «қабілет» түсінігінде – «тұлға потенциалы» деген ұқсас ұғым бар. Ол индивидтің тұлғалық ешкімге ұқсамайтын, шығармашылық, интеллектуалдылығының шынайы мүмкіндігін береді. Бұл потенциалдың анықталған деңгейінде (қабілет дәрежесінде) әр тұлға бойынша айтуға болады;

д) қабілеттілік көпқырлы, өмір іс-әрекетінің барлық саласында әр түрлі деңгейде көрінеді. Сондай-ақ қабілеттің көптеген түрлері мен типтері бар. Олардың әрқайсысы күрделі құрылымды (сонымен қоса интеллектуалдық және шығармашылық қабілет) болады;

е) қабілет адам өмірінің процесінде дамиды, дегенмен де жас ерекшелігінің мәні өте зор;

ж) қабілет дамуына әлеуметтік қоғам және арнайы жағдайлар (жанұя, мектеп, тұлғааралық қарым-қатынастар, қоғам және басқалар) үлкен әсер тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет