2 МЕКТЕП ЖАСЫН ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ қабілеттерінің дамуын эксперименттік зерттеу
2.1 Баланың қабілеттерінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістемелері
Қабілеттіліктер жалпы және арнайы деп жіктеледі. Тұлғаның қандай да бір іс-әрекетте үлкен жетістіктерге жетуіне мүмкіндік беретін қабілеттіліктерін арнайы қабілеттіліктер деп атайды. Жиі қолданылатын «математикалық», «музыкалық», «шығармашылық» және т.б. қабілеттіліктер тіркестері дәл осы мағынаны білдіреді. Алайда «арнайы қабілеттіліктер» термині белгілі бір деңгейде шартты сипатқа ие, дәлірек айтсақ, бұл тұлғадағы осы ерекшеліктер басым болып табылатындығы және басқа да қабілеттіліктерді жоққа шығармайтындығы туралы ойды жеткізу үшін қолданылады. Мысалы, ұйымдастырушылық қабілеттіліктер әдетте коммуникативті қабілеттіліктерден келіп туындайды, өйткені ұйымдастырушы іс-әрекеті адамдармен байланыс жасамай мәнсіз болмақ.
Эксперимент – латын тілінен аударғанда «тәжірибе» деген мағына береді. Ол ежелден қалыптасқан ғылыми зерттеу әдістерінің бірі. Эксперимент алғашқы кезде адамдарды қоршаған ортаны танып білуден, бақылаудан басталды.
Зерттеу жұмысымыздың эксперименттік бөлімі Тараз қаласы №9 балабақшада жүргізілді. Экспериментке №6 «Қарлығаш» және №7 «Қаракөз» ересектер тобы қатысты. Әр топта 32 бала тәрбиеленеді.
Эксперименттік сынақта психодиагностикалық жұмыстар ұйымдастырылып, барлық қорытындылары есепке алынды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін балалардың қабілетін анықтау іс-шараларын жүргіздік.
Зерттеу жұмысымыздың алғашқы тапсырмасы «Бұл қай кезде болады» әдістемесі. Әдістеме балалардан жыл мезгілі туралы мағлұмат алу. Балалар жыл мезгілінде болатын ерекшеліктерді сөз арқылы суреттеп береді.
Екінші тапсырма. Балаларға шеңбер, үшбұрыш және төртбұрыш беріледі. Олар осы суреттерден қиялдары арқылы бейнелер құрастыру.
1. Оқушының алдына алты тіктөртбұрыш берілген. Олар неге ұқсайды? Мысалы, бір тікбұрыш үйшікке, екіншісі кітапқа тб. Осы тікбүрыштарды аяқтау ұсынылады.
2. 6 шеңберден тұратын фигураларды ұсынып, сол фигуралардан басқа суреттер шығару.
3. 6 үшбұрыштан құралған фигуралар берілді. Оқушылар сол фигуралардан суреттер ойланып табуу қажет.
Үшінші тапсырма. Балалардың өзге балалардан қалай ерекшеленетіні жөнінінде, неге қабілетті екендігін анықтауға «Адам салу» тесті өткізілді. Әдістеменің мақсаты: Баланың жеке дара ерекшеліктерін анықтау.
Нұсқау: «Өзіңе ұнайтын адамның суретін сал». Егер бала салғысы келмесе, оны қызықтыру қажет. Қойылған сұрақ балаларға жанама түрде беріледі. Сурет салынып біткен соң сұрақтар қою арқылы не бейнеленгені сипатталады.
Сурет туралы мәлімет алу үшін мына сұрақтарды қойдық:
Кім бейнеленген?
Ол дәл қазір не істеп жатыр?
Сонымен қатар салынған сурет бойынша суреттің боялуы, орналасуы, сызықтың сапасы, қанша адам салынған, бөлшектердің орналасу ерекшеліктері арқылы бала тұлғасының даму туралы мәлімет алынды.
Баланың қабілетін анықтау үшін екінші тапсырма ермек саздан отбасы мүсінін құрастыру.
Тұлғалар өздерінің отбасындағы мүшелерінің мүсіндерін жасайды. Жасалған мүсін туралы өздері мағлұмат береді. Балалардан төмендегі сұрақтар арқылы мүсіндеріне сипаттама аламыз:
кімдердің мүсіндері жасалынған
олар дәл қәзір не істеп жатыр?
неге мына адам бұлай орналасқан? тб.
Мектепке дейінгі баланың қабілетінің даму ерекшеліктерінің көрсеткіштері:
Сыналушы топ: 10% - жоғары деңгей
45% - орташа деңгей
45% - төмен деңгей
Бақылау тобы: 9% - жоғары деңгей
40% - орташа деңгей
51% - төмен деңгей
Нәтижесі гистограмма арқылы белгіленді.
Мектепке дейінгі баланың шығармашылық қабілеті әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – тұлғаға оның бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез келген тұлға мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Баланың мінез-құлқындағы қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастасақ, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Сондықтан жасырын қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Осындай жұмыстарды жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақ пен сергіту сәттерінде беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құрып, тұлғалардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау қажет.
Анықтау экспериментінің алғашқы бөлімінде жүргізілген бақылау нәтижесінде тұлғалардың қабілеті, мінез – құлқындағы жеке ерекшеліктері жайлы жоғарғыдай мәліметтер алынды. Анықтау экспериментіндегі алынған мәліметтерден кейін сыналушы топпен түзету-дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |