Дипломдық ЖҰмыс мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық қабілеттерін дамыту жолдары Алматы 2010 мазмұНЫ



бет17/17
Дата09.05.2022
өлшемі236,5 Kb.
#33600
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі тәуелсіз жас Қазақстан өзінің жастарының болашағын жоспарлау мақсатында соңғы жылдары ғана психологиялық мәселелерге жан-жақты ғылыми талдау жасалынып, тәжірибе жүзінде қызмет көрсету шаралары жүргізілуде. Осы орайда қоғам талабының маңызды шарттардың бірі – баланың қабілетін дамыту мәселесі.

Жұмыс қорытындысында ескеретін жайт – баланың қабілетін дамыту және тәрбиелеу олардың жеке басының, психологиялық сапаларының қалыптасып жатқанын білдіреді. Ол үшін алдымен жалпы оқытып – тәрбиелеу жұмысының жоғары мәдениеттілігі қажет. Балалардың неге қабілетілігін дұрыс анықтап, оны дамытуды тиімді ұйымдастыруда, қалыптастыруда тәрбиешінің, ата ананың жеке басының үлгі -өнегесінің де маңызы зор. Сондықтан баланың қабілет қасиеттерінің ерекшелігін білу әрбір тәрбиеі мен ата ана үшін міндетті.

Тақырыпты ашу барысында белгілі зерттеушілердің еңбектеріне сүйеніп И.П. Павлов, Л.Е. Выготский, А.Н. Леонтьев, В.Д. Небылицынның зерттеулер мен Қ.Б.Жарықбаев, С.М.Жақыпов, Ж.Ы. Намазбаеваның ғылыми әдебиеттеріне талдау жасалды. Кез келген адам қандай да болмасын бір нәрсеге қабілетіз болмайды. Оны тек неге қабілетті екенін дұрыс анықтап, соны дамыту үшін барлық мүмкіндікті жасау қажет. Тәжірибе мен парасат адамдардың қабілет саласында тең емес екендігін дәлелдейді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.

Зерттеудің эксперименттік бөлімінде баланың шығармашылық қабілетін анықтау үшін психодиагностикалық жұмыстар жүргізілді. Психодиагностикалық нәтиже көрсеткіштеріне қарай түзету жаттығуларын қарастырдық. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін жетілдіруді мақсат ете отырып түзетуді психокоррекциялық жаттығулар, тапсырмалар, ойындар, сергіту ойындары жүргізу арқылы ұйымдастырдық. Қалыпқа келтіру экспериментке іріктелінген әдістемелер, жаттығулар, ойындар күнделікті іс - әрекет жағадайында негізгі сабақты бекіту мен жаңа тақырыпты қабылдау, сергіту, қорытындылау мақсатында сабақтаса жүрді. Нәтижесінде сыналушы топ дамыту жұмыстарының әсерін бақылай алдық. Зерттеу міндеттеріне сәйкес түзету –дамыту жұмыстарының нәтижесінен сыналушы топтың шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал етіп көрсеткіштерінің біршама жоғарлағаны байқалды.



Адам қабілеттерінің жан – жақты жетілуі ой еңбегі мен дене еңбегі. Баланың кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда - ақ пайда болады. Адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңуеруге жағдай туғызатын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне оны тәрбиелеуші орта - балабақша, мектеп, отбасы зер салуын керек етеді. Сондықтан педагог – психологтар баланы тәрбиелеу мен дамытуда оның неге қабілетті екенін шатастырып алмау қажет.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет