Өнер орталығы: тәрбиеші балаларға бірнеше нан түрін көрсетіп, өздеріне ұнаған нан суретін салуды ұсынады.
Дидактикалық ойын: «Нан дүкені» Суреттен нан сатып тұрған дүкенші қыз суретін көрсету, әңгімелеу. Балалар мүсіндеу барысында нені мүсіндегендерін әңгімелейді
Тыңдайды, сұрақ-жауаптар.
Сұраққа жауап іздеу, нан түрін атауды, сатып алуды үйрету. Әр бала қандай нан жегісі келсе соған қарап, дүкеннен алу.
Мақал-мәтел-дерін айтады, мәнін түсініп айтады. Балалар нан түрлерін өз еркімен таңдап үлгі негізінде өзіне ұнаған нанды мүсін-дейді.
«Нан қайдан келеді?» сұраққа жауап іздеу, нан түрін атауды, сатып алуды үйрету. Әр бала қандай нан жегісі келсе соған қарап дүкен-нен алу.
Рефлекция
Балалар нан дастарқанға келгенше қаншама адамдар тер төкті, еңбек етті. Атайықшы: тракторшылар, комбайншылар, жер жырту-шылар, қырманшылар, наубайханашылар, дүкен-шілер. Ендеше әзірле-ген нанды біз қадірлеуіміз керек. Балалардың жұмысы-нан көрме ұйымдастыру, ынтасын мадақтау.
Балалар жасаған іс-әрекеттеріне баға береді, нәтижесі нені көрсетеді. Бағалап ең мықты ұнаған іс-әрекетті атау.
Іс-әрекетін қуаттайды.
Күтілетін нәтижелер Жаңғыртуы: Күн, ауа және судың адам тіршілігіндегі, өндіріс орындарындағы экологиялық қажеттіліктерді біледі.
Түсінуі: Егіс даласындағы техникалардың ерекшеліктерін, олардың атқаратын жұмысын түсінеді.
Қолдануы:Нан түрлерінің суретін өздерінің таңдауы бойынша қолдана алады.
2.2 Отбасы мен балабақшаның тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңызы
Қазіргі қоғам жан-жақты, білімді де, білікті, мәдени ой-өрісі өсіп жетілген, ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттардың бірі ретінде қарастыруда. Бұл өз кезегінде отбасы мен балабақша қызметкерлеріне орасан зор жауапкершілік жүктеп отыр. Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, оның жан-жақты дамуын зерттей отырып, оқытып, тәрбиелеу үшін сол баланың ата-анасының қатысуынсыз іске аспайтындығы бәрімізге мәлім болып отыр. Осындай күрделі, жауапкершілігі мол міндеттерді іске асыруда ата-аналардың ролі зор екендігін ескере келе, мектепке дейінгі мекеме мемлекеттік стандарттағы ережелерге сүйене отырып 3-7 жас аралығындағы бүлдіршіндерді тәрбиелеу мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасын жасады. Авторлық «Жеке тұлға» бағдарламасының тууына «Балбөбек», «Тәй-тәй» бағдарламаларының мазмұнына салыстырмалы талдау жасау жұмысы ықпал етті [25]. Бала алғашқы тәрбие негізін отбасынан алады. Отбасы ұлттық тәрбие негізін себуші субстанция. Осыған орай, бағдарлама жеке тұлға дамуын ұлттық отбасы бастауына сүйене отырып жасалды. Отбасы өзі тұратын аймақтың барлық деректерін сіңірген ұжым. Яғни, баланың дамуы өзі өмір сүрген аймағының, қоршаған орта идеясының бағыт бағдарымен, деректеріне байланысты өрістейді. Ал, осы бағдарламаны жүзеге асыру яғни, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған біртұтас жұмыс 4 блоктық жүйе арқылы іске асады, олар: - интеллектуалды дамыту блогы; - салауатты өмір салты блогы; - әлеуметтік-эмоционалды дамыту блогы; - көркемдік-эстетикалық тәрбие беру блогы. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысушы ата-аналар балалардың ынта-ықыласын және білуге құмарлығын, олардың қалай қарым-қатынас жасап, тіл табысатындығын зерттейді, таңдауын жүзеге асырады, қажетті қабілет, іскерлікті игереді. Сондықтан тәрбиешілер топтық және жеке оқыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін апталық жоспарлауды ата-аналардың келісімімен арнайы міндеттер төңірегінде үйлестіріп, олардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысуын ынталандырып отырады. Ата-аналармен біріккен жұмыс мынадай негізгі ұстанымдармен құрылады: - бірлік; - жүйелілік және бірізділік; - әр балаға және әрбір отбасына жекелей тұрғыдан келу; - ата-аналардың бір-біріне сенімі мен өзара көмегі. Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысы ең алдымен, ата-анамен жұмысты сауатты және дұрыс ұйымдастырудан басталады. Балалар мекемесіндегі тәрбие жоспарында басты көңіл – ата-анамен жүргізілетін жұмыстың түрі мен тәрбиелік маңызына бөлінуі тиіс. Балалар біздің болашағымыз, үмітіміз. «Егер біздің балаларымыз шын мәнісіндегі білімді адамдар болғысы келсе, олар өз беттерімен шұғылдану арқылы білім алуға тиіс», - деген орыс жазушысы Н.Г.Чернышевский, тәрбие мәселесінде ата-аналардың роліне ерекше мән берген. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тәрбие тұжырымдамасында: «Баланың танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнделікті өмірінде білім алудың қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізу қажет. Өйткені балабақша жасындағы балалар әсершіл және ұғымтал келеді», - деген нұсқау мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын дәлелдейді. Белгілі педагог К.Д.Ушинскийдің «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін жан-жақты білу керек» деген көрегендігі тәрбие үрдісінде ата-ананың орнын тағы да ерекшелейді. Сондықтан, балабақшада ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардыцң басты ұстанымы мыналар болуы керек: 1.Жанұядағы тәрбиелік күштің негізі – ата-ананың азаматтығы; 2. Баланың ішкі жан дүниесіне, талабы мен парығына қамқорлық жасау – ата-ананың міндеті; 3. Еңбекке жауапкершілік тәрбиесін қалыптастыруда ата-ананың көрсететін үлгісі; 4. Ұлтжандылыққа тәрбиелеуде – ата-ана, отбасы басты тұлға. Аталған жұмыс түрлері ата-аналар жиналысы, дөңгелек үстел, кездесу, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырғанда пікірлесу, әңгіме, дәріс, жарыс-сайыстар, сұрақ-жауап, сауалнама, кеңес, т.б. формада ұйымдастырылады алуан түрлері іске асырылуда. Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге түрлі семинарлар, ашық есік күндері, психологиялық тренингтер, топсеруендер, ойын-сауық кештер және басқа да шаралар ұйымдастырылып отырады. Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды нәтижесі ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарынан оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Бәрін мен дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің өзге нәтижесі қалыптасқан, неге үйрену керек деген рефлекстік қызмет іске қосылады. Жыл бойы жүргізілген жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс-тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен дәрістер, кеңестер мен сұрақ-жауап кештер, тәрбие жұмысын алмасу, конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады. Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейлінше қызықты етіп өткізілуіне үлес қосу үшін балабақшада «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс жасау керек. Балаларды қолөнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге үйретсе, кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға атсалысады. Мерекелер, балаларды қорғау күні қарсаңында «Сүйікті ойыншықтарым», «Ғажайып балалар әлемі» атты акциялар өткізіп ата-аналарымыз өз қалаулары бойынша демеушілік жасап балаларға сыйлықтар тарту етуде. Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дұрыс бағытта дамыту үшін олардың жас ерекшеліктері мен нақты дара ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастыру қажет. Балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп баяндап баланың сөздік қорын молайтып, тілін байытамыз. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен тыс уақыттарда шұғылдана алады. Барлық білім салалары бойынша іске асыруға болады. Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интеллектуалдық дарындылығы, есте сақтау қабілеттері түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың шығармашылық қабілеті дамып, ақыл-ой белсенділігі арта түседі. Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады. Ата-аналармен жүргізілген жиналыстарда балалардың жұмыстарынан көрме жасайды. Ата-аналармен біріге отырып қуыршақ театрлары мен ертегілерді бірігіп сахналайды. «Тыңда балам, ертегі» айдарымен ұсынылатын әжелердің ертегілерін тыңдаймыз. Ата-аналармен, балалардың шығармашылықтарын шыңдай түсу мақсатында «Жарасымды отбасы» сайысы өткізілді. Онда отбасылар өз өнерлерін көрсету, қол өнер шеберліктерін, тест тапсырмаларын орындау сияқты сайыс кезеңдерінен өтіп өз бағаларын алды. Ата-аналармен мейлінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні. Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу-оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіске ата-аналармен әңгімелеседі, олардың алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде өткізеді. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені анықтау қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де тыңдайды. Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу. Ата-аналар алдын ала мәлімдеме дайындайды немесе оларды бірлесіп те дайындайды. Конференцияның өзекті тақырыбы мысалы, «Бала денсаулығына қамқорлық» атты конференцияға аурухананың балалар дәрігерінің қатысуымен балабақша ішілік конференция өткізілді. Бұған барлық ата-аналар, тәрбиешілер, балабақша қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ мұндай конференцияларға балалар әдебиетінің жазушыларын, заңгердің қатысуымен өткізіп, ата-аналармен пікірлер бөлісіп, өз қызметтерінің бала тәрбиесіне тигізер пайдасы туралы тәжірибелермен бөлісе алады. Конференцияны мектеп жасына дейінгі мекеме балаларының, қызметкерлерінің, отбасы мүшелерінің бірлескен концертімен аяқтауға болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлі емес өзара іс-әрекеті бірлігінің педагогикалық принципі негізінде жүзеге асыруда байқауға болады. Тәрбиеленушілердің, қоғамдық ұйымдардың және отбасының ұрпақты тәрбиелеуде бірлесіп қоян-қолтық жұмыс істеуін талап етеді. Егер де тәрбиелеу күштері қалыптаспаса және бір-біріне қарама-қайшы келсе, онда бала психикалық жүктемелерге тап болады. Дамытушы ортаға: - Демалыс аймағы; - Интеллектуалдық танымдық аймақ; - Өз бетінше бейнелеу әрекетін жасау аймағы; - Ойын аймағы. - Тренинг жұмыстарын ұйымдастыру; - Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі. Жұмыс жоспарын жасау кезінде, бала тәрбиесіне әкелерді, аналарды қатыстырудың жолдарын, халықтық салт-дәстүрмен сабақтастығын, ата-аналардың көзқарасы мен ұсыныстарын ескертеді. Ата-аналармен жұмыстың жоспарын ең бірінші жалпы жиналыста сауалнама жүргізіп, сонда айтылған ой-пікірлермен санаса отырып толықтырады. Ата-аналарға балалардың бақшада үйренген білімдік дағдыларын үйде баласымен қайталау үшін «Қане, сөз іздесейік», «Сөзді кішірейтіп айт», «Сөзге не қосылған», «Сөз тіркестерін қысқартып айт» ойындарын үйретеді. Мысалы: «Сөзге не қосылған?» ойынын бос уақытта баласымен былай ойнатады: тігін-тігінші, ән-әнші, дәрі-дәрігер. «Сөзді кішірейітіп айт» ойыны: бала-бал, ала-ал. «Қане, сөз іздесейік» ойынында суретте берілген заттардың атауын тауып, жазғызу арқылы ойлану, есте сақтау, жазу икемін қалыптастыруға дағдыланады. Осы ойындарды ойната отырып ата-ана өзін балаша сезінгенін айтады. Сондай-ақ, ата-аналармен жүргізілетін әңгіме-кеңес, ойын-сауық тақырыптары сан алуан. Мысалы: «Қиқарлық қайдан шығады?» атты әңігме кеңесте ата-анамен бірлесе отырып, бала мінезіндегі өрескел қылықтардың шығу себептерін анықтадық. «Отбасындағы тәрбие» атты әңгіме-кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам баласына тән қасиеттерге дағдыланып, ұяда көргенінен өнеге алатындығы сөз болды. «Ата сөзі – асыл мұра» атты әңгіме-кеңесте ата-бабамыздан қалған өсиет сөздер, олардың бала тәрбиесінде атқаратын ролі туралы сөз болды. «Әжелер сайысында» әжелер ой-өрісінің тереңдігі, өнер жағынан сынға түсіп, балаларына үлкен тәрбие береді. «Шынықсаң шымыр боласың» сайысында ата-аналар жан-жақтылығын көрсетті. «Айтыңыз құтты болсын!» мерекелік кешінде ата-аналар салт дәстүрімізді көрсетсе, ал балалар ән айтып, би биледі. «Өнер алды қызыл тіл», «Аппақ менің ақ әжем» атты ойын-сауықтарда ата-аналар белсенділік танытты. «Имандылық тәрбие – адамгершілік бастауы» тақырыбына өткізілген дөңгелек үстел кезінде түрлі педагогикалық ситуациялар шешілді. Топтағы балаларды қабылдау бөлмесінде ата-аналар бұрышы жасалған. Онда «Қысқа кеңестер», «Кел жаттайық!», «Денсаулық шаралары», «Мен өстім», «Бірге үйренейік» атты мүйістер, мақал-мәстелдер кітапшалары бар. Балабақшада ата-аналар басқа да мамандармен кездесіп, пікірлесіп отырады. Ата-аналар тәрбиешінің басты көмекшісі деуге болады. Топтағы «Менің жанұям» атты отбасы туралы фотосуреттерін жинап, көрме ұйымдастыруға, ұйымдастырылған оқу і-сәрекетіне қажетті көрнекіліктерді жасауға көмектеседі. Сәбилер мен ата-аналар қолынан жасалған жұмыстардан және өзімнің шығармашылық еңбектерімнен көрмелер ұйымдастырылады. Өтілетін пікір-сайыстарға алдын ала анкеталық сұрақтар таратуды жоспарлайды. Сабақтастықтың мұндай түрлері ата-аналарға балабақшаның жұмысын көрсетуге, тәрбиелеудің балабақшада пайдаланылатын әдістерін отбасында да іске асыруға болатынын үйретуге мүмкіндік береді. Отбасы мен балабақша тәрбиешілерінің бірлестігі оқыту және тәрбиелеу жұмыстарының дұрыс жолға қойылуына ықпал етеді. Бала тұлғасының қалыптасуы – баршаның ісі. Бұл – біздің негізгі мақсатымыз. Халықтық педагогикадан бастау алып, ғылымда дәлелденген нәтижелерге сүйене отырып, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ. Баланы отбасында еңбекке тәрбиелеу өте орынды. Әлі тілі шықпаған балаға: «ананы әкел, мынаны әкел, мынаны апарып қой, есікті аш, ары отыр, тамағыңды іш» деп жұмсағанда нәрсені әкеліп, апарып қоюды қызық көреді. Мұндай жұмсаулардың бәрі бала ересек болған сайын күрделене беру керек. Осы арқылы сіз баланы еңбекке тәрбиелеген боласыз. Тәрбие - өте нәзік, әрі машақаты көп жұмыс. Баланың тәрбиелі, саналы азамат болғанын барлық ата-ана қалайды. Сол тәрбиені беруге қиналады. Кейбір ата-аналар: «Қолым тимейді», «Өзі-ақ адам болады», «Есейген соң бұл қылықтар қалады» деп те айтып жатады. Тәрбиенің қиындықтары көп, сол қиындықтан қашпаған ата-ана ғана саналы тәрбие бере алады. Ол үшін баланың не істеп жүргенін, кімммен ойнайды, қай жерде жүргенін, тапсырманы қалай орындағаны сияқты жұмыстарын қадағалап , түсіндіріп, жан-жақты тәрбие беру, оны әрі қарай дамыта білу керек. Отбасындағы өзара қарым-қатынастың дұрыс болуы, бала тәрбиесінде әке мен шеше ролінің өте маңызды екені белгілі. Бала балабақшаға барғанда, өз жасындағы балалармен біргі ойнайды, сөйлеседі. Бұл жерде тіл алғыш, айтқанды істемейтін, жылауық, сабырлы балалардың ортасына, яғни аралас ортаға барады. Балабақшада осылардың әр түрлілігіне мән беріп, жалпы ортақ тәрбие – адмгершілік тәрбиесі беріледі. Әр түрлі ойындар, шүйіркелесу, достасу, бірге отыру, тамақтану, бірін-бірі құрметтеу, ұрмау, жылатпау, көмектесу сияқты адамгершілік тәрбиесі беріледі. Ол тәрбиешінің қатысуымен іске асады. Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту үшін тәрбие мен білім беру тығыз бірлікте, біртұтас жүйеде жүргізілуі тиіс. Сапалы білім саналы тәрбиемен ұштасқанда ғана қоғам өзінің рухани дамуында нәтижеге қол жеткізбек. Бала жүйелі білім алып, алған білімін есте сақтап және сол білімді тәжірибеде пайдалана білу керек. Сол кезде бала тұлға ретінде қалыптасады. Балалардың шығармашылық қабілетін, дағдысын, іскерлігін дамыту тарату жолдары: *Танымдылық бағытта - ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер, педагогикалық-психологиялық тренингтер, дарынды балалармен жұмыс.; * Адамгершілік-құқықтық бағытта – баланың құқығы туралы ата-аналармен дөңгелек үстел ұйымдастыру; * Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында семинар, конференция, акциялар, денсаулық күні, фестиваль; * Эстетикалық бағытта – фестиваль, өнер байқаулары, сайыстар ұйымдастыру; * Рухани-өнегелік тәрбие – ұлттық салт-дәстүрлерді балалар бойына сіңіру; * Шығармашылық бағытта – көрмелер, бейінді топтар жұмысын ұйымдастыру; * Ата-аналармен жұмыс – ашық есік күні, конференциялар, спорттық жарыстар, шығармашылық есеп беру концерті. Баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана елдің болашағы зор болмақ, ата-аналардың оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады. Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс. Ұлы істің бастау бұлағы, қайнар көзі – отбасы. Отбасындағы тағылым мен үлгі өнегенің, балабақшадағы тәлім-тәрбиенің жүйелі бірізді жүргізулерінен бастау алатыны баршаға белгілі. Қазіргі заманда ата мен әже тәрбиесінің аздығы көп жағдайда сезіліп тұрады, әсіресе ауылға қарағанда қалалық жерлерде. Сәбилердің әке-шешесінің қызметте болуына байланысты көп жағдайларда, көрген, білгені көп ата мен әженің тәрбиесінің орнын толтыруды ойлағанымыз жөн. «Әдептілік – тәрбие бастауы» ертеңгілінің үлгі жоспарын ұсынып отырмыз.
Тақырыбы: «Әдептілік – тәрбие бастауы» ертеңгілік (ересек тобы).