Тақырыбы тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық жәнеұлттық-азаматтық бірегейлік бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығын жан-жақты сараптамалық талдау. Негізгі сұрақтар



Дата21.05.2022
өлшемі363,34 Kb.
#35258
түріСабақ
Байланысты:
Қазіргі қазақ тарихы 1


ТАҚЫРЫБЫ
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық жәнеұлттық-азаматтық бірегейлік бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығын жан-жақты сараптамалық талдау.
Негізгі сұрақтар:
1. мемлекеттілігінің тарихы мен тағылымы.
Қазақстан тарихы сонау адамзат пайда болғаннан бастап бастау алған ежелгі құнды қазынамыз.Тарихқа зер салып көз жүгіртсек еліміздің пайда болғанына үш мың жылдық тарихы бар екен . Ежелгі Қазақ елінің тарихында жалпы жиырмадан аса мемлекеттер мен мемлекеттік құрылымдар болған екен. Қазақстанды құраған ежелгі мемлекеттерге: Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы мемлекеттері болған.Ал бертін келе Түрік, Батыс Түрік қағанаттары, Түргеш, Қарлұқ, Қарахандар, Қидан мемлекеттері, Қимақ, Оғыз, Қыпшақ хандықтары болып жалғасады. Ең алғаш осы Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек болды. Одан кейін қазақ даласында Алтын Орда ,Ақ Орда сияқты мемлекеттер бой көтерді.Осынау Дешті Қыпшақ жеріндегі қазақ халқының бастауы осылай басталған болатын.
Ал осы мемлекетт болып қалыптасқаннан соң да жан-жақтағы мемлекеттер біздің ұланғайыр жерімізге көз , көптеген шабуылдар да жасаған болатын.Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихында ерекше кезең. Өз алдына дербес тәуелсіз ел болуға ұмтылу тарихи заңдылық деп айтуға болады. Керей мен Жәнібектің әрекеттері өз заманы үшін тәуекелге толы батыл әрекет деп бағаланады. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы мемлекеттіліктің классикалық формасы болды деп есептеуге де болады. Біздің көршілерімізде де шамамен осындай ғана мемлекеттер құрылды. Жекелеген кейбір салаларда артықшылықтар, кейбір салаларда кемшіліктер болуы мүмкін.




2.Мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтары.
Қазақстан үкіметі егемендігін алғаннан бастап түрлі саяси шешімдерді қабылдаған. Бұл саяси шешімдер елдің әлеуметтік-экономикасымен тығыз байланысты болды . Қазақстан өзінің даму жолында түрлі маңызды бағдарламалар да қабылдаған болатын. Ел үкіметі 1996—1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі мәселелерін шешу маңызды орын алады.Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан соң экономикасы бірден жақсарып кеткен жоқ . Халықтың экономикалық жағдайы түрлі реформалар жүргізудің арқасында 2000 -2001 жылдан бастап жақсара бастаған болатын. Алайда, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын жэне орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды қүру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ.
3. Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі.
Қазақ елінің тарихы өте тереңде жатыр. Қай халық болмасын өткенін жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды. Тәуелсіздігімізді алғаннан бастап тарихымызды зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу әрқайсымыз үшін өте маңызды. Жалпы Қазақ хандығын 1465 жылы қазақтың ең алғашқы хандары Жәнібек пен Керейдің хандықтың туын тіккен.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, қазақ халқының басынан талай қиындықтар мен зұлмат соғыстар өтті. Біз бүгінге көптеген сындардан өтіп келіп отырмыз. Алғашында халқының саны әрең жететін хандыққа сырттан төнетін қауіптер шаш етектен болған. Дегенмен, қазақ хандығы жаужүрек батырлардың арқасында өз тарихын жалғастырды. Бір адам бір елді құтқара алады, дәл сол уақытта да Жәнібек пен Керей хандар Қазақ хандығын түрлі қауіптерден қорғап, болашаққа қарай жылжуына, дамуына жағдай жасаған еді.
Қазақ хандығының құрылуы бір оқиғамен және бір мезетте жүзеге асқан саяси үрдіс емес, керісінше, 10 жылдан астам уақытқа созылып, өз ішінде оқиғалардың дамуына қарай бірнеше сатыға бөлінген. Бөлініп кету – хандықтың құрылуындағы алғашқы және маңызды қадам болса, Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Қазақ хандығының билігінің толық және түпкілікті орнауы — хандықтың құрылуының аяқталғанын көрсетеді.
Бірақ қаншама жыл Ресей империясының қарамағында болсақ та тәуелсіздікке деген құлшынысымыз ешқашан өшкен жоқ. Соның арқасында 1986 жылы буыны қатпаған жас ұландарымыз тәуелсіздік үшін жанын да берді. Сол жанын қиған боздақтарымыздың арқасында қазіргі таңда тәуелсіздікке жеттік.Осындай тарихи бар халықты көптеген тарихшы , ғалымдар да қызығушылық танытып зерттеген болатын. Ежелгі Грек , Парсы , Қытай жазбаларыннан да көшпелі қазақ халқы туралы көптеген мәліметтер берілген.

Қазақтан шыққан ғалымдар да елдің тарихын сақтап қалуға көптеген еңбек сіңірген . Оның бірі Шоқан Уәлиханов . Ол өзінің кітаптарында , еңбектерінде халқымыз жайлы көптеп жазған болатын.

4. Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзекті мәселелері.
Қазақстанның қазіргі заман тарихындағы басты мәселе бұл-қазақ елінің үш мың жыл тарихының бұрмалануы .Біз Ресей империясының қарамағына өткен кезде , өкімет қазақ халқын толықтай жойып жіберуді көздеді. Ал халық жоғалуы үшін оның тарихын түбегейлі жойып жіберу болды. Сол кезден бастап қазақ халқының тарихы әдебиеттерін, салт-дәстүрін, мәдениетін ,тілін ,дінін жою үшін күш сала бастады. Қазақ халқын бұратана халық , ешкандайда мәдениет болмаған деген сияқты қалтқы сөздерді таратты.
Бірақ біздің халқымыз қай кезде болмасын өз тарихын ұмытпай , ауыздан ауызға жалғастырып отырды.
Біздің көптеген тарихи мағұлматтарымыз әлі де ашылмай жатыр. Егемендік алғаннан бастап сол тарихымыздың бұрмаланған тұстарын қалпына келтіру жүргізілу үстінде. Соның арқасында халқымыз туралы ұмыт болған көптеген мұраларымыз ашылуда.
Қазіргі заман тарихының мәселелерін ашуда Алаш орда партиясының еңбегі зор болды.Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің шын тарихы тек Қазақстан тәуілсіздік алғаннан кейінгі жылдары жаңаша парадигма негізінде зерттеле бастады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, тарихымыздың осы мәселесін зерттеуге бет бұрған тарихшы ғалымдардың бірі академик М. Қозыбаев болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет