Дипломдық ЖҰмыс мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі Алматы 2013 мазмұНЫ



бет12/15
Дата17.12.2022
өлшемі347,5 Kb.
#57770
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Сабақтың мақсаты:
1. Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрлерін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болу керектігі туралы білімдерін қалыптастыру;
2. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным-белсенділігін арттыру;
3. Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Әдептілік, адамгершілік туралы сұрақ-жауап:
- Әдептілік дегеніміз не? Оны қалай түсінесің?
- Әдепті бала қандай болу керек деп ойлайсың?
- Әдепті болғың келе ме? Әдептілікті бізге кім үйретеді?
- Әдепсіз адам қандай болады?
Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Міне, осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, тәрбиеші-ұстаздарымыз үйретеді. Ал біз осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады. Ал енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы керек екенін біз мына өлең жолдарынан тыңдайық:
1-бала: Ата-ананың тілегі,
Адам болып өскені
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскені.
2-бала: Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре салсаң әлегің.
3- бала: Спортпен айналыс,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс,
Сауық пен кинодан.
4- бала: Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді!
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді!
5- бала: Ұрыншақ бала жаныңда
Ұрыспен керіс, айқай-шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды іс байқайсың.
6- бала: Шындықты сақтаймыз,
Шыншылды жақтаймыз.
Шаршы топ алдында,
Шығарып мақтаймыз.
7- бала: Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса –
Сыйлы болмақ өзі де,
Үлкен болған кезінде.
8- бала: Сыйла үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні,
Сақтан көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
ІІІ. Сұрақ-жауаптар
1. Суреттер бойынша әңгімелеу. (Адамгершілік, сыпайылық, қарым-қатынастарға бағытталған суреттер).
2. «Жалғастыр» ойыны.
а) Не істеуге болмайды? Осы сөз үлкен етіліп көрсетіледі. Тәрбиеші басқы сөзін айтады, бала ойланып жалғастыруы керек:
- Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
- Кішкене баланы жылатуға болмайды;
- Құстарды атуға болмайды;
- Қыз баланы ренжітуге болмайды;
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен кешігуге болмайды;
- Топта айқайлауға болмайды; т.с. жалғастырып айтады.
б) Не істеу керек? деп жазылып көрсетіледі.
- Үлкендерді сыйлау керек;
- Үлкендердің тілін алу керек;
- Кішілерге қамқор болу керек;
- Әдептілікті сақтау керек;
- Оқу-құралдарын күтіп, таза ұстау керек.
ІУ. Концерттік бағдарлама

  1. «Жорға» биін орындайтын ұлдар тобы.

  2. «Аққулар биі» орындайтын қыздар тобы.

  3. Көрініс. Ана мейірімі.

У. Құпия хаттарға жауап беру. (хаттарды қатарынан қойып, тәрбиеші шығып, дауыстап оқиды. Қалғандары ойланып, жауабын айтады).
1-хат. Құрметті достар!
Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Менің онымен ойнағаным дұрыс па?
2-хат. Құрметті достар!
Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ, ойнап жүргенде үй-ішін айтып, жаңа нәрселерін көрсетіп, кішкентайларды қалай ренжіткенін айтып ылғи мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
УІ. Қорытынды
Ертеңгілікті қорытындылай келе, балаларды адалдыққа, кішіпейілділікке, ақылдылыққа, инабаттылыққа, шыншылдыққа үйрете отырып, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуге баулыдым. Міне, осындай жақсы мінез-құлықтарды балалар әрдайым естерінде сақтап жүрсе, нұр үстіне нұр болар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет