Сабақтың тақырыбы: Әдептілік тәрбие бастауы Мектеп: №39 мектеп Сынып: 9 «A»



Дата15.12.2023
өлшемі173,14 Kb.
#138434
түріСабақ

Елшибаева Айнур Есентаевна
Ақтөбе қаласы
«№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі»
класс жетекші


Сабақтың тақырыбы:
Әдептілік – тәрбие бастауы

Мектеп: №39 мектеп
Сынып: 9 «A»



Сабақтың мақсаттары

1. Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу;
2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;



Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
4 минут

(Ұ) Ынтымақтастық ортасын құру.
Балалар сыныпқа кірген бойда балаларды жылы лебізбен қарсы алып алады . Балалардың көңіл күйін қалыптастыру үшін балалар бір- біріне жылы лебіздерін айтады


/оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, жылы тілектер айтады/
Сабақты бастамас бұрын оқушылардың бір-бірден заттарын алып , оларды араластырып үш топқа бөледі . Оқушылар араласып , бөлінген құралдары бойынша отырады . Сабақты талқылауға көшеді.

Балалар, бүгінгі заман адамы сегіз қырлы бір сырлы болып өсуі керек. Оның ең бастысы – адамгершілік. Айталық, бір адам оқымысты, бір адам дәрігер, бір адам мұғалім, бір оқушы ылғи сабақты беске оқуы, біреу бай, біреу кедей, бір адам өте көрікті де сұлу болуы мүмкін. Бірақ бұл адамдардың қай қайсысы да қоғамда адамгершілік қасиетімен ардақталады, бағаланады. Дәлірек айтқанда, әр адам қоғамда өзінің мҽдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, әдептілігімен құрметті.


Осындай қасиеттерге ие адам тартымды, тәрбиелі. Сондықтан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Әдептілік – тәрбие бастауы»



слайд

Сабақтың ортасы
5 минут
5 минут
7 минут

7 минут




Әдеби – музыкалық монтаж.”Не деу керек?”
1) Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деу керек? (Рахмет апа) деу керек.
2) Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу - айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек? ( Кешіріңіз!) деу керек.
3) Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді? ( Сәлеметсіз бе?) деу керек.
4)Үй артында қоқысты
Жатқан көптен үйіліп
Тазалайды қарт кісі
Белі зорға иіліп
Топтық жұмыс. Көрініс: Әдепті бала


Әлимаш апай су әкеле жатып, аяғы тайып құлап қалады. Осы кезде Дамир деген бала жанынан өтіп кетеді. Ал соңынана келе жатқан Әйгерім тұруына көмектеседі.



Балалар сендер кімнің әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар?
Әйгерімді қандай бала деп айта аламыз?
Әдепті бала қандай болады?
Әдепсіз бала қандай болады?
Әдептілікті бізге кім үйретеді

Қорытынды сөз


. Әдептілік деп- үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі. Көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді. Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Бір-бірімізге кешірімді болу керек, ол да әдептілік.

Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым –қатынасының, жүріс тұрысының ережесі, осы әдептілік ережесін сақтау керек. Әдепті баәрдайым кездескендермен сәлемдеседі. Автобусқа мінгенде үлкен адамға орын береді. Сөйлескен кезде «сен» демей, «сіз» деп сөйлескен дұрыс екенін ұмытпайық.



Аудиожазба




Сабақтың соңы
3 минут



Р
ефлексия:

Оқушы мен мұғалім кері байланысы.
Өз-өзін бағалау ауызша жүзеге асады.
Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді. Бүгінгі өтілген әдепті бала жайлы ой қалыптастырғандарын айтып шығады . Сабақты қортындылау үшін өзінің қаншалықты қатысып отырғандығын параққа белгілеп отырады





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет