Дипломдық жұмыс құрылымы «Зертту жұмысының ғылыми аппараты»


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет3/3
Дата03.05.2023
өлшемі19,23 Kb.
#89561
түріДиплом
1   2   3
Байланысты:
Диплом жұмыс

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
Таңдаған дипломдық жұмысың бойынша ізденіс кезеңдерінің (1-кезең)ерекшеліктерін сипатта.

Практикалық сабақ 12
Ізденіс жоспарын күрастыру, мазмұнын ашу жолдарын іздеу (2 кезең).
Ізденіс нәтижесін қорытындылау (3 кезең)
1кезең - Ізденіс жоспарын құрастыру, мазмұнын ашу жолдарын іздеу. Алдымен таңдалынған мәселе бойынша не білемін дей келе, нені зерттеп отырғаны жөнінде кітап, оқулықтар, энциклопедия, сөздіктер, анықтамалар, басылым беттерімен танысуы тиіс, өзге ғалым-ұстаздардың таңдалынған мәселе бойынша білдірген көзқарастарын талдай келе ой- байламдарын түсіруі керек. Оны мазмұнын ашу барысында мұкият бақылау, эксперимент жасау керек.
Ізденіс нәтижесін қорытындылау (3 кезең). Мәселенің мазмұнының ашылуына байланысты ізденіс нәтижесін қорытындылауда зерттеудің мақсат-міндеттеріне байланысты жұмыс нәтижесі, жетістіктері қорытындылады. Зерттеу жұмысының қорытынды кезеңі - жобаның тұсауын кесу немесе қорғау болын табылады.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
Таңдаған дипломдық жұмысың бойынша ізденіс кезеңдерінің ерекшеліктерін (2-3кезең) сипатта.
Практикалық сабақ 13.
Музыкалық білім берудегі психодигностикалық әдістер.Музыкалық қабілеттерді анықтау диагностикасы
Музыкалық диагностикалау (Бастауыш және орта сынып оқушыларының музыкалық-психологиялық дамуын айқындайтын музыкалық диагностикалық тестер
Біз осы бағытта оқушылардың музыкалық-психологиялық дамуын айқындайтын, ресей ғалымдарының диагностикалық музыкалық ойын тестерін қарастырайық
Баланың эмоционалды әсерленуі (ладты ажырату, тоникалық қалыпты сезіну білу қабілеті) қабілетін анықтауға «Аяқталмаған әуен» тест-ойыны және әдіскер, ғалым Л.В.Школярдың «Музыканы таңда» әдісі негізге алынды.
«Аяқталмаған әуен» тест ойынынының шарты бойынша оқушылар жасырынып қалған әуендерді табуы тиісті, яғни балаға әуенді тыңдатуда өзіне таныс әнінің бірінші сөз жолының әуені немесе қандай да бір фразасы ойналмай қояды,. Мысалы: «Жақсы бала....., ер азамат....т.б.» Ән әуенін бір жолдан кейін, немесе екі жолдан кейін жасыру, зерттеушінің өзіне байланысты.
«Музыка таңда» әдісі бойнша балаға түрлі ладтық, ырғақтық сипаттағы шығармалар береді. Оқушының міндеті осы шығармалар ішінен ладтық, ырғақтық сипаты жағынан ұқсас, екі шығарманы анықтау. Бұл әдісте біз, негізінен оқушылардың өзіне таныс әндерін ұсынуға болады.Мысалы Маршты ырғаққа Ә.Еспаевтың «Бақытты балалық шақ» әні, минорлы әуенге К.Қуатбаевтың «Сұр қоян,» әні, мажорлы әуенге К.Қуатбаевтың «Сурет сабағы», «Моншақтар әні»
Тапсырма:
1.Қалай ойлайсыңдар бұл тестер баланың қандай музыкалық қабілетін айқындауға берілген.
2. Берілген екі әдіс түріне байланысты репертуар таңдап оқушыға ұсыныңдар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет