Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді игеруде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдары» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет22/31
Дата27.11.2023
өлшемі315,31 Kb.
#129864
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
14-жаттығу. Мәтінде берілген ақпаратты пайдалана отырып

«дырау» сөзінің мағынасын түсіндіріп, сурет арқылы бейнеле.

Дырау қамшы – жуан тілінген таспадан өрілген, өрімі ұзын әрі жуан,
ұрыс, қорғаныс қаруы ретінде қолданылатын қамшының түрі. Дыр қамшы
дырау қамшы деген тұрақты тіркестің мағынасы «үлкен», «мықты» қамшы
дегенді білдіреді. Дегенмен дыр, дырау сөздерінің жеке алғандағы мағынасы 
түсініксіз. Байқауымызша, аталған сөздердің түп-төркіні дүре соғу, дүре салу
дегендегі дүре сөзімен байланысты. Мұндағы дүре – парсының дүррэ 
«қамшы» деген сөзінің қазақы фонетикалық түрленіске түскен түрі.
Бастапқыда дүре қамшы түрінде айтылып, бертін келе дыбыстық өзгерістерге 
ұшыраған. Сөздің дүре деген жіңішке түрі жуан дыбысталатын қамшы
сөзімен дыбыстық бір ырғақта айтылу барысында дырау, дыр болып 
жуандаған. Көркем әдебиетте, сөйлеу тілінде дырау қамшы да, дыр қамшы да



45
жиі қолданылады. Дырау қамшы мен дыр қамшының мағынасы бірдей, тек 


алғашқысы – жалпыхалықтық сипаттағы, соңғысы – аймақтық қолданыстағы


атаулар. 
15-жаттығу. Берілген сөздерді кластер әдісімен әдеби тіл мен сөйлеу
тілі деген екі топқа жіктеп жазып, жұмысыңды өзің бағала. 
Айлану/айналу,
дөңғалақ/дөңгелек, 
бұзау/бызау,
қария/кәрия, 
кәзір/қазір, айқыра ашу /айқара ашу, мауыздау/бауыздау, тізе/дізе,
неге/нағып, менім / менің, өтек/үтік, қияр/әгіршік, көңілі қалды/кеуілі қалды, 
әсілі/асылы,
бәйгі/бәйге, 
сүмбіл
шаш/сімбіл 
шаш,

өнер/өнөр, 


қасірет/қасырет, қағылез/қағілез, құдырет/құдірет.



16-жаттығу. Берілген өлең жолдарында кездесетін сөйлеу тілі 

лексикасын тауып, қандай мақсатта қолданылғанына болжау жасаңдар. 

Топта ой бөлісіңдер. 
Қалқатай, кари глаз екі көзің, 
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Третий, второйлар толып жатыр, 
Ойласам как родился сенің өзің
(Ақан сері). 
***
Барымта мен партия, 

Бәрі мастық, жұрт құмар.


Сыпыра елірме, сұрқия 
Көп пияншік нені ұғар
(Абай).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет