Ұлттық-мәдени концепт: Қамшы



Дата05.06.2023
өлшемі0,8 Mb.
#98668

Ұлттық-мәдени концепт: Қамшы

Орындаған: Нұрсапа Айым


Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал. Қамшы қазақ халқында мал айдайтын немесе атқа отырғанда тұлпардың арынын күшейтіп отыратын құрал ғана емес, қанды шайқаста ердің бағын ашар, қас жаудан құтқарып алар сенімді серігі. Мал айдайтын таяқты қазақ «бишік» немесе «шыбыртқы» дейді. Қамшы болмаса, қазақта көрген адамның айызын қандырып, ерекше күйге бөлейтін, қанын қыздыратын «қамшыгерлік» сайысы болмас еді. Әрі қазақ өмірінде қамшы қару мен құрал болудан бөлек әлеуметтік-саяси орны бар символдық ұғым.
Қамшы көп сәттерде ат үстi шайқастың қаруы. Қамшыны бiр - ақ рет ұрған, бiр ұрғанда дәл тигiзген және айтылған шарттарды бұлжытпай орындаған адам қамшыгер бола алады.
Cимволмен сөйлеген қазақтың өміріндегі қамшы концептісінің салт-дәстүрдегі көрінісі.
Қызға құда түсе келген адам қамшысын төрге белгі ретінде іліп кеткен. Егер жігіт жақ кешігіп, не қыз жақ айнып қалса, қамшыны иесіне қайтарып беретін болған. Ал төрде ілулі тұрған қамшыны көрсе, айттырған адамы бар дегенді білдірген.
Жалпы үйге келген кісі қамшысын ала кірмейтін болған. Егер сыртқа тастап кетпей, үйге ала кірсе, дауласуға келгенін білдіреді. Ал ала кірген қамшыны ортаға тастаса, бітімге келуге шақырғаны,
Емші-балгерлер қамшысын қаскөй, зұлым күштерден қорғаушы әрі адамға жабысқан ауруды денеден шығаратын құрал ретінде пайдаланған. Әсіресе, жылқы тері сіңген қамшысыдан жын-шайтан, пері қатты қорқады деген ұғым болған. Ал аяғы ауыр әйел босанар сәтте қамшыны төріне іліп қойған.
Қамшы сыйлау құрметтің белгісі. Өзінен кіші болса, сол қолымен, қыз балаға өрім жағынан, үлкен кісіге сабынан ұстатқан. Елуге дейін тобылғы сапты қамшы сыйға тартса, елуден асқан соң тұяқ басты қамшы сыйлаған. Ал емші-балгерлердің қамшысы саудаға салынбаған. Өйткені жын-шайтанды қуатын қасиеті бар қамшы өте құнды, оның бағасы жоқ деп есептеген. Сондықтан бата берген адамға ризашылықпен сыйлаған.
Хандық дәуірде хан ордасына мәжіліске келген батырлар мен билер қару-жарақсыз кірсе де, қамшысы мен бәкісін ала кіреді екен. Қамшысын алып қалса, мәжіліс үстінде сөйлеуге құқы жоқ дегенді білдіреді екен. Қамшысы жоқ адам ханға да, басқаға да қарап сөйлей алмайды. Дәрежесінің төмендігі – аузына қақпақ.
Жылқының сұлу болар сүртектісі, Сұлудың қасқаяды күрек тісі. Қамшыны бауырдақты екі бүктеп, Жігіттің үйге кірер жүректісі
Ертеректе дау-дамайдың алдында сөз сөйлейтін адам алдымен қамшысын көтеретін, не болмаса қамшысын алқа-қотан отырған топтың ортасына тастай салатын дәстүр болған екен. Хан алдына қамшы тастаған адам – дат айтуға оқталғаны
— Ау, шешенім, әкесі өлген қалай болады? — депті. Жиренше шешен отырып: — Әкесі өлсе асқар тауы құлағанмен бірдей болады,— депті.
— Шешесі өлген қалай болады?
— Ағар бұлағы суалғанмен бірдей болады.
— Ағасы өлген қалай болады?
— Оң қанаты қайрылғанмен бірдей болады.
— Інісі өлген қалай болады?
— Сол қанаты қайрылғанмен бірдей болады
— Апа-қарындасы өлген қалай болады?
— Ұзын өрісі қысқарғанмен бірдей болады.
— Қатыны өлген қалай болады?
— Аһ!.. Менің Қарашашым өлген екен ғой? — депті Жиренше.
Ол күйініп қамшысын таянғанда, қамшының сабы ортасынан шарт сынып кетіпті. «Қатын өлді, қамшының сабы сынды» деген сөз содан қалған екен.
Сүндет қамшы. Атадан – балаға, баладан – немереге, немереден – шөбереге, шөбереден – неменеге келе жатқан ата дәстүрі бойынша баланы сүндетке отырғызғанда оған тума - туыстары тобылғы сабы төрт тұтам қамшыны сыйға тартады екен. Бәйге қамшы. Бәйгеге шабатын тобылғы сапты қамшының ұзындығы төрт тұтамды құраса, оның ұзындығын шынтақтан шынашаққа дейінгі аралықпен де өлшей берген және сабының жуандығы шынашақтай болады. Бәйгеге түсерде шабандоз қамшысына былай серт береді екен: «Шаба алмасам маған серт, шаба алмаса астымдағы атыма серт, шаптыра алмаса қолымдағы қамшыға серт!» Көкпар қамшы. Көкпар тартуға арналған қамшының тобылғы сабының ұзындығы үш - ақ тұтам және жуан болады. Көкбар қамшының сабына, жылан басты алақанына көкбаршының қолын жыртып, зақым келтірмес үшін ешқандай әшекей салынбайды, темір атаулы қолданбайды. Додаға түскенде мынандай серт айтылады: «Атыма – айбат, тақымыма – қуат, қамшыма – жігер бер!» Неке қамшысы. Бала ер жетіп, кәмелет жасына келгенде отау құрар кезінде ол дос - жораларын шақырып алып; «Мен үйленемін. Маған жігіт жолдас (күйеу жолдас) керек» – дейді екен. Жолдастары қамшыларын бір жерге құпия жинап, алып келіп алдына тастағанда үйленетін жігіт соның ішінен ең жақсысын таңдап алып, қамшы иесін өзіне жігіт жолдасы етіп тағайындайды. Қазіргі бәрінің «Дала демократиясы» деп шулап жүргендерінің мәнісі бар, сол кездегі жігіт жолдасын таңдау кезінде олардың арасында ешқандай қызғаныш, өкпе болмас үшін жаңағыдай әділетті әдісті қолданған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет