ғылыми, көркем, публицистикалық, ресми және тұрмыстық салалар
жатады. Функционалды стильдер осы салаларға сәйкес ажыратылады.
Кейде стилистиканы тілдің мәнерлегіш құралдары туралы ілім деп те
анықтайды. Ондай жағдайда стилистиканың функционалдық жағы
ескерілмей, ол тек тілдің стилистикалық боямалы құралдарын зерттейтін
болып шығады. Сонымен қатар, стилистиканы функционалды стильдер
туралы ғылым деп қана қарау да жеткіліксіз, өйткені стилистика ілімі тілдің
стилистикалық қорын (ресурстарын) зерттеуден бастау алады, әрі
стилистикалық қор функционалды стильдерді қалыптастыруға да уақыт өте
келе белсенді қатысады.
Сонымен, жоғарыдағы анықтаманы жалпы стилистикаға тән анықтама
деуге болады. Жинақтай келгенде, жалпы стилистика зерттеу бағыттарына
қарай басты мынадай құрылымдарға тармақталады:
1. Контекстен тыс түрде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін саласы
– құрылымдық стилистика.
11
2. Тілдің әртүрлі қарым-қатынас саласында қолдану заңдылықтары
туралы ілім – функционалды немесе қолданымдық стилистика.
3. Көркем әдебиет стилистикасы.
4. Нормативті- практикалық стилистика.
5.Экспрессивтік стилистика.
6.Прагматикалық стилистика.
Құрылымдық стилистика тілдік құралдардың стилистикалық сапа-
қасиеттерін олардың нақты қолдану жағдайына қатыссыз тұрғыда зерттесе,
қолданымдық стилистика, керісінше, тілдік құрылымдардың қызмет ету
ерекшеліктерін олардың белгілі бір жағдайларда (мысалы, белгілі бір
жанрлық ерекшеліктері, ауызша, жазбаша т.б.) қолдануымен байланысты
қарастырады. Көркем әдебиет стилистикасы тілдік құралдардың ерекше
эстетикалық салада, ерекше жағдайдағы қолданысын: көркем шығармада
өнер тудырушы, өнер құбылысы ретіндегі қолданысын, яғни көркем
шығармадағы қызметін зерттейді. Ал, практикалық стилистиканың міндеті –
стилистикалық тілдік мәдениетті қалыптастыру. Бұған негіз болатын тілдің
стилистикалық қорын және оның қызмет ету заңдылықтарын меңгеру, мұның
өзі
сөз
қолданудың
стилистикалық
нормаға
сәйкес
дағдысын
қалыптастырады.
Бұлардың ішінде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін құрылымдық
стилистика саласы - әріден келе жатқан дәстүрлі сала. Оны сипаттама
стилистика десе де болады. Ол тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарын,
тілдік тұлғалардың (дыбыстан мәтінге дейінгі) мәнерлегіш мүмкіндіктерін,
мағыналық-қолданымдық
реңктерін
зерттейді.
Жазушы
тілінде
қолданылатын көріктеуіш-бейнелеуіш құралдар да осы стилистиканың
құрамына жатады. Тілдің стилистикалық синонимдік қатары – оның негізгі
зерттеу аймағын құрайды. Бір сөзбен айтқанда, жалпыхалықтық тілдік
қордың (байлықтың) стилистикалық құрамын зерттейді, ал ол стилистиканың
негізгі базасын құрайды.
Көркем сөз стиліндегі дәлдікті іс қағаздарындағы дәлдікпен бірдей деп
қарауға болмайды. Көркем сөздегі дәлдік — образды бейнелеудегі дәлдік,
бұл тұста ол шеберлікпен астасып жатады. Көркем шығармадағы сөз
мазмұнын әр оқырман өзінше түсініп жатуы қалыпты жағдай, тіпті, мұны сол
сөздің көркемдігі деуге болады. Ал, іс қағаздарындағы дәлдік — бұл сөздің
бәріне ортақ бір ғана мағынада жұмсалуы. Мысалы, заң мәтінінде сөзді өзге
мағынада түсіну немесе түсіндіру адам тағдырын шешуде зардабы ауыр
жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сол сияқты ғылыми стильдің де
өзіндік дәлдігі бар. Мысалы, белгілі бір ғылыми теорияны әр түрлі
көзқарастағы адамдар әр түрлі түсіндіреді. Ғылымда ғылыми
зерттеулердің нәтижелерін сыни көзқараспен қабылдап, оны тәжірибе
арқылы сынақтан өткізу, содан кейін ғана бұлтартпас қағида ретінде ұсыну
орныққан.
Стильдік белгі ретіндегі қисындылықты да әр түрлі түсінуге болады.
Жалпы, қандай сөз болмасын қисынды болу керектігі түсінікті, алайда
12
көркем сөзде бұған қарама-қарсы келетін жағдайлар да болуы мүмкін,
мұндағы қисындылық тағы да көркем бейнемен, оның сомдалуындағы
қисындылықпен, шеберлікпен («қиыннан қиыстырар ер данасы»)
байланысты. Ал, ғылыми шығарманың қисындылығы бұлтартпас дәлелге,
бірінен бірі туындап отыратын шындыққа құрылатындықтан, ғылыми
мәтіннің тілдік құрылымы да соған сәйкес келетін лексикалық, синтаксистік
бірліктерден таңдалып, сұрыпталып алынады. Іс қағаздарына келетін болсақ,
оның мазмұны талқылауға, дәлелдеуге емес, орындалуы тиіс талап-
тілектерге, міндет-тілікке құрылатындықтан, ондағы қисындылық та
мазмұды жағынан болсын, бейнелеу тәсілдері жағынан болсын басқаша
сипатта болады.
Бейнелілік туралы да осыны айтуға болады. Көркем сөздің бейнелілігі -
эстетикалық сипаттағы, дараланған, ешқашан қайталанбас нақты бейнелілік.
Ғылым тілінде де бейнелілік жоқ деуге болмайды. Бірақ табиғаты мен
қызметі жағынан екеуіндегі бейнелілік екі түрлі.
Ғылыми танымға бейнелілік о бастан тән, бейнелі ойлау ғылыми
шығармашылықтың айнымас қасиеті. Алайда, көркем сөздегі бейнеліліктен
ерекшелігі — ол типтенген, жалпыланған, дерексізденген сипатқа ие. Қоғам
мен табиғаттағы жалпы зандылықтарды ашатындықтан, ғылым тіліне
нақтылық, жекелік, даралық сияқты белгілер тән емес, бұл — ғылыми
стильдің ерекшелігін құрайды. Әрине, әр түрлі ғылым салалары өкілдерінің
ішінде тілі даралық сипатқа ие, бейнелі, көркем тілде жазатын ғалымдардың
да болатынын айту керек. Ол ғалымдардың өздерінің мүмкіндіктеріне
байланысты.
Әдетте, функционалды стильдер жоғарыдағы белгілердің бірінде бар,
бірінде жоқ болуымен, олардың бір-біріне қарама-қарсы қойылуымен
сипатталады, соған орай бір-бірінен ерекшелінеді (бейнелі — бейнелі емес,
дараланған — жалпыланған, көп мағыналы — бір мағыналы, шаблонды -
шаблонды емес). Сонымен қатар, функционалды стильдердің ерекшеліктері
стильдік белгілердің иерархиялық қатынасымен, бастапқы және кейінгі,
негізгі және қосымша дәрежелі болу сипаттарымен анықталады. Мысалы, іс
қағаздарында дәлдік (бір мағыналық), міндеттілік сипат негізгі де алғашқы
белгілердің қатарында болса, шаблонға құру, тұрақтылық, маңыздылығы кем
болмағанмен, екінші дәрежелі стильдік белгі. Соңғысы қоғамдық сана
ретіндегі іс қағазы түрінің өзіңе тән емес, бірақ оның пайда болуының
алғышарты ретінде қаралады. Өйткені стандарттылық, тұрақтылық іс
қағаздарын жүргізуді жеңілдетеді, сондықтан ол қажеттіліктен пайда болған.
Осы жағдай іс қағаздары мәтінінің тілдік ерекшелігін де қалыптастырған.
Жоғарыда айтылған жайлар әр стильге тән тілдік белгілерді, бір
жағынан, тілден тысқары жағдайлармен, екінші жағынан, оларды белгілеуші
тілдік құралдармен байланыстыра қарау қажеттігін көрсетеді. Интонациялық
сипатының жалпылығына байланысты дыбысталған функционалды стиль
мәтіндерін төмендегідей топтарға жіктеуге болады:
13
1) ресми стиль мәтіндері және публицистикалық, ғылыми стильдегі
ақпараттық жанрлар;
2) даярлықпен және даярлықсыз келетін публицистикалық және ғылыми
стильдегі талдамалы жанрлар;
3) прозалық және поэзиялық, драмалық шығармалар болып бөлінетін
көркем әдебиет стилінің мәтіндері;
4) сөйлеу тілі стилінің мәтіндері.
Бірінші топтағыларға кәсіби диктор, тілші, қоғам қайраткерлері,
ғалымдар оқыған сөйлеудің жазбаша формасы жатады. Бұл топтағы жетекші
рөлді ресми стиль атқарады. Себебі, бұл стильде белгілі стандарт сөздер
қолданылып, экспрессия болмайды және бұл қалып оның просодикалық
сипатына да тән болып келеді. Бұл стильдегі мәтіннің интонациялық
құрылымы сол себептен де қарапайым болып келеді. Бұл мәтіндердегі
кідіріске келсек, дикторлық кідіріс пен грамматикалық кідірістер орын
алады. Қарқыны жылдам, минутына 90 сөз, ал ғылыми мәтінде 100 сөз
қамтылады.
Екінші топқа публицистикалық және ғылыми стильдегі талдамалы
жанрлардың мәтіндері жатады. Ол ауызша және жазбаша негізде жасалады;
оған баяндама, сөз сөйлеу, дәріс (лекцияны) жатқызуға болады. Даярлықпен
және даярлықсыз да келеді. Интонациялық сипаты аса қарапайым. Онда
шынайы емес грамматикалық және дикторлық кідірістер орын алады.
Қарқын орташа не жылдам болады шамамен минутына 90 сөз қамтылады.
Көркем әдебиет стилі – бұл топтың үшінші түрі. Бұл мәтіндерде тілдік
бірліктердің барлығы соның ішінде біз қарастырған кідіріс, қарқын, әуен,
үдемелілік тәрізді просодикалық тәсілдердің барлығы кеңінен қолданыс
табады. Интонациялық құрылымның күрделі екендігін ерекше атап өтуге
болады. Стильдік бояу үстейтін шынайы грамматикалық кідірістер көптеп
орын алады. Қарқын орташа және баяу сипатта көрінеді.
Төртінші топқа сөйлеу тілі стилін жатқызамыз. Бұл стиль мәтініндегі
просодикалық тәсілдердің көрінісі жоғарыдағы көркем әдебиет стиліне
қарама-қарсы келуімен ерекшеленеді. Әрбір мәтіннің интонациясы түрліше.
Бұл түрлілікті интонациялық құрылым арқылы түсіндіруге болады. Ол әрбір
мәтіннің синтаксистік қатарының түрліше болуымен түсіндіріледі. Ол жай
және құрмалас сөйлемдердің құрылысынан көрінеді. Мәтіннің синтаксистік
құрылымы сол мәтіннің стилі мен жанрына сай келеді. Кез келген мәтіннің
интонациялық құрылымы оның күрделілігін көрсетеді. Осы интонациялық
құрылым мәтін интонациясын анықтауға мүмкіндік береді.Түрлі мәтіндегі
интонациялық
құрылымды
салыстыра
отырып,
дикторлардың,
журналистердің, ғалым, әртістердің жеке сөйлеу тұрпаты мен стильдің
жалпы тілдік белгілерінің болатындығын байқауға болады. Бұлар бір-бірінен
интонациялық құрылым арқылы ерекшеленеді.
Кез келген стильдің интонациялық құрылымын салыстыра отырып,
төмендегідей тұжырымдар жасауға болады. Мәтіннің жалпы интонациясы
қарапайым болса, оның интонациялық құрылымы да қарапайым болады,
14
және керісінше интонация күрделі болса, оның интонациялық құрылымы да,
күрделі болады. Ең қарапайым интонациялық құрылым ресми-іс қағаздар
стиліне тән, ал ең күрделі интонациялық құрылым көркем әдебиет стиліне
тән. Интонациялық құрылымның көмегімен негізгі функционалды стильдің
интонациялық ерешеліктерін анықтауға болады.
Функционалды стильдерді дыбысталу жағынан, жазбаша мәтінге
қарағанда функционалды стиль мәтіндерінің өзара ерекшеліктерін байқауға
болады. В.А. Артемовтың айтуынша, оған: «Сөйлеудің стильдік
ерекшеліктеріне қандай да бір интонацияның акустикалық белгілері әсер
етеді». Владимир Яхонтовтың: «Дикторды материалды сауатты жеткізу
алаңдату керек, әсерсіз интонация бір сарынды салғырт үн қабылдауды
қиындатады. Дыбысталған мәтіннің қабылдануы оның интонациясына
байланысты»,-дейді
Филология ғылымында стилистика, стиль сөздері ертеден қолданысқа
ие. Ресейде XIX, тіпті XVIII ғасырдан стилистиканың жекелеген
аспектілеріне арналған зерттеулер шықты (мысалы, әртүрлі көркем
шығармалардың не жазушылардың тілі, стилі туралы), теориялық сипаттағы
еңбектер де жарық көреді. Алайда, ғылыми пән ретінде стилистика XX
ғасырдың 20-30 жылдарынан қалыптаса бастайды, ал оның бір тармағы
болып саналатын функционалды стилистика 50 жылдардан бастап белсенді
түрде зерттеу объектісіне айналады.
Стилистика, стиль ұғымының мәні тілдің коммуникативтік аспектісімен,
тілдің қолданысымен, қызмет ету жағдайымен тығыз байланысты. Бұл
мәселеге көңіл бөлу XIX ғасырдың аяғы XX ғасыр басындағы тілші
ғалымдардың еңбектерінен бастау алады: В.Гумьбольдт, Ф. де Соссюр,
А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Е.Д.Поливанов, Л.П.Якубинский,
Р.О.Якобсон, В.В.Виноградов, Г.О.Винокур т.б.
Функционалдық-стилистикалық зерттеулер, әсіресе, өткен ғасырдың 60
жылдарынан, тіл ғылымының тілдік құрылымын зерттеуден оның қызметін
(тілдің тұрақты күйінен даму жағдайын) зерттеуге ауысуынан бастап
белсенді жүргізіледі. Стилистиканың қалыптасуы әдеби тіл нормасы
мәселелерін зерттей бастауға да тығыз байланысты (чех ғалымдары:
В.Матезиус, В.Гавренек, Э.Косериу және орыс ғалымдары В.В.Виноградов,
Г.О.Винокур т.б. еңбектері).
Стилистиканың қалыптасуына тіл ғылымының «ұсақ» бірліктерді
зерттеуден «ірі» бірліктерге ден қоюы да (дыбыстардан - мәтінге қарай)
ықпалын тигізді.
Стилистиканының дамуына әдеби тіл, тіл мәдениеті мәселелерін зерттеу
де өзіндік үлес қосты.
Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына байланысты да стиль, сөз
мәдениеті мәселелері одан әрі өзекті бола түседі.
Жоғарыда айтқандай, мәтін лингвистикасы, прагматика стилистикалық
зерттеулердің кейбір жаңа бағыттарын туғызды. Ю.С.Степанов: «Қазіргі
уақытта ұлттық мәдениетті, тілді және психологияны зерттеу стилистиканың
15
(тіл ғылымының бір саласы ретінде) пайда болуымен одан әрі нақтылана,
айқындала түсті», - дейді [4, 21 б.].
Стилистика, сонымен, өзінің сипаты, мәні жағынан – функционалды
сипатқа ие (оның даму тарихы соны дәлелдейді). Бұл теориялық ғылым бола
тұра, оның қолданбалы, тәжірибелік маңызын жоққа шығармайды. Керісінше
стилистиканың дамуы (функционалды стилистиканың) тілді оқыту
әдістемесіне, басқа қолданбалы салалардың дамуына да ықпалын тигізді.
Лингвостилистика тілдік теорияның іргелі мәселелерін зерттейді (мыс, тілдің
әлеуметтік табиғаты, оның құрылымдық және функционалдық аспектілерінің
байланысы, қызмет ету заңдылықтары, тіл мен ойлаудың байланысы).
Функционалды стилистика қандай да бір байланыс саласындағы
коммуникативті міндетке тәуелді тіл қызметінің заңдылығын зерттейтін
ғылым. Ол бәрінен бұрын функционалды стильдердің айтылу жүйелігі мен
өзіндік қызметі және өзге де функционалды‑стильдік ерекшеліктерді, яғни
«стиль ішіндегі» жанрлық жағдаяттарды қарастырады. Оның міндетіне тілдің
жеке стилистикалық мүмкіндіктерін қарым‑қатынас мақсаты мен міндетіне,
мазмұн сипатына, ойлау формасына және әрбір әлеуметтік саладағы қарым‑
қатынастың жағдаяттық ерекшелігіне байланысты зерттеу жатады.
Функционалды стилистикаға тіл қызметі және оны қолдану жатады,
яғни оның құрылымы емес, тек тілдік құралдары, сонымен қатар
экстралингвистикалық факторлар анықтаған таңдау мен үйлесімдік
ұстанымдары жатады. Оның нәтижесінде сөйлеу тілі (сөйлеу жүйелігі)
ұйымдастырылады. Функционалды стилистика дегеніміз – әртүрлі қарым‑
қатынас саласында, адамның іс‑әрекеті түрлеріне сай қолдану заңдылығын,
сонымен қатар функционалды түрлерде, оларға тілдік құралдарды таңдау мен
үйлестіруді
шоғырландырылған
сөйлеу
жүйелілігін
зерттейтін
лингвистикалық ғылым. Сөйлеу формаларының өзгерісі мәтіндегі баяндау
формаларына динамикалық сипат береді. Жазушы сөйлеу формалары арқылы
шығармада баяндалатын жайларға қандай мән беретінін байқатып, бірде
оқиғаны өмірдің өзіндегідей кең, толықтай бейнеленсе, бірде жалпылама
сырғыта сипаттайды.
Стилистиканы танып‑білуде жалпы лингвистикалық әдіс‑тәсілдер
қолданылады. Сондай‑ақ, көрнекті ғалым‑зерттеушілердің тұжырымды ой‑
пікірлері
мен
арнаулы
жүргізілген
эксперимент
жұмыстарының
қорытындылары бойынша стилистика жайлы, оның ішінде қазақ тілі
стильдері мен практикалық стилистика туралы шынайы ой‑пікірлері назарда
ұсталынуға тиіс.
16
Жалпы стилистиканы зерттеудің әдіс‑тәсілдері екі топқа бөлініп
қарастырылады: бірі теориялық таным әдістері, екіншісі теориялық‑
практикалық әдістер.
Стилистиканы қарастырудың тілдік теориялық әдістері: әңгіме,
баяндау, түсіну, көркемдік элементтердің қызметін ашу, т.б. пайдаланылады.
Тілдік материалдардың ерекшеліктерін таныту бағытында сөйлем мен
мәтіндерге жан‑жақты талдау жүргізу, сөйлемдердің ішкі байланыстарын,
интонациялары мен мәнерлілігін, стильдік және эмоционалды‑экспресивтік
сапаларын анықтап, стилистикадағы тіл стильдерін ажырату көзделеді.
Тіл стильдері туралы білім мен дағды стиль түрлерін нақты
ажыратып қана қоймай, көркем шығарма мәтінін жан‑жақты зерттей білуге
де көмегін тигізеді. Өйткені, стилистикалық талдау жүргізу кезінде
салыстырмалы әдіс‑тәсілдерсіз белгілі нәтижеге жету мүмкін емес. Ал,
белгілі бір мәтінді редакциялау мен жетілдіру әдістері, сөздерді синоним
немесе варианттармен алмастыру, суреттеу мен баяндауға байланысты
сөйлемдерді нақтылау арқылы белгілі бір стильге сай қысқарта құру, қайта
құрау, сөйлем мен мәтінді басқа стиль түрлеріне сәйкес қайта жазу сияқты
амалдар тілдік‑стильдік нұсқаның толығуына мүмкіндік береді. Әсіресе қазақ
тілінің стильдері туралы жүйелі білім мен дағды беруде осы теориялық‑
практикалық әдістер жиі қолданылып, олардың пайдаланудағы тиімділігі
байқалады.
Сонымен, мәтін стилистикасын зерттеп, тану мақсатына сәйкес
әдістерді екі топқа бөліп қарастырамыз: біріншісі, тілдің стилистикалық
байлықтарын, реңдерін, мәнін ашу, екіншісі, әдеби тіл стильдерінің жұмсалу
қызметтерінің ерекшеліктерін табу. Сол мақсатқа орай, тәжірибе жасау
арқылы да стильге авторлық өзгеріс енгізуге болады. Ол үшін мынадай
тәсілдерді қолданған жөн:
1. Даяр мәтіннің стилін анықтай білу.
2. Мәтінге стильдік талдау жасай білу.
3. Берілген мәтінді өңдеп, редакциялай білу мақсатына байланысты
түзету енгізу.
4. Даяр мәтінді басқа тіл стилімен өзгертіп, қайта жаза білу.
5. Берілген стиль бойынша мәтін құрастырып жаза білу. Бұған қазақ
тілі сабағына байланысты практикалық жұмыстар жүргізу арқылы
жаттықтыруға болады. Әсіресе, бұл жүйе студенттің білім көлеміне
байланысты болмақ.
6. Тіл стильдеріне байланысты жазба жұмыстары, шығарма,
мазмұндама, іс‑қағаздары, мақалалар, мөлтек сыр, рецензиялар, баяндама
жазу арқылы авторлық стильді түсінуге қол жеткізуге болады.
17
Мәтіннің стилін анықтау – стиль туралы түсінік берудің алғашқы
кезеңі, стилистиканы меңгертудің бастапқы сатысы болып табылады.
Сондықтан стиль туралы мәлімет беру, мәтіннің қай стильде жазылғанын
анықтау, қаламгердің дара стилін ажырату жұмыстарын тілдік‑көркемдік
тәсілдер арқылы, тынымсыз еңбектің арқасында тануға болады.
Дара стильді анықтау үшін мәтіндегі тілдік элементтердің көркемдік
қызметін ашу – басты мақсат болып табылады.
Функционалдық стильдердің ерекшеліктері бойынша жұмыстар
жүргізіп, олардың грамматикалық ерекшеліктерін ашу, айтылу, баяндау
мақсаттарын анықтау – көркем шығарманың өзіндік белгілерін тануға
көмектесетін амалдар екендігі белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |