23
сөйлемнің негізгі құрылымдық кестелерін, лексикадағы стилистикалық
бейтарап сөздерді қамтиды.
Жеке норма, негізінен, стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарды
қамтиды.Стилистикалық
нормада
жалпыға
ортақ
міндеттілік,
шекараларының айқын болуы жалпы нормадағыдай емес, аздау мөлшерде
болады. Әр функционалды стильдің нормасы әр түрлі болып келеді. Біреуіне
тән норма екіншісіне тән болмайды, не аз мөлшерде деректі болады.
Мысалы, ғылыми стиль мен ауызекі тұрмыстық сөйлеу стилінің нормалары
бір-біріне қарама-қарсы, ал ғылыми стиль мен ресми стильдің нормалары
бір-біріне жақындау болады.
Әр стильдің нормасына қысқаша сипаттама берейік.
Ғылыми стильде сөйлемнің синтаксистік құрылымы толық, сөйлемдер
шұбалаңқы, ұзын болады. Сөйлемдегі сөздердің орны логикалық қатаң
тәртіпке бағынады. Мағынасы жалпылама – дерексіз сөздер басым
қолданылады. Ғылыми стильдің дайындалу, көріну жағдайы да ерекшелікке
ие: ол алдын-ала мұқият дайындалады және мұнда қарым-қатынас тікелей
емес, жанама түрде орнатылады, көп жағдайда жазбаша көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: