бойынша портфельдің әртүрлі типтері пайда болды (Еуропалық тілдік
портфель, 1997).
Ғалымдардың пікірінше, демонстрациялық портфель, үйрететін
портфель орта және жоғары мектептерде кеңінен таралуы ықтимал.
Біріншісінің мазмұны белгілі бір уақыт кезеңінде тіл үйренушілердің өз
бетінше жұмыстарының үлгілерін құрайды. Осындай портфель көмегімен тіл
үйренуші жұмысқа қабылдағандағы интервью барысында, оқуға түскендегі
әңгімелесу кезінде оқып үйреніп жүрген тілді пайдаланғандағы өзінің
жетістіктерін көрсете алады. Екінші портфельдің мазмұны оқушылардың өз
бетінше жұмысы бойынша материалдар мен ұсыныстардан тұрады. Осындай
материалдардың көмегімен тіл үйренуші өз бетінше немесе оқытушы
көмегімен тілді меңгеруін жетілдіре алады. Үйретуші портфель
құрылымында тілді меңгеруді бағалау мен өз бетінше диагностика жасаудың
құралдары кіреді. Мұндай портфельдің негізгі функциясы педагогикалық, тіл
үйренушінің басқа мәдениетті, тілді өз бетінше үйренуге дайындығы мен
қабілетін дамытуға құрылған. Жоғарыда аталған портфельде түрі Еуропа
Кеңесі аясында алғаш рет жасалды. Еуропалық тілдік портфель негізінде
портфельдің ұлттық нұсқалары кейбір елдерде жасалды. Онда ұлттық
мәдени, оқу дәстүрлері ескерілген. Еуропалық тілдік портфель негізінде
Ресей ұлттық портфелі дайындалды. Портфель материалдары өз бетінше оқу
әрекетінің үрдісінде тілді меңгеру құралы ретінде, осындай меңгеруді
бағалау құралы ретінде кең қолданылуы мүмкін.
Тілдік портфельдің тілді үйретудегі рөлі оқушының қатысымдық және
мәдениаралық
құзіреттілігін
қалыптастыруда
көмекші
қызмет
атқаратындығын атап өткен маңызды. Себебі қазақ тілін оқытудың барлық
қызметін тілдік портфельмен алмастыру мүмкін емес. Тілдік портфельді
сабақта қолданудың жолдары оқытушының шеберлігі мен біліктілігіне
байланысты.
Әр жыл сайын тілдік портфельге арналған папка тіл үйренушінің
қалауы бойынша толтырылып отырады. Тілдік портфельдің соңғы бетін
оқытушы толтырып отырады. Бұл бетте оқытушы тіл үйренушінің қандай
37
оқулықпен,
қандай
бағдарламамен,
қандай
жаңа
педагогикалық
технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы тілді үйренгендігін жазып
отырады. Сонымен қатар тіл үйренушінің сөйлесім әрекетінің түрлері
арқылы қазақ тілін үйренудегі қатысымдық құзіреттілігін қалыптастыруға
мінездеме беріледі. Мысалы, бұрыннан қалыптасқан не болмаса жаңадан
қалыптаса бастаған тілді үйренудегі қатысымдық құзіреттілігін:
· қалыптасқан;
· қалыптасу үдерісінде;
· қалыптаспаған деп бағалайды.
Беттің соңына оқытушы қолын қойып, мөрмен растап отырады.
Тілдік портфель оқытушы мен оқушы арасындағы өзара бірлескен
жұмысты талап етеді. Тілдік портфель ақпараттық, педагогикалық,
әлеуметтік қызметтер атқарады.
Тілдік портфельдің ақпараттық қызметі тіл үйренушілердің тілді
игеру деңгейін анықтауға; бақылауға мүмкіндік береді. Тілдік портфельдің
педагогикалық қызметі оқу үдерісімен тығыз жүзеге асып отырады. Қазақ
тілін оқыту және үйрету үдерісінде нақты нәтижелерге қол жеткізуді
жетілдіру, қамтамасыз ету; тілдік білім беру ісінің сапалылығы; оқытушы
мен тіл үйренушінің арасындағы тығыз қарым-қатынас; тілді меңгеру
деңгейін бағалау және бақылау; оқу үдерісін жоспарлауды жеңілдету;
оқытушының да, тіл үйренушінің де кәсіби құзіреттілігін жетілдіріп,
жіберген қателерін түзету тілдік портфельдің педагогикалық қызметімен
тығыз байланысты.
Тілдік портфельдің әлеуметтік қызметі: қоғамдағы әр тіл
үйренушінің тілдік және мәдениаралық қатысымын дамытуға; тіл
үйренушілердің сөйлеу шеберлігін жетілдіру мотивациясын арттыруға
қызмет етеді.
Қазақ тілін оқытуда тілдік портфельді қолдануда оқушы мен оқытушы
арасындағы жаңа қарым-қатынас ұстанымын басшылыққа алған орынды.
Оқушы мен оқытушының арасындағы жаңа қарым-қатынас ұстанымы тіл
үйренушінің жеке басын, оның жеке тұлғалық қабілеттерін, пікірлерін
құрметтеуге бағытталған. Оқушылардың қазақша сөйлеуін қалыптастыру
сабақтарында оқушы – субъект, яғни жеке пікірі, өз әрекеттеріне баға бере
алатын адам тұрғысында танылады. Оқушылардың қазақша қатысымдық
құзіреттілігін қалыптастыру сабақтарында тіл үйренуші білімді игеруде өз
бетінше ізденістер, зерттеулер жүргізіп, өтілген материалдарды өздігінен
меңгеруге ұмтылса, мұғалім оқушының әрекеттерін бағыттаушы рөлінде
болып, оның ізденімдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ұмтылады.
Сондықтан тілдік портфельді оқыту жүйесінде қолдану мұғалім мен студент
арасындағы қарым-қатынастың жаңа қағидаларға негізделуіне түрткі болады.
Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Тіл
үйренуші өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуы басты
назарда ұсталынады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы
мақталып, қатесі еппен түзеліп отырылады.
38
Тілдік портфель тіл үйренушілердің қазақ тілін үйренудегі
жетістіктері мен жинақтаған нәтижелерін сараптан өткізіп отыратын жеке
құжаты болғандықтан олардың эмоционалдық көңіл-күйімен тығыз
байланысты болады. Сондықтан қазақ тілін үйретуде эмоционалдық көңіл-
күйі студенттің іс-әрекетіне, табиғи даму заңдылығына байланысты өрбиді.
Оқытушы сабаққа жоғары көңіл-күйде келіп, сабақ өткізетін болса,
студенттің де көңіл-күйі көтеріліп, сабақтағы материалды игеруге деген
ынта-ықыласы артады. Сол себепті оқушының берілген тапсырманы игеруге
деген ықыласының артуы оның эмоционалдық күйімен тығыз байланысты.
Ол үшін мұғалім төмендегідей талаптарға мән беруі қажет: мұғалім әр
сабаққа дайындалу барысында оқушыларға қалай жағымды әсер ету
керектігін ойлануы қажет; кабинетке кірген мұғалім оқушылармен жылы
шыраймен амандасып, қалжыңдаса білуі керек; оқушылармен демократиялық
қарым-қатынас жасау стилін сақтай білу керек; сабақты түсіндіруде
оқушыларға дөрекі сөйлеуге болмайды; оқушыларға жаңа материалды игерту
үшін оларды эмоционалды дайындау керек; студенттердің жаңа тапсырма
негізінде меңгерген материалдары бойынша белгілі бір нәтижеге қол
жеткізуіне мән беру қажет; сабақтың жоғары деңгейде өткендігі жөнінде тіл
үйренушілердің қанағаттанушылық сезімдерін тудыру, т.б.
Демек, әр сабақ сайын эмоционалдық көңіл-күйі жоғары оқушы
оқыған материалдары бойынша қандай жетістікке қол жеткізді, өткен сабақ
бойынша қанағаттанушылық сезімі пайда болды ма деген сұрақтар
төңірегінде ойлана отырып, тілдік портфельге қажетті тапсырмалар жүйесін
сараптаудан өткізеді. Нәтижесінде кері байланыс орнатылады. Тілдік
портфель арқылы кері байланыс орнату тіл үйренушілердің сабаққа
күнделікті дайындалуын қадағалайды. Тілді үйрету барысында әр оқушы
күнделікті сабақта не үйренгендігін, қандай жетістікке жеткендігін хабарлап
отыруы қажет. Яғни білім алушы әр сабақ сайын алған білімін тексертуі
керек. Егер тіл үйренуші сабаққа баға алу үшін ғана дайындалатын болса,
онда тілдік портфельге түсетін құжаттар нәтижесі жоғары нәтиже бере
алмайды. Кері байланыс орнату ұстанымын жүзеге асыруда арнайы
шарттарға көңіл бөлу қажет: үйге берілетін тапсырма басқа пәндерге
дайындалуына кері әсер етпейтіндей білім алушының мүмкіндігіне қарай
берілуі тиіс.
Тілдік портфель - тілді оқытып үйретудің құралы. Тіл үйренушінің
өнімді әрекетін дамытуды қамтамсыз ететін тілдік портфель оқытудың жаңа
технологиялық құралы болып табылады. Тілдік портфельді оқушының тілді
меңгеруі бойынша нәтижесін білдіретін жұмыс материалының пакеті деп
анықтауға болады. Пакеттегі осындай материалдар жиынтығы оқушының
жетістігін бағалауға мүмкіндік береді. Портфель - оқушының тілді меңгеру
үрдісіндегі оны меңгеру деңгейіндегі жетістігінің инструменті ретіндегі
оңтайлы технологиялық құрал. Тілдік портфельді пайдалану тілдік білім
берудегі тілді оқыту ұғымын тілді және мәдениетті меңгеру ұғымымен яғни
оқушының өз бетінше оқу әрекетімен алмастыра алады. Тілдік портфель
39
оқушының тілді меңгеру жетістігін айқындайтын өзін өзі бағалауы арқылы
көрінетін осы үрдістің өзгеше «айнасы» ретінде қарастырылады.
Тілді меңгеру жетістігіне бір реттік баға беретін стандартты тестілерден
айырмашылығы тілдік портфель оқушы мен оқытушыға тілді меңгеру
деңгейінің динамикасын бақылауға мүмкіндік береді сондай - ақ тіл
үйренушінің өзінің тілдік дамуының өмірбаянын көрсетеді. Тілдік
портфельді дайындаушылардың пікірінше, тілдік портфель өз бетінше
жұмыс істеу кезінде, өзін өзі бағалау кезінде оқушының « өзіне үңілуіне»,
өзінің қабілетін, біліктілігін тіл мен мәдениетті үйренудегі прогресін оқу
әрекетіндегі шынайы нәтижесін тануға мүмкіндік береді. Еуропалық тілдік
портфель негізінде портфельдің ұлттық нұсқалары кейбір елдерде жасалды.
Онда ұлттық мәдени, оқу дәстүрлері ескерілген. Еуропалық тілдік портфель
негізінде Ресей ұлттық портфельі дайындалды. Портфель материалдары өз
бетінше оқу әрекетінің үрдісінде тілді меңгеру құралы ретінде, осындай
меңгеруді бағалау құралы ретінде кең қолданылуы мүмкін.
Сонымен қорыта келгенде, Тілдік портфель дегеніміз - оқушының тілдік
құзіретін бағалауға мүмкіндік беретін жеке құжат. Бұл құжатта:
а)тілді меңгерудің жалпы құзіреті негізінде жазылған тілдік білік
дағдылары, мәдениаралық қатысым иәжірибесі, тілік білімі туралы
мәліметтер көрсетілген тілдік паспорт.
б) тілдік өмірбаяны;
в) тілді оқу саласындағы жетістіктерді растайтын құжаттар.
Тілдік өмірбаянда оқушының тілді меңгеру деңгейі бағаланатын,
нақтыланатын параметрлер беріледі.Тілдік өмірбаянда оқушы өз деңгейін
өзін бағалау кестесі бойынша анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |