Байланысты: О.Мейірбек Астана-өнім АҚ сүт өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін анықтау дипломдық жұмыс
1.1.2 Өнімнің органолептикалық көрсеткіштері бойынша сапасын бағалау
Органолептикалық тәсіл—өнімнің сапа көрсеткіштерін сезім мүшелерімен көру, иіскеу, ұстап сезу, есту, дәмі негізінде анықтау әдісі. Бұл әдістің артықшылығы: сапа көрсеткіштерінің жеткілікті және тез анықталуы және қымбат жабдықтарды қажет етпеуі, ал кемшілігі дәлділігінің төмендігі. Органолептикалық сараптағанда сүт өнімдерінің сыртқы түріне, консистенциясына, түсіне, дәміне және иісіне көңіл аударады.
Органолептикалық көрсеткіштері бойынша сүт 1- кестеде көрсетілген талаптарға сай болуы керек.