Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: ««Астана өнім»



бет14/26
Дата06.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#13414
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Консистенция ақаулары – кейбір микроорганизмдердің өміршеңдігі нәтижесінде түзіледі. Сүт сүт қышқылды бактерия әсерінен қою консистенцияға, шырыш түзетін бактерия әсерінен шырышты немесе созылғыш консистенцияға ие болады.


1.4 Өнімнің сапасын бағалау әдістері

Пастерленген сиыр сүтінің сапасы МЕМСТ 13277-79 стандартында регламенттелген. Тұтынушыларға ұсынылатын азық-түлік өнімдерінің барлығынан да ең үлкен әлеуетті қатері жануар тектілерден дайындалған тағам өнімдерінен болып келеді. Көбінесе бұл жағдай сүт өнімдеріне қатысты. Себебі 80%-дан аса адам мен жануар ауруларынаортақ ауру жұқтыратын агенттер тудырады. Қауіп-қатердің басым көпшілігі тамақ өнімдерінің қауіпті және зиянды ауру жұқтыратын микроағзалардың ластануымен байланысты сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу сатысына тән. Қазіргі кезде мемлекет пен тұтынушының деңгейінде сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорынға оларды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау және реализациялауға қатаң талаптар қойылып отыр. Адам денсаулығы мен өмірін қорғау мақсатында 2013 жылы қолданысқа енгізілген «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» (ТР КО 021/2011) Кедендік одақтың технологиялық регламенті қабылданды. Осы регламент Кедендік одақ қатысушыларына кіретін барлық елдерге, соның ішінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына таратылады. ТР КО 021/2011 міндетті талаптар қатарына НАССР (МЕМСТ ҚР 51705.1-2001) (қатер анализі мен шекті бақылау нүктелері) жүйесін енгізу жатады. Сүтті қайта өңдеу өндірістерінде сүтті қабылдау мен сапасын бағалау бекітілген ереже бойынша жүреді. Біріншіден тара инспекциясын жүргізеді. (Пломбаның тазалағымен бүтіндігін, толтыру дұрыстығын, құты қақпағы астындағы резиналы сақинаның болуын тексеру, температурасын, қышқылдылығын, майдың массалық үлесін, тығыздықты, тазалық тобын, сүттің табиғилығын, органолептикалық көрсеткіштерін, шикізат массасын). Сүтті қабылдау үшін аспалы жүк түсіретін платформаны орнатады. Ол асфальтталған транспорт келуіне ыңғайлы болуы керек. Цистерна мен флягадан қабылдау бөлмедегі сүт сақтайтын резервуарларға сүтті қотару үшін платформаны тат баспайтын болаттан жасалған шлангімен жабдықтайды. Сүт өндірісінде технологиялық өңдеу үшін МЕМСТ 13264 талаптарына сәйкес келетін сүтті қабылдайды. Осы стандарт бойынша сүтті дені сау, инфекциялық ауруы жоқ шаруашылықтардың малдарынан алады (кесте - 23). Малда инфекциялық ауруы бар сүтті ветеринарлы заңдылықпен тағамға пайдалануға рұқсат етілмейді. Сүт өнімдерін өңдеу үшін жіберілмейтін сүт шикізаты:  МЕМСТ 13264-88 талаптарын қанағаттандырмаса;  сиыр туғаннан кейін бірінші жеті күнде алынған сүт (уыз сүт) және соңғы жеті күнде сауылған сүт;  бейтараптандыратын және консервілейтін заттар қосылса;  мұнай өнімі және химикат исі болса;  өсімдіктер мен малдарды қорғайтын құрамында химиялық заттардың қалдық мөлшері, сондай-ақ антибиотик және ДДТ болса;  жалған болса (қосылған);  ашыған, борсыған, шіріген иісті және жем шөбіне байланысты өткір исі болса (пияз, сарымсақ, жусан, күнжара, сүрлем);  сүттің өзіне тән қалыпты түсі өзгерсе, қабыршақ, қойыртпақ, шырышты-жабысқақ болса;  бруцеллез, туберкулез, аусыл, сальмонеллез аурулары бар шаруашылықтан алынған сүт болса;  сортталмаған, жұқпалы аурулары бар шаруашылықтан алынған жағдайда;  құрамында нейтралды заттар, ауыр метал,күшала ( мышьяк), пестицид мөлшерінің қалдықтары, афлотоксин м1 болса. Шикі сүттің сапасы кесте 2 – де көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс. Сауғаннан кейін шаруашылықтарда сүтті 2 сағаттан артық қалдырмай механикалық қоспалардан тазалайды (фильтрлейді) және +6ºC тан көп емес температурада салқындатады. Қабылданатын сүт табиғи, түсі ақ, немесе әлсіз - крем тәрізді, тұнбасыз және қабыршақсыз. болуы тиіс. Сүтті мұздату, ингибирлеуші (антибиотиктарды жуғыш – дезинфекцияланған заттар, формалин) және нейтралдаушы заттардың (сода, аммиак) болуы жіберілмейді. Сүттің тығыздығы 1027 кг/м3 төмен болмауы тиіс. Балалар тағамының өндірісіне және стерилденген сүтті өңдеуге арналған сүт жоғары және бірінші сорттың талаптарына сәйкес, бактериальдің себілуі 300-500 мың/см3 -тан жоғары емес, соматикалық жасуша құрамы 500 мың/см3 тан көп емес және термотұрақтылығы 2-ші топтан төмен емес болуы тиіс. Сүттегі майдың және ақуыздың массалық үлесі аймақта бекітілген базисты нормадан кем болмауы тиіс. Сүттің тығыздығы 1027 кг/м3 , қышқылдығы 16ºТ, 19°Т – тан 21°Т - ға дейін бақылау болғанда, үлгілер негізінде бірінші немесе екінші сортпен алуға жіберіледі, егер ол органикалық көрсеткіштерімен, тазалығымен, бактериалді себілуімен және 13 соматикалық жасуша құрамымен стандарт талабына сәйкес келсе жіберіледі. Бақылау үлгісі сынағының әсері 1 айдан аспауы тиіс.

3 кесте - МЕМСТ 13264 бойынша сүттің сипаттамасы

Көрсеткіштер

Сүт сорты бойынша нормасы

Жоғары

1 сорт

Норма

Нақты

Норма

Нақты

Сыртқы түрі

Біртекті сұйықтық тұнбасыз және қабыршақс ыз.Түсі ақтан әлсіз кремді

Біртекті сұйықтық тұнбасыз және қабыршақсыз Түсі ақтан әлсіз кремді

Біртекті сұйықтық тұнбасыз және қабыршақсыз Түсі ақтан әлсіз кремді

Біртекті сұйықтық тұнбасыз және қабыршақсыз Түсі ақтан әлсіз кремді

Дәмі мен исі

Сүтке тән дәмі, басқа иіс пен дәмнің болмауы

Сүтке тән дәмі, басқа иіс пен дәмнің болмауы

Көктемгі- қысқы кезеңдерде жем-шөбіне байланысты әлсіз азық дәмімен жіберіледі

Көктемгі- қысқы кезеңдерде жем-шөбіне байланысты әлсіз азық дәмімен жіберіледі

Эталон бойынша тазалық дәрежесі, төмен емес

1

1

1

1

Тығыздығы, кг/м3 , аз емес

1027

1027

1027

1027

Қышқылдығы, 0 Т

16-18

16-18

16-18

16-18

Бактериалдықтұқымдануы, мың/см3

300 дейін

300 дейін

300 дейін

300 дейін

Май құрамы, %

3,6-3,9%

3,6-3,9%

3,6-3,9%

3,6-3,9%

Сүт фермаларының мал дәрігерлік - санитарлық жағдайы жайында мал дәрігерлік қадағалау органдарының сүт шаруашылығын өндірушілерге берген анықтама қағаздары жоқ болса сүттерін қабылдауға тыйым салынады. Сүт өнеркәсібі өндірісіне жіберілген сүттің әр партиясының мөлшері, температурасы, май құрамы мен сорты, көрсетілген сапа куәлігі болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет