Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақ фольклорының негізгі белгілері мен сипаттары



бет15/16
Дата29.05.2022
өлшемі364,24 Kb.
#35871
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Қорытынды

Фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреттері мен мұң-зары, келешектен кұткен арман-тілектері айқын көрініс тапқан. Жоқтау, сыңсу, қоштасу өлеңдерінде халық өз теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының ауыр тағдырына үн қосқан. Әрбір айтушы-импровизатор өз тыңдаушысына ұстаздық жасап, олардың түйсік-сезімін келелі ой-ниеттерге бастап отырған. Мұндай өлең-жыр мен ән-күй көп жайда өмірдің өзінен туындайды. Оған қазақ фольелорының көтерген мәселелері мен тақырыбы да айғақ бола алады. Салт жырлары мен ертегі жанрының көтеретін мәселесі көбіне от басының тірлігіне, соның бақыты мен қайғысына құрылса, халық патриотизмі мен ерлікті дәріптейтін эпостық жырлар ел қорғаусарындарына негізделген.


Қазақ фольклорының ұнамды образдары үнемі халық ортасында, коллективтік рухта жасалған. Ерлік, махаббат, әділдік, адамгершілік – бәрі де солардың бойына жинақталған. Қазақ фольклорының озық үлгілеріне тән осы коллективтік сипатты оның халықтық арқауының бірі дейміз.
Қазақ фольклорының образдары жанды әрі шынайы болып келеді. Олар адамға терең ой салып, ғибрат береді. Фольклор туындылары адам тәрбиесі, қоғам мәселелерінен шет жырланған емес. Оның басты айтар ойы-халықты, адам баласын сүйе біл, еңбек пен ерлікті қастерле, досқа жылы, қамқор, дұшпанға берік бол, жас та болсаң, елге ағалық көрсете біл, өмірден үйрен де, өрге, өнерге ұмтыл дейтін ғибрат. Мұның бәрі адам, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесі үшін аса қажет болған. Ертегі мен эпоста көптеген образдар бар десек, солардың мінез-құлықтары, психологиясы бір-біріне қарсы қойылған. Онда бірлік пен араздық, достық пен жаулық сарыңдары шендескен. Мұны біз халық гуманизмінің фольклордағы көрінісі дейміз.
Фольклор шығармалары қоғам дамуының әр түрлі сатысында, негізінен еңбек процесінде жасалатын болғандықтан, пессимизм дегенді білмейді. Оның бас кейіпкерлері көбіне мұрат-мақсаттарына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән оптимизм белгісі дейміз.
Фольклор шығармаларының тілі ақындық тілдің биік табысы болумен қатар, қазақтың бүгінгі әдеби тілінің де негізін қалаған. Осы себептерден, қазақ фольклорын зерттеудің ғылыми, өміртанытушылық, эстетикалық, тәрбиелік және тарихи мәні аса зор.
Ғасырлар бойы түрлі жырау, жыршы, ақын, көркем сөз зергерлерінің өңдеуінен өткендіктен, қазақ фольклоры жанр жағынан да аса іргелі, қомақты. Жанр байлығына келгенде, қазақ фольклоры жазба әдебиетке жете қабыл. Мысалы, бір ғана үйлену жырлары тойбастар, жар-жар, сыңсу, қоштасу, беташар, жұбату болып жіктеле жөнеледі. Еңьек пен түрлі әдет-ғұрыптарға байланысты салт жырлары да бірнеше топқа бөлінеді. Олар: төр түлік мал туралы жырлар, бәдік, арбау, бата, бақсылық сарындары, наурыз, жарапазан, т.б. Қазақ эпос туындыларын батырлық, тарихи және ғашықтық жырлары деп бөлсек, мұның да әр саласында келелі жырлар аз емес. Айтыс поэзиясы жөнінде де осыны айтуға болады. Бұдан көретініміз: қазақ фольклоры оқып үйренуды, ғылыми тұрғыдан терең зерттеуді тілейтін қымбат қазыналардың бірі, бүгінгі мәдениетімізге келіп құйған халық творчествосының үлкен бір арнасы.
Фольклор – тарихи оқиғалар ізімен қиялдау, образдау тәсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір саласы, танымдық, тәрбиелік мәні зор мәдени мұра.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет