Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақстан аумағындағы әскери казактардың саяси тарихы (ХІХ ғ. ортасы-хх ғ. басы) Алматы 2021


І. ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНДАҒЫ КАЗАКТАР



бет5/12
Дата13.03.2023
өлшемі128,08 Kb.
#73744
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
І. ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНДАҒЫ КАЗАКТАР


1.1 «Казактардың» шығу тарихы
«Казак» – қарақшы, қарсыласушы, авантюрист деген мағына беретін түрік сөзі. Түрік тілінің таралу аймағында бұл сөз алғаш рет IX-XY ғасырларда куәландырылған болуы мүмкін. ХІҮ ғасырдағы Әмір Темірдің билігі кезінде «казак» сөзі мемлекеттік билікке қарсы іс-қимыл жүргізіп, өз тағдырларына бағынғысы келмегендерге айтылған. «Казак» сөзі өздерінің мемлекетінен және тайпаларынан бөлінген халықтың бір бөлігінің атына айналды. «Казак» сөзі Ресейде де Орта Азиядағы сияқты XY ғасырдың II жартысында пайда болды. Бірақ «казак» сөзінің мағынасы орыс тілінде бас мағына береді, ол қаңғыбас болып, қарақшылық жасамаса да үйі, семьясы, мүлікі жоқ адамды «казак» деген. Ал мұндайларды Украинада, Польшада «казак» деп атаған. «Казак» сөзінің нағыз, этимологиялық түсініктемесі әлі белгісі[1].
Казактар қауымы, казак- орыстар (түрікше казак - ерікті адам) - революцияға дейінгі Россиядағы әскери сословие. XIY-XYII ғасырларда феодальдық міндеткерліктен басы бос, әдетте кәсіпшіліктерге жалданып жұмыс істеген ерікті адамдар, әскери қызмет атқарған жауынгерлер.
Әскери қызметшілері қалалық (полктік(, станциялық (күзаттік), казак қауымдарына бөлінді. Өкіметтен атқарған қызметі үшін жер, жалақы алды.
XYIII ғасырда олардың көпшілігі салық төлеуші сословиеге айналды, қалған бөлігі (Сібір, Орынбор казактары тағы басқа) казак қауымына енді [28].
XY ғасырдың екінші жартысынан бастап Польша - Литва, Орыс мемлекеттерінен оңтүстік, оңтүстік- шығыстағы шеткі аймақтарға қашқын шаруалар, посад адамдары жинала бастады. Олар да өздерін ерікті адамдармыз - казактармыз деп есептеді. Көршілес феодалдық мемлекеттерге және жартылай отырықшы халықтарға қарсы үнемі күрес жүргізу қажеттілігінен олар қауымға бірікті. XY ғасырда Дон, Еділ, Днепр, Гребень казактарының қауымдары пайда болды. XYI ғасырдың аяғында Сібір және XYIII ғасырдың ортасында Украина казактарының қауымы құрылды. Украина казактары XYI-XYII ғасырларда С.Наливайко, К.Косинский , Г.Лобада бастаған халық көтерілісінің, Б.Хмельницский бастаған ұлт- азаттық соғысының негізгі күші болды [29].
Казак қауымы негізінен аңшылық, балықшылық. Кейінірек мал өсірушілік шаруашылығымен айналысты. Егіншілік XYII ғасырдың II жартысында пайда болды. XYI-XYII ғасырлардың I жартысында мемлекеттік шекара сыртындағы «ерікті» казактарды бағындыруға патша үкіметінің мүмкіндігі болмады. Бірақ казактарды оңтүстік және оңтүстік шығыс шекараны қорғауға пайдалануға тырысып, оларға «қызметі үшін» жалақы, қару-жарақ жіберіп тұрды. Осыған орай казак қауымы әскери сословиеге айналып, қызмет үшін феодалдық мемлекеттен бөлінген жерді пайдаланған. Жерді пайдаланудың орта ғасырлық мұндай тәртібі казак қауымына 1917 жылғы Октябрь ревалюциясына дейін сақталды. Әлеуметтік жіктеу барысында кедей казактар көбейіп, олар XVII-XVIII ғасырларда шаруалар соғысына, халық көтерілістеріне белсене қатысты. Бай казактар қауымдағы басшы билікке ие болды, сөйтіп олар XIX ғасырдың басында дворяндар қатарына қосылды[28].
XVI-XVIII ғасырларда казак қауымы сот, басқару және сыртқы қарым қатынас істерін өздері жүргізді. XVIII ғасырларда басынан патша өкіметі казак қауымының автономиялы құқықтарын жоюға тырысып бақты. 1721 жылы оларды басқару әскери коллегия қарауына берілді, соңынан әскери атамандар мен старшындар сайланып қойылу тәртібі жойылды. 1775 жылы Запорожье Сьезі бір жола жойылды. 1817 жылдың соңында Украина Казак қауымы жойылды[28].
XVIII ғасырдың ІІ жартысында – XIX ғасырдың I жартысында мемлекеттің солтүстік шығыс және шығыс шекарасын қалмақ, қазақ, ноғай, башқұрттардан қорғау үшін 1750 жылы Астрахань, 1775 жылы Орынбор казак әскерлері құрылды. 1787 жылы Новоресейді бұрынғы Запорождықтардан қорғау үшін Қара теңізде казак әскерлері құрылды. Ол 1792-93 жылдары Кубаньға көшірілді. 1828 жылы Дунай жағалауындағы запорожниктерден орыстарға бағынған Азов казак әскері құрылды, бірақ ол 1865 жылы жойылды. Азов казак әскерлерінің құрамындағылар енді Кубаньға келіп Қара теңіздегі казак әскерлеріне бірікт[29].
Есіл «Горькая линия» Ертіс бекіністерінің бойындағы казактар 1808 жылы Сібір казак әскерлеріне біріктірілді. 1851 жылы Забайкалье казак әскери округі құрылды. Оның құрамынан 1858 жылы Амур әскери округі бөлініп шықты.1867 жылы Жетісу казак орыстарының әскері, ал 1889 жылы Уссури казак әскері құрылды. Оның құрамына Қара теңіздегіден басқа Кавказдағы бүкіл казак әскери округі кірді. 1860 жылы Қара теңіз және Кавказ бойындағы казак әскерлерінің орнына Кубань және Перск казак әскері пайда болды. Осылай пайда болған казак әскерлері халық аз орналасқан (Сібір, Қиыр Шығыс, Жетісу, Солтүстік Кавказдың бөлігі) жерлерде отарлық саясат жүргізуде, өз жерін кеңейтуде маңызды рөл атқарған[30].
Олардың бәрі соғыс министрлігіндегі Казак әскерлерінің бас басқармасына бағынды. Ал, әрқайсысын атаман басқарды. 1875 жылы Дон әскерлерінің уставы бойынша (кейінірек басқа да казак әскерлеріне тараған). 18 жастан бастан 20 жыл әскер қатарында қызмет етуі керек. 3 жыл дайныдық, 12 жыл «стройда, оның 4 жылы «кәдімгі қызмет» ) (действительная служба), - бұл бірінші кезекте және 8 жылы жеңіл қызмет (на льготе) – 2-3 кезектері. 1909 жылдан бастап, әскер қатарында қызмет ету мерзімі 18 жылға қысқарды. .Дайындық мерзімі қысқарып, 3 жылдың орнына 1жыл болды[30].
Россияда капитализмнің дамуына байланысты казактар шаруашылығының сипаты өзгерді. Олардың азғана тобы буржуазияға айналып, қалған көпшілік бөлігі кедейлене түсті[28].
XX ғасырдың басында Ресейде 11 казак әскері болды. Бұлардан басқа саны жағынан басқаларына қарағанда аз құрамына Үркіт және Краснояр казактары кірген (1917жылы) Енисей казак әскері және якут полкі болды. Ішкі істер Министерлігінің 1916 жылғы санағы бойынша казактардың саны 4434 мыңға жеткен. 63миллион десятинаға жуық жерді иемденген. Әрбір казак әскерлерінің басында тұрған атаман 1827 жылдан бастап патшаның мұрагері деп есептелінді[30].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет