Сабақтың тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен салдары және екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы



бет1/2
Дата10.04.2023
өлшемі23,29 Kb.
#81288
түріСабақ
  1   2

Сабақтың тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен салдары және екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.
Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында сұрақтар қойып өтсем
1. Бірінші дүниежүзілік соғыс қай жылдары болды? (28 шілде, 1914 жыл – 11 қараша, 1918 жыл) 2. Үштік одаққа қай мемлекеттер кірді? 3. Антанта одағына кірген мемлекеттерді ата? 4. Ұлттар Лигасы қашан құрылды? 1920 Ұлттар Лигасы — БҰҰ құрылуына негіз болған, егемен мемлекеттердің халықаралық ұйымының алғашқы үлгісі болды. 4. Фашизм ең алғаш рет қайда құрылды? Италия 5. Италиядағы фашизмнің жетекшісі кім? Бенито Муссолини
Екінші дүниежүзілік соғыс — адамзат тарихындағы ең ірі жанжал, ең ірі шиеленіс. Соғысқа Жер жүзі халқының 80%-ын құрайтын 61 мемлекет қатысты. Ал, бірінші дүниежүзілік соғысқа қанша мемлекет қытысып еді? 38
Соғыс әрекеттері Еуразия, Африка, Мұхит аралдары елдерін және барлық мұхиттар алабын қамтыған болатын. Соғысқа қатысқан елдердің армияларында 110 млн адам есепте болды. Екінші дүниежүзілік соғыс 6 жылға созылды. Бұл соғыс ең қырғын соғыстардың қатарында. Соғыс жылдарындағы адам шығындарының саны шамамен — 60-70 млн-ға жеткен. Олардың тең жартысы қарапайым халық болатын. Соғыстың аяғында нацизм және фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Нацизмді талқандауда шешуші рөлді КСРО құрамындағы халықтар атқарды.
Соғыс жылдарында аса зор материалдық байлықтар және құнды тарихи мәдениет ескерткіштері қиратылды, өте көп шығын болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептеріне келер болсақ, Екінші дүниежүзілік соғыс қашан басталып еді? (1 қыркүйек, 1939 жыл – 2 қыркүйек, 1945 жыл) — дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 жылы нацистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүниежүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдайды. Және 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қояды, кейінірек оған 1937 ж. Италия келіп қосылып Берлин - Рим - Токио үш бұрышы пайда болады.
Бұл мемлекеттер күш басымдығына негізделген “жаңа тәртіпті” құрғысы келеді. “Жаңа тәртіп” бойынша әлем осы үш мемлекет арасында бөлінуі тиіс болды.
Осы кезеңнен бастап агрессияшыл мемлекеттердің басқыншылығының жаңа кезеңі басталды. 1937 жылы шілдеде Жапония Қытайға шабуылдайды. Пекинді басып алып, жапондық әскер Қытайдың орталық провинцияларына бағытталды. Германияның негізгі мақсаты күшпен жаулап алу болды. Осылайша Германия мен Жапония «Антикоминтерндік пактіні» әлемдік үстемдік үшін соғысқа дайындалуға пайдаланды.
Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 — 39 ж. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізеді. 1938 жылы Германия Австрияны және Мюнхен келісіміне сәйкес, Чехословакияның Судет облысын және 1939 ж. наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын басып алады. Ал, сәуір айында Италия Албанияны басып алады. Мемель облысын қосып алғаннан кейін Мемель немістің ірі әскери-теңіз базасына айналды.
Негізінен Чехословакия әскері сол уақыттағы ең мықты әскерлердің бірі болды. Дегенмен Чехословакияның жағдайы ол кезде нашар еді. Экономикалық тұрғыда гитлерлік Германияның чех өндірісін иеленуі оның әскери мүмкіндігін күрт күшейткен болатын. Соғыстың соңына дейін осы Чехословакияның әскери-өндірістік кешені Германияға жұмыс істеді.
Чехословакия аумағын жаулап алу Германияны Румыния шекарасына жақындатқан болатын. Гитлер Румыниядан экономикалық келісімге қол қоюын талап етті. Сөйтіп 1939 жылы 23 наурызда Бухарестте герман-румын келісіміне қол қойылады. Румыния өз экономикасын Германия қажеттіліктеріне сай дамытуға міндеттеледі.
Фашистік Итальяның 1939 жылы сәуірде Албанияны жаулап алуы әлемді дүниежүзілік соғысқа әкелді. Бұл соғыс Англия, Франция мен КСРОның халықаралық позициясын әлсіретіп жіберген болатын.
Сөйтіп, Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алады, сондай-ақ, КСРО-мен ұжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізеді. Бірақ, Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатып, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне қол қояды. (яғни, 1939 жылы 23 тамызда)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет