1.2. Балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру Дүниетаным дегеніміз объективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі, сонымен қатар осы көзқарастарға тәуелді адамдардың өмірлік позициясын, олардың сенімдері, мұраттары, таным және іс-әрекет принциптері, құндылық бағдарлары. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің ,ғылымның негіздерін және мінез-құлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады. Дүниетанымдық білімін балар дене ақыл-ой күшінің дамуына, білім деңгейіне сәйкес бірте-бірте игереді. Орыстың ұлы педагоагы К.Д Ушинский «Әрбір топтан, ең кіші топтан бастап оқушылырдың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек… Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс»- деп жазды.
Оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде дүниетанымдық білімнің мазмұны, тереңдігі және оларды баларға түсіндіру мемелекеттік оқу және тәрбие оларды баларға түсіндіру мемелекеттік оқу және тәрбие бағдарламаларында қарастырылған. Оларда балалардың жас ерекшеліктері және күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру қабілеттері еске алынған. Дүниетанымның негізгі компоненттері мен мәні. Дүниетанымның түрлері. Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері. Философия, оның әртүрлі бағыттарының қалыптасушы тұлғаның дүниетанымдық көзқарасын бағалаудың ролі. Дүниетанымды қалыптастырудың психолгоиялық негіздері. Жеке тұлғаның құндылық бағыттары. Балалардыңд үниетанымын қалыптастырудың жолдары мен құралдары: ғылыми білімді қалыптастыруда көзқарасы мен көзін жеткізу, оқытудың әдістері мен формаларының, мазмұнының ролі; баларға әлемді түсінуін қалыптастырудағы көзқарасымен қазіргі әлеуметтік жағдайаттарға талдау жасау; әртүрлі іс-әрекеттер түрлерінебаларды қатыстыру; оқушыны тұлғалық әлеуметтендіру мен дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудағы мектеб пен жанұяның бірлескен іс-әрекеті.
Ғылыми дүниетаным жеке тұлғаның ақыл-ой компоненті ретінде. Танымдық қызығушылықтың ақыл-ой мәдениетіндегі алатын орны. Балалардың өзіндік білім алуға дайындығын қалыптастыру
Негізгі ұғымдар:дүниетаным, әлемді тану, әлеуметтік орта, дүниетаным компоенттері, әлеуметтендіру, тұлғаны дараландыру, дүниетанымды қалыптастырудың құралдары.
Балалардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру қазіргі мектептің негізгі тәрбиелік міндеті. Дүниеге көзқарастың маңызы, қызметтері, түрлері, ішкі құрылымы. Дүниеге көзқарас қоғамдық сана мен тұлға санасының ең жоғарғы деңгейі. Дүниеге көзқарас ұғымы біртұтас дүниені жалпылама ұғынумен ғана шектеліп қалмайды, сонымен бірге осы біртұтас дүниемен қарым-қатынас жасаудың жалпы өлшемдерін, басқаша айтқанда, дүниеге белгілі бір қарым-қатынас өлшемдерін белгілеп, міндеттейді. Дүниеге қарым-қатынас дегеніміздің өзі адамның дүниеге тұрмыстық, практикалық-қызметтік қарым-қатынасы. Дүниеге көзқарас осы қарым-қатынастан туындайды. Ол нақтылы процестің жемісі. Осы тұрғыдан келгенде дүниеге көзқарас дүниеге қарым-қатынаспен салыстырғанда кейін пайда болған. Алайда пайда болып, қалыптасып алған соң ол дүниеге қарым-қатынасты бағыттаушы ықпалға ие болады, осылайша олар тарихтың өн бойында өзара бірін-бірі түзете отырып, қоғамдық-саяси өмірдің біртұтас процесінде бірін-бірі толықтыратын, біріне-бірі көшетін процесс болып табылады.
Дүниетаным дүниеге деген нақты тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік - эканомикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Балалардың дүниетанымы ғылым-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады. Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас, адамның сыртқы дүние қоршаған ортаға, өзіне-өзінің, басқаларға қарым-қатынасы туралы мәліметтердің жиынтығы. Сонымен қатар, ол адамның бағыт бағдарын, сенімі мен идеалдарын, принциптерін, ұмтылыстарын білдіреді.
Дүниетанымның қалыптасуы күрделі әлеуметтік педагогикалық мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжірибесінде бұл мәселені шешудің үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан көкейкесті мәселеге айналуда. Жаңа заманның нарық қатынастарына көшу жағдайларына балалардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбігейлі өзгеруде. Сондықтан, қоғам мен мектеп балары өздері үшін, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр. Жеке тұлға- өзіндік құндылық. Оның дамуы мен қалыптасуы мектепте дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсатыболуы керек. Бұл жөнінде ежелден-ақ Ұлы ойшылдарымыз әл-Фараби, Ж. Баласағұн, ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтан, еңбектерінде адамның жеке басын, дүниетанымын дамыту үнемі көтеріп отырған.Дүниетанымның қалыптасуы- күрделі әлеуметтік- педагогикалық мәселе.Мектепке дейінгі педагогика бала өмірінің алғашқы күнінен бастап (туғаннан мектепке барғанға дейін) оны тәрбиелеу, оқыту және білім беру туралы ғылым. Педагогика ғылымдарының басты саласы ретінде мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушы Я.А. Коменский. Оның «Ұлы дидактика» атты кітабында алғашқы рет мектепке дейінгі тәрбие жүйесі берілген. Я.А. Коменский теориясының коптеген қағидалары заманауи педагока үшін де өзекті. Алайда тиісті басшылықсыз білім мен ұғымды жинақтау жүйесіз жүреді: олар үстіртін, көбінесе жаңсақ болуы мүмкін. Бала «бұлтты мақта», ал «жұлдыздарды электр шамдары» деп ойлайды. Айналадағы өмірді бақылай отырып, ол өзінше тұжырым жасауға тырысады. К- И. Чуковскийдің «Екіден беске дейін» деген кітабында бала ақыл- ойының талапшылдығын дәлелдейтін көптеген балалардың сөйлееген сөздерін келтіреді. Өнер шығармалары баланың сезімін оятады. Шығармаларды талдау, салыстыру, қорытындылау баланың дүниетанымын қалыптастырады. Өнердің түрлі салаларында балалардың іс-әрекет жасауы дүниетанымның қалыптасуына орасан зор әсер етеді. Балалар өнердің тілімен танысып, тәжірибеде жұмыс істеуге үйренеді, дағдыланады. Баланың дүниені қабылдау кезіндегі әсерленуі балалық шақта жақсы жүреді, сондықтан көркем өнерпаздар үйірмесін құру, өнер шығармаларын жасату, әңгіме құрастыру, сахналық қойылымдардағы рөлдерде ойнату баланың дүние туралы ой-әрісін кеңейтіп, көзқарастары мен сенімін тексеруге көмектеседі. Оқушының дүниетанымының қалыптасқандығын оның ғылыми білімдерінің тереңдігінен, жүйелілігінен, диалектикалық ойлауынан байқауға болады.
Ғылыми жұмыстарға шолу жасап, табиғатты оқыту мәселесіне тоқталған кезде, негізінен ТМД елдері ғалымдарының ебегіне жүгінуге тура келеді. Себебі соңғы жылдарға дейін (1950-60 жылдар) Қазақстанда тікелей бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар болмады. Орыс балабақшаларының бағдарламаларын аударып, сондағы талап-тілектерді жүзеге асыру мақсаты ғана орындалып отырғандықтан, әдістемелік еңбектер де аударма қалпында қалып келді. Оның бастауы 20-30 жылдардан мектеп жасына дейінгі педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданған Е. И. Водовозова (1913), Н. К. Крупская (1917), Е. И. Тихеева (1928), Л. К. Шлегердің (1930) педагогикалық еңбектері болған (30-35). Ол кезеңдегі педагогика ғылымының бет бұрысы тәрбислей отырып оқыту бағытында болғандықтан, барлық білім балаға табиғат жайында ұғым беру ісіне негізделген. Ғалымдардың пікірінше, адамды қалыптастыру, оның қоршаған ортаға, табиғатқа деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту ретінде орын алды.
Осыдан кейін 30-50 жылдарда жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеулерде де, мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында білім беру ісі өзекті мәселеге айналды. Л. С. Выготский (1935) балабаша бағдарламасының жаңа талап бойынша қайта қаралып, құрылуына едәуір үлес қосты. Ғалымның тұжырымы бойынша бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтас болуы керек, себебі баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған алғашқы қарапайым ұғымдары, оның жалпы білім беру орындарында меңгерген білімімен байланысты болған жағдайда ғана баланың ақыл-ойының дамуы нәтижелі болатындығын көрсеткен. В. А. Сухомлинский «Біз тәрбиешідер табиғатты ең нәзік, ең жіңішке, ең сергек нәрсемен бала миымен істес боламыз. Егер баланы табиғаттан бөліп тастаса, оқытудың алғашқы күнінен бастап, тек сөз арқылы білім берсек, ми клеткалары тез шаршайды. Ми дамуы нығаюы, күшеюі үшін баланы табиғат әлеміне ендіру қажет»-дейді. Сол кезеңдегі жүргізілген педагогикалық-психо- логиялық зерттеулерінің көбі мектеп жасына дейінгі баланың танымдық қабілеттерін ақыл-ойын, дамыту үшін қоршаған орта, табиғат жайында жүйелі ұғым беру қажеттігін атап өтті. Қорыта келе Л. Н. Толстой мектепке дейінгі шақ туралы: «Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп, тез иеленгенім соншалық,қалған бүкіл өмірімде мен сонын жүзден біріне де ие болмаған шығар мын? Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жана туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық» деп жазды.Осы тұжырымдаға сүйене отырып мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруды қолға алсақ деймін.
Дүниетану сабақтарының тағы бір басты ерекшелігі -балар зейіні мен есінің тұрақтануына, оның көлемінің кеңеюіне назар аударып отырудың керектігінде. Егер "суреттерді жанның жоғалтпай сақтай білуінде" - дейтін болсақ, дүниетану пәні сабақтарының өн бойы суреттер (түрлі объектілер), бейнелер, түрлі көрнекілікті қолданудан тұрады. Сондықтан да оларды есте сақтауды күшейту білім алу барысында балалардың сезім мүшелерінің қатысын күшейтумен өлшенеді. Көру, есту, қозғалу естері түгел қатысқанда ғана есте сақтау, жаңа ұғымды жадында ұстап, оны керекті жерінде пайдалану жүзеге асады. "Кіші оқушының зейінінің тұрақсыздығымен күресу үшін объектілерді үнемі өзгертіп, не соларды бірінен сон бірін алмастырып отырған жөн. Тек сонда ғана зейінінің аумалы келуімен күресе аламыз" дейді белгілі психолог М.М.Мұқанов. Объектілерді үнемі өзгертіп, алмастырып отыруға дүниетану сабақтарының мүмкіндігі мол. Сабақ барысында баланың ерікті зейінін күшейту үшін олар өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұнын және оны орындаудың әдісін нақты түсінуі керек.
Сабақка зейінсіздік көбіне тапсырмаларды түсінбеуден, не орындайтын жұмыстын әдісін меңгермеуден туады. В.В.Давыдовтың пікірі бойынша топтағы бавлалардыңоқу әрекеті бірнеше бөліктерден тұрады: оқу ситуациясы, тапсырмаларды орындау, тапсырмаларды тексеру. Оқу ситуациясы топ балалары үшін тапсырманың мазмұнын түсініп, оны орындауға көшу мүмкіндігі, яғни, тәрбиешінің балаларды білім алу әрекетіне жұмылдыру. Бастауыш сыныптағы дүниетану сабақтарында ғылыми ұғым беру сабақ барысында да, сабақтан тыс жұмыс түрлерін орындау кезінде де жалғастырылады. Ғылыми ұғымның негізін калау оқыған заттары мен құбылыстарын дұрыс қабылдай білуімен байланысты Бастауыш сынып балары кейде әр объектінің негізгі және кездей-соқ қасиеттерін ажырата алмауы мүмкін. Белгілі ғалым-әдіскер И.Нұғманов химияны оқытудың әдіс-тәсілдерін сөз еткенде балалардың ақыл-ойын дамытудағы әрбір нәрсені салыстыра білудің мәнін айта келіп, "... салыстыру арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай білу, нәрсені ой жүзінде жеке бөліктерге жіктеу (анализ), оларды кайтадан біріктіру (синтез) арқылы нәрсенің тұтас күйіне жене жеке бөліктерінің арасындағы байланысты танып білу, нәрселердің елеулі қасиеттерін елеусіздерінен ажыратып, бөле білу..." деп, осылардың тиімділігі жайында ой түйеді. Бастауыш сынып баларында дәл осындай күрделі ой әрекеті бола қоймаса да, нәрселерді салыстырып оның елеулі, елеусіз қасиеттерін ажырату мүмкіндіктерін қалыптастыруға болатынына көзіміз жетті. Сондықтан балалардың ұғымды саналы қабылдауын қамтамасыз ету үшін тәрбиеші сол заттың, құбылыстың нендей басты қасиеттерінғ мән беру керектігін, неге назар аударған жөн екенін оларға түсіндіріп, бағыт сілтейді.