ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысымыздың мақсатына сәйкес дүниетануды оқытуда ойын элементтерін пайдалана отырып сабақтың тиімділігін арттыру нәтижелі болатынынын зерттеу болжамының дәлелденгеніне көз жеткіздік. Жұмыстың теориялық бөлімінде ойын іс-әрекетін, дидактикалық ойындарды зерттеген ғалымдарының еңбектеріне талдау жасадық. Көрнекі психологтар (Д.Б.Эльконин, Д.Н.Узнадзе, Л.С.Выготский, Л.С.Рубинштейн, А.А.Венгер т.б.). педагог-әдіскер ғалымдар (Ж.В.Артуюнян, М.И.Микитинская, Е.Сағындықов, А.Айтпаева т.б.) дидактикалық ойындардың бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетінде алатын орнын дәлелдеп береді. Сондықтан оларды тиімді пайдалану білімді берік, әрі терең меңгеруге, сапалы тәрбие беруге және оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тартыруға септігін тигізеді.
Теориялық мәселелерді талдау, бастауыш мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерімен танысу бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген тәжірибелік- эксперименттік жұмыс нәтижелері бізге төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
1. Оқу іс-әрекетінде ойындарды пайдаланудың теориялық негіздерін меңгерту, дидактикалық ойындардың психологиялық-педагогикалық мәнін түсіну оларды оқыту құралы немесе әдісі түрінде (оқыту) тиімді пайдалануға көмектеседі.
2. Әр бір ойынның өзіне тән ерекшелігі бар, 1-жағынан ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқатушылық, ес, ойлау, іздемпаздық, белсенділік қалыптасады, 2-ші жағынан ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті – жаңа материалды оқып-үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, білімді іс-жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.
3. Дидактикалық ойындардың жіктемесін жасауда біз оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктерін, білім көлемі мен сипатын, оқушылардың жасерекшеліктерін есепке алдық.
Осы қорытындылар бойынша негізінде мынадай үсыныстар жасауға болады:
1. 3-сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде (біз) дүниетанудан біз ұсынған дидактикалық ойындардың жіктемесін пайдалану.
2. Дидактикалық ойындарды бастауыш мектептегі сабақтарда қарапайым күрлеліге, нақтыдан абстрактілеуге және керісінше принципіне сәйкес қолдану.
3. Беріліп отырған дидактикалық ойындарды өткен материалды еске түсіну және бекіту барысында тиімді, жүйелі қолдану.
4. Дидактикалық ойындарды көрнекілікпен астарлап қолдану, көрнекіліктерді эстетикалық талаптарға сай жасап, ойынның дидактикалық мақсатына сай дұрыс қолдану.
5. Еңбектерді ғылыми ұйымдастыруға арналған карточкалар дайындау және пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |