Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «эксперименттік есептер шығару әдістемесі» «5В011000 -физика»



бет4/14
Дата12.09.2022
өлшемі0,99 Mb.
#38908
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
«ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ»

Физикалық теория. Құбылыстармен танысу оқушыларға зерттелген теорияны түсіндіру кезеңімен аяқталады. Егер құбылысты зерттеу кезінде алынған фактілер сол теорияға түсінік бере алмаса, онда жаңа теорияны құру қажеттілігі туады.
Жаңа теория бір немесе бірнеше тәжірибенің жай қосындысы бола алмайды. Сондай-ақ, ол ғалымның ақыл-ойынан тебіренісінен тумайды. Теорияның құрылуы көптеген ғалымдардың ұзақ еңбегінің арқасында құрылады. Кез келген физикалық теория - көптеген тәжірибелік фактілердің ғылыми қосындыларының нәтижесі. М.Борнның сөзі бойынша «жаңа теория дегеніміз - мидың өзіндік тербелісінен тумайды, керісінше, ол тәжірибе нәтижелерінің ұзын жалғауының алып синтезі» болып табылады.
Физика пәнін оқыту мәнері былайша тұжырымдалады. Оқушының ақылдылығына қарай қолайлы жағдайда және ең төменгі уақыт шығынымен түбірлі таңдалып алынған тәжірибені логикалық операциялардың кезектілігіне байланысты материалдармен жүргізу керек. Физика пәнін оқыту процесі тәжірибеге сүйенген жаңа физикалық танымдар мен қаланған ережелер теориясының кезектілігінен тұрады. Бұл процесс барысында тәжірибе негізінде негізгі физикалық заңдылықтарды бекітудің индуктивті сипатын және оқушыларға қажетті математикалық аппаратты пайдалану арқылы бекітілген заңдылықтардың негізінде дедуктивті сипатын тепе-теңдікте бейнелейді.
Оқу тәжірибесін пайдалана отырып:
а) зерттелінетін құбылыстарды педагогикалық құрылған түрде көрсету және осыған байланысты оны зерттеу үшін тәжірибе негізін қалау керек;
б) оқушыларға керекті ғылымда бекітілген заңдар мен заңдылықтарды безендіру және олардың мәнін оқушылар түсінетіндей етіп жасау;
в) физикалық құбылыстарды зерттеумен оқушыларды таныстыру;
г) зерттелген физикалық құбылыстың техникада пайдалануын көрсету;
д) сабақ беруде жан-жақтылықты көтеру және осы арқылы оқушыларға зерттелінетін құбылыстың қажеттілігін арттыру;
е) зерттелінетін құбылысқа оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Физика пәнінде білімнің қайнар көзі және зерттеу әдісіне эксперимент жатады. Мектепте оқу эксперименті физикалық құбылыстарды зерттеуді ғылыми әдістермен бейнелеу болып табылады, сондықтан оқушы ғылыми эксперименттік әдістің мәнін ұғынуы оған физикалық эксперименттің ең негізгі элементтері ұсынылуы керек.
Оқушы кезеңіндегі эксперимент - бұл сабақ үстіндегі физикалық құбылыстарды арнайы приборлармен қалай етіп зерттеу. Сондықтан ол бір жағынан білім көзі болып, екінші жағынан оқыту әдісі және көмекші құрал ретінде пайдаланылады.
Жалпыға белгілі орта мектептерде физика курсының мазмұны экспериментке сүйенеді. Бұл мыналарға байланысты, физикалық таным-түсініктерді құрудың негізгі этаптары-құбылысты бақылауды, оның басқалармен байланысын анықтауда, оны сипаттайтын шаманы енгізуде, физикалық тәжірибелерді қолданбаса өте тиімсіз болуы мұмкін. Тәжірибені сабақта жүргізу, олардың кейбірін кино, теледидар көмегімен көрсету, оқушыларға лабораториялық жұмыстар орындату, бұлардың бәрі мектептерде физиканы оқытудың эксперименттік әдістерінің негізін құрайды. Оқулық эксперимент болашақ танудың мәліметтік құралы болып, сонымен бірге физиканы оқытуда ең басты көмекші құрал бола алады; ол оқушылардың табиғи физикалық құбылыстарды тануына, оларды біріктіретін процестер мен заңдарды үйренуіне, олар жайында нақты образдар құруына неғұрлым тиімді көмектеседі. Сонымен бірге, мектептерде дұрыс ұйымдастырылған физикалық эксперимент мынадай адам мінездерін тәрбиелеуде басты құрал болады, мысалы: алға қойған мақсатына жету, фактілерді алуда тазалық, жұмыста ұқыпты болу, бақылай білу және зерттелініп жатқан құбылыстың нақты белгілерін анықтай білу және тағы басқа.
Оқушыларға терең және нақты білім беру үшін, тәжірибелік жасай білу және әдістенуді үйрету үшін, оларға оқулық эксперименттің әр түрін пайдалану координациясы қажет.
Қазіргі мектептегі физикалық эксперментің жүйесі қандай? Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен оқулық тәжірибелердің шектелетіндігін ескере отырып, оның жіктелу белгілерін қараймыз. Атап айтқанда олар мыналар:

  1. оқыту мазмұнының бағдарламасында көрсетілуі (оның ішінде оқушылардың жасай білуі және әдеттік қабілеті ескеріледі);

  2. барлық оқушылармен бірдей уақытта өткізілетін оқудың негізгі формасы сабақта;

  3. мектептің материалдық мүмкіндігіне байланысты.

Жоғарыда айтылғандардың ішінде физикалық эксперименттің ең қолайлысы оқытушы мен оқушының қызметін ескеретін ұйымдастырушылық белгісі бойынша жітелуі болып табылады.
Физикада қазіргі оқулық эксперимент жүйесінде оның негізгі төрт түрі бар:
1. Демонстрациялық тәжірибелер. Бұл тәжірибенің қойылуы жоғары эксперименттік жігерлікті талап етеді. Оны жүргізу күрделі жабдықтармен және сыныптың барлығына оқытушы арқылы ғана орындалады (бұл жағдайда оқушылар бақылау обьектісінен 1-9 м қашықтықта болады).
Курстың әрбір тақырыбы бойынша міндетті түрде жүргізілетін демонстрациялардың тізбесі бағдарламада болады. Оған бірінен бұрын фундаментальді тәжірибелер деп аталатын Галилейдің, Кавендиштің, Штерннің, Кулонның, Эрстедтің, Фарадейдің, Герцтің, Столетовтың тәжірибелері кіреді және олардың ішінен кейбіреулері (Лебедев, Миликен-Иоффе, Резерфорд тәжірибелері) киноның көмегімен көрсетілуі мүмкін. Бұл тәжірибелер қазіргі физиканың экспериментальді негізін қалайды. Ең маңызды орынды оқытушының тәжірибені демонстрациялауда иллюстрацияланған түсіндірмесі жатады. Мысалы: тура сызықты қозғалысты зерттегенде демонстрациялық үстелде тіркеменің тепе-теңдіктегі және теңсіздіктегі қозғалысын, ал агрегаттық айналымнан судың қайнауын көрсетеді. Бұл құбылыстарды, әрине, оқушылар бұрын көрді, бірақ практиканың көрсетуі бойынша мұндай демонстрациялар жоғары педагогикалық теңділікті береді. Бұл жағдайда оқытушы оқушыларды бақылаумен жетекшілік етеді және олардың назарын құбылыстың ең маңызды жеріне аударады.
Маңыздысы, бұл жағдайда оқушы тек қана нақты техникалық обьектілердің жұмыстарымен ғана танысып қоймайды, сонымен бірге бұрын зерттеген құбылыстар жөнінде білімдерін бекітіп, тереңдетеді. Көптеген техникалық обьектілерде бірдей физикалық құбылыстар қолданылады. Осыны ескере отырып мұғалім политехникалық оқу жағынан неғұрлым бағалылырақ демонстрацияны таңдап алады.
Техникалық обьектілерді көрсеткенде оқушыларға олардың құрылымдық ерекшеліктері мен заттық емес детальдарына көңіл аудару міндет емес.
2. Фронтальды лабораториялық жұмыстар, тәжірибелер және бақылаулар. Оқушылардың эксперименттік жұмысының жалпы және маңыздырақ белгісі болып, оны жүргізудің фронтальды әдісі болып табылады (сондықтан фронтальды эксперименттің жеке өзін іздестірудің керегі жоқ), қысқа мерзімді сапалық сипаттағы фронтальды тәжірибелер, яғни эксперименттің жіктелуіне оны жүргізілу ұзақтығы әсер етпейді, себебі тәжірибенің ұзақтығын анықтау мүмкін емес. Маңыздысы, жұмыс сынып оқушыларымен бірдей уақытта бірыңғай типтегі жабдықтарды және оқытушының жетекшілігімен орындалады (оқушы ауызша бастапқы және ағымдық инструктажды жүргізеді, жұмыстың кейбір әдістерін көрсетеді, тақтаға керекті суреттер мен жазуларды келтіреді, алынған тәжірибелерді талқылауды ұйымдастырады).
3. Физикалық практикумдер. Бұл арқылы әрбір сыныпта оқудың екінші кезеңінде физиканы зерттеу жүзеге асырылады. Оқушылар эксперименттің орындалуына алдын ала дайындалған жазбаша инструкцияны пайдалана отырып, жұмысты өзінше жеке орындайды (екі адамнан құралған топпен). Практикумның лабораториялық жұмыстары фронтальдыға қарағанда өте күрделі, сондықтан олардың орындалуына екі сабақтан бөледі (тіпті одан кеңрек практикалануы мүмкін және бір сағаттан).

  1. Сыныптан тыс тәжірибелер мен бақылаулар. Мұндай тәжірибелерде оқушылар арқылы үйде орындалатын жай тәжірибелер және күнделікті қоршаған ортада, табиғатта, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірісте жүргізілетінбақылауға жатады. Бұл тәжірибелердің барысын оқушылар оқытушының бақылауынсыз орындайды. Бұл түрде эксперименттік жұмыстарға оқушылар үй тұрмысындағы заттарды және қолдан жасалған материалдарды, ойыншықтарды, ойыншықтар жиынтығын және өнеркәсіп шығарған конструкторлар мен комплектілерді пайдаланады.

Оқу экспериментін жүргізуге арналған жабдықтар жоғарыдағы эксперимент классификациясына байланысты үлкен үш топқа бөлінеді, атап айтқанда:

  1. тәжірибені демонстрациялау;

  2. фронтальды лабораториялық жұмыстар және тәжірибелер;

  3. практикумдар.

Әрі қарай жабдықтардың әр түріне қойылатын жалпы талаптарды қарастырамыз.
Физикалық эксперменттің әдістемесі және оның техникасы бірін-бірі айырғысыз, бірақ оқытушының мамандық дайындығы мен оның жұмыс орнын ұйымдастыру үшін физикалық экспериментті дайындау техникасын оқу кезеңіндегі пайдалану әдістемесінен бөледі. Соңғысы дайын жабдықтарды пайдалана отырып кез келген тәжірибеде зерттелініп жатқан құбылыстың иллюстрациясын таңдауды қамтамасыз етеді, сабақтары эксперименттің алатын орнын көрсетеді. Эксперменттік әдістік оқудың басқа әдістерімен қолайлы бірігуіне жету үшін демонстрацияны кезеңдерге бөледі. Физикалық экспериментті дайындау техникасы демонстрацияның өрнектілігін және көрнектілігін, ғылыми жетістіктерін қамтамасыз ететін приборлардың арнайы құрылымын таңдап алуға көмектеседі, сонымен бірге сол приборлармен операциялардың этап бойынша ыңғайласып орындалуын қамтамасыз етеді.
Сонымен оқу экспериментінің дамуына озық әдістемелік идеялар, оқудың жетілдірілген және кеңейтілген мазмұндары, лабораториялық техникалық жаңа жетістіктері мен экономикалық факторлар көп әсерін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет