Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «эксперименттік есептер шығару әдістемесі» «5В011000 -физика»



бет2/14
Дата12.09.2022
өлшемі0,99 Mb.
#38908
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
«ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ»

Зерттеудің мақсаты: 
- оқушыларды эксперименттік есептерді шығаруға үйрету проблемасы бойынша отандық әдебиеттерге талдау жасау;
- эксперименттік есептер шығарудың тиімді әдістерін ұсыну;
- эксперименттік есептер шығаруды саналы меңгеруді қамтамасыз етуде іс-тәжірибеге ендіру;
Зерттеу нысаны: орта мектептерде физика пәнін оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: орта мектепте физика пәнінен эксперименттік есептер шығаруды теориялық тұрғыдан талдау жасай отырып оқыту үдерісі.
Зерттеу әдістері: тақырып бойынша педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; оқушыларды бақылау; тәуелсіз сараптау әдісі; мұғалімдермен әңгімелесу; педагогикалық эксперимент.
Осы мақсатқа жету дұрыстығын тексеру үшін мынандай зерттеу міндеттері анықталды:

  • зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми көпшілік әдебиеттерге талдау жасау;

  • эксперименттік есептер шығаруда оқушылардың ой-өрісін қалыптастырудың әдістемелік негізін айқындау;

  • эксперименттік есептер шығару жүйесін, мәнін, мазмұнын зерделеу;

  • эксперименттік есептер шығарудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексеру;

  • зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар даярлау.

Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.


1 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



    1. Оқушылардың эксперименттік есептер шығару мәселесінің зерттелу деңгейі

Физика – эксперименттік ғылым, ал тәжірибе – физикалық зерттеулердің негізгі түрі. Физиканың даму тарихына үңілсек, аса ірі жаңалықтардың көбі эксперимент нәтижесінде ашылғанын көрер едік. Эксперимент физика ғылымында негізгі таным әдістерінің бірі болып табылады. Ұлы ғалым М.В.Ломоносов табиғат туралы ғылымдарда эксперименттің маңызы жөнінде былай деген: «Мен тек қиялдан ғана туған мың пікірден гөрі бір тәжірибені жоғары қоямын». Физика пәнінің мұғалімдерінің алға қойған басты мақсаты – оқушы бойындағы эксперименттік дағдыны қалыптастыруға баулу, оқушыны физикалық құбылысты көре білуге, мектептегі оқушының алған білімін өмірде шеше білуге бағыт-бағдар беру. Ол үшін физика пәнінен алған білімдерін өмірде, тұрмыста қолдана білуге баулу керек [1].


Өзімнің көп жылғы тәжірибемнен байқағаным – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда, теориялық алған білімдерін практикаға қолдануда эксперименттік есептер шығарудың маңызы зор. Білімді игерудің нәтижелілігі таным процесіне адамның әр түрлі сезім мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдауы арқылы артады. Оқушылар өздері жасайтын тәжірибенің алға қойған мақсатын білу керек. Физиканы оқытудың алғашқы сатысында-ақ оқушыларды өз бетімен эксперимент жасауға үйрету керек. Физикалық эксперимент жасау кезінде физикалық заңдылықтардың дұрыс екендігіне көздері жетеді. Сонымен бірге оқу материалдарын неғұрлым тереңірек меңгеріп, физикалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын өмірде қолдана білуге дағдыланады [2].
Эксперименттік есептерді сабақ кезінде ұйымдастырудың жолдары мынадай:
- жаңа сабақты бекіту кезінде оқушылар есепті мұғаліммен бірлесе отырып шығарады.
- өтілген материалды қалай меңгергенін тексеру кезінде. Мұнда оқушы тақтаға шақырылып, эксперименттік есепті шығарады. Қажетті құрал-жабдықтарды өзі таңдайды.
- үйге берілетін эксперименттік есептер [3].
Физика сабақтарында оқушылардың эксперименттік жұмыс дағдысын, шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан арттыруға болады. Оқушы қабілеті дегеніміз – оның педагогикалық ықпал аясындағы білім алу әрекеті. Жеке тұлғаны дамыту, оқыту әдістері оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсер етеді. Шығармашылық қызметтен тәжірибе жинақталған сайын есеп бұрынғыдан да тез шығарылатын болады. Шығармашылық қабілеттерін артыруда эксперименттік тапсырмаларды үйге берудің маңызы ерекше. Экспериментті жүргізудің дидактикалық құрылымы мынадай болуы мүмкін: демонстрациялық тәжірибелер, фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, үй жағдайындағы тәжірибелер. Мұғалімнің үйге эксперименттік тапсырмалар беруі сирек кездеседі. Дегенмен де оқу процесінде осы тәсілді қолданудың ерекше маңыздылығы – үй жұмысының формасын түрлендіреді, оқушының алдына өздігінен эксперименттік тәжірибе жасау арқылы ғана шешілетін мәселені қояды. Үй тапсырмасына берілетін эксперименттік тапсырмалар оқушының интеллектуалдық, пәндік, ұйымдастыру-танымдық, еңбек ету сияқтықабілеттерін және шеберліктерін дамытады. Физикадан эксперименттік тапсырмаларды үйге беру осы пәнге ерекше қызығушылықты тудырады. Өйткені мұнда жергілікті табиғи және тұрмыстық жағдайлар ескеріледі [2].
Физикалық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру процесі әр оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулері тез игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақытты қажет етеді. Үйде оқушылар әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Үй тапсырмасы дұрыс ұйымдастырылса, сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге көмектеседі.
Жұмыстың маңыздылығы мынада деп ойлаймыз:
- қазіргі қоғамдағы ақпараттық мәдениеттілік тұсынан сауаттылығын ашу мен жеке қасиеттерге қойылатын талаптары арасындағы қайшылықтар;
- Аталған қарама-қайшылықтарды физика пәні мұғалімдері шешуге тырысуда, яғни лабораториялық жұмыстарды өткізу мен ұйымдастыру әдістемесін жаңартуға үлес қосуда. Осы мәселелерді орындауға мүмкіндік беретін келесі бағыттарды атасақ:
- лабораториялық жұмыстарға жаңа тақырыптағы лабораториялық жұмыстарды қосу;
- орындау (жаңа тапсырмалар қосу, бар тапсырмаларды өңдеу) және бұрын орындалған жұмыстарды күрделендіру (К.А.Барсуков, Ю.И.Уханов);
- лабораториялық сабақтардың құрылымын модернизациялау, есептеу мен өлшеу әдістері (А.З.Загайнов, В.В.Майер, Е.С.Мамаев және т.б.);
- оқушылардың жұмыс орындары мен лабораториялық жұмыстарды техникалық модернизациялау (С.Г.каленков, Г.И.Соломахо және т.б.);
- лабораториялық жұмыстарда оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін арттыру (А.Г.Петров және т.б.);
- лабораториялық жұмыстарды орындауда компьютерлік технология мен компьютерді пайдалану (М.Сабиров, Н.Н.Темиркулов, Г.И.Грейсух және т.б.).
Сонымен бірге, жасалған жетістіктер кеңірек ауқымда мұғалімдердің практикалық сабақтарында қолданыс тапты (лабораториялық жұмыстардың бұрынғы тәсілмен орындауға сілтемелер мен сипаттамалар ескі, сабақта оқушылардың шығармашылығы мен белсенділігінің жоғарлауына ықпал етпеуі).
Айта кететін жай, басқа сабақтармен салыстырғанда лабораториялық жұмыстардың әдістемесі мен мазмұны өте баяу өткізіледі. Сонымен бірге, физика пәнінің лабораториялық сабақтарында алынған білімнің жоғарлатуындағы негізгі мәселелердің әлі шешілмегендігі.
Эксперименттік тапсырмаларды оқу үдерісін ұйымдастырушы форма ретінде қарауға болады, яғни эксперименттік зерттеулерді жүргізу және қалыптастыру кезіндегі теорияны өмірде қолдана алуы, шығармашылық қабілеттіліктің дамуы, құрал-саймандарға практикалық машықтануы ұйымдастырады.
Эксперименттік жұмыстарды түсіндіру мейлінше күрделі тақырыптар мен физикадан өтіліп жатқан құбылыстарды сезіну үшін, теориялық білімнің маңызын түсіндіруге тиімді. Мектепте физиканың жалпы курсының 25-30% лабораториялық сабақтар болып табылады.
Кейбір эксперименттік тапсырмаларға мысалдар келтірейін.
1. Медициналық шприцтің, балалардың сүт ішетін бөтелкесінің, градусниктің бөлік құнын және өлшеу шегін анықта.
2. Заттың көлемін біле отырып, ығысқан судың салмағын есепте және оны осы заттың салмағымен салыстыр.
3. Миллиметрлік бөлігі бар сызғышпен рычагтың иіндерін өлше, күштен қанша ұтатынын есепте [1].
4. Сыйымдылығы белгілі ыдысқа шай құйып, температурасын термометрмен өлше. Үстіне қайнаған су құйып, тағы да температурасын өлше. Шайдың алған және қайнаған судың берген жылу мөлшерлерін есепте және салыстыр.
5. Ыдысқа мұз кесектерін сал, сыртқы термометрдің көрсетуін пайдаланып судың еруін бақыла. Минут сайын термометрдің көрсетуін жазып ал, графигін сыз.
6. Шырша гирляндасындағы шамның қосылу түрін анықтап қарап, әр шамның кернеуін есепте. Шамдардың қосылу схемасын сызып көрсет.
7. Горизонталь лақтырылған тастың, доптың лақтыру жылдамдығын есепте. Доптың ұшу алыстығын, биіктігін өлшеуіш лентамен өлшеуге болады.
8. Сызғыштың көмегімен механикалық сағаттың минуттық тілі мен сағаттық тілінің ұштарының жылдамдығын тап.
9. Краннан аққан судың жылдамдығын анықта.
10. Шашыратқыш линзаның бас фокус аралығын анықта.
Қорыта келгенде, физиканы өмірлік тәжірибемен ұштастыру табиғат заңдарының физикалық мағынасын дұрыс түсінуге, теориялық білімді практикада қолдана білуге баулиды. Эксперименттік дағдыны өмірде, тұрмыста қолдана білген оқушының білімі шыңдала түседі. Жоққа жауап іздеп, алға ұмтылады. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бет алған тұста әр баланы әр сабақтың жеке кейіпкері ете біліп, шығармашылық шәкірт даярлай алған ұстаз ғана мақсатына жете алады деп ойлаймын.
«Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қиял әрекетіне дәнін сеуіп, нұр құятын тынышсыз, лаулаған жалын иесі»,- деп Ян Амос Каменский айтқандай ұлы қасиеттерді бойына жинақтаған мұғалім ғана нағыз ұстаз.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармышылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Оқушыларды сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге, пікір таластыруға тек тестік бақылау кезінде емес, оқыту барысында, күнделікті сабақта, тіпті сабақтан тыс жұмыстарда да (үйірме, факультативтік сабақ, т.б.) қалыптастырып үйрету қажет. Ұстаздың рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен шектелмейді, сабақты бере білу мен оқушыларды еңбекке баулып, тәрбиелеу және пәнге қызығуын арттырумен айқындалады. Ал оқушы білімнің сапасы – мұғалім білімділігі мен біліктілігінің, іскерлігінің айнасы, нарық заңдылығына сүйенсек, кез келген өнімнің сапасын өндіруші емес, оны тұтынушы анықтауы, бағалауы қажет. Сондықтан мұғалімнің берген білімін оның өзі емес, басқалардың бағалағаны жөн.
Физикада білімнің және зерттеу әдісінің негізі эксперимент болып табылады. Мектептегі оқу эксперименті физикалық құбылыстарды оқып білудің ғылыми әдісінің бейнесін көрсетеді. Сондықтан оқушылар ғылыми эксперименттің әдісі туралы түсінік алу үшін онда өзіне тән физикалық эксперименттің негізгі элементтері болуы мүмкін.
Оқу эксперименті - бұл физикалық құбылыстарды зерттеп білу үшін қолайлы сабақ жағдайында арнаулы аспаптардың көмегімен есептеу. Сонымен бірге ол білімнің көзі оқу әдісінің және көрнекілік түрі сияқты қызмет атқарады.
Орта мектептегі физика курсының қашаннан да экспериментке сүйенетіні белгілі.
Бұл физикалық түсініктің қалыптасуындағы негізгі кезең болып табылады. Құбылысты бақылау, оның басқалармен байланысын анықтау, оны анықтайтын шамаларды енгізу, тағы басқалар.
Сабақта тәжірибе көрсету, оқушылардың лабораториялық жұмыстарды орындауы мектепте физиканы оқыту әдісінің экспериментальді негізін жасайды.
Оқу эксперименті болашақ таным хабары құралмен бірге физиканы оқып білудегі басты көрнекі құрал болып табылады. Ол шынайы физикалық құбылыстарды және оларды байланыстыратын процестер мен заңдардың оқушылардың санасына нақтылы бейнелерін табысты және нәтижелі қалыптасуы мүмкіндік береді.
Дұрыс ұйымдастырылған мектеп физика эксперименті сондай-ақ мақсатқа жетемін деген табандылық, фактілерді алудағы ұқыптылық, жұмыстағы жинақылық және тағы басқа сияқты мінездерді тәрбиелеу құралы болып табылады.
Оқушыларға терең және тиянақты білім беру үшін, оларда қажетті практикалық шеберлікпен дағды қалыптастырып, оқу экспериментінің әр түрін қалыптастыру керек.
Қазіргі мектеп физика экспериментінің жүйесі қандай? Бұл сұраққа жауап беру үшін, ғылыми тәжірибелерге шек қойылатындығын ескеріп, алдымен оны классификациялау үшін белгілер таңдаймыз.

  1. Бағдарламада көрсетілген оқу мазмұны.

  2. Оқудың басты формасы - сабақты барлық оқушылардың қатысуымен өткізілуі.

  3. Мектептің материалдық мүмкіндігінің шегі.

Айтылғандардың ішінен ең ыңғайлысы оқушылар мен оқытушылар әрекетін толық ескеретін физикалық эксперимент классификациясы болып табылады.
Демонстрациялық тәжірибелердің жойылуы күрделі жабдықтарды пайдаланумен байланысты үлкен экспериментальді шеберлікті талап етеді және бүкіл сынып үшін мұғалімнің қатысуымен өткізіледі. Бұл кезде оқушылар бақылау обьектісінен 1-9 м қашықтықта орналасады.
Міндетті демонстрациялардың тізімі әр курстың программасында бар. Бұған қазіргі физиканың экспериментальді негізін қалаған Галилейдің, Кавендиштің, Штерн, Кулон, Эрстед, Фарадей, Герц, Столетовтың ең негізгі тәжірибелері кіреді.
Ал олардың бір бөлігі кино арқылы көрсетіледі. Оған Лебедев, Милликен-Иоффе, Резерфорд тәжірибелері жатады.
Демонстрациялық тәжірибені мұғалімнің мысалмен түсіндіруінің маңызы өте зор. Мысалға: түзу сызықты қозғалысты оқып үйренуде демонстрациялық столда арбаның бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалысын демонстрациялауда, агрегаттық күйге айналуды зерттеуде - судың қайнауы. Бұл құбылысты оқушылар бұрын да көрді, бірақ, практикада көрсеткендей мұғалім оқушылардың бақылауын басқарып және құбылыстың мәнін түсіну үшін олардың назарын маңызды жағдайға аударатын.
Физиканы оқыту процесінде политехникалық оқудың міндетін шешу үшін физика мен техниканың байланысын, физикалық құбылыс - техникада қолданылуын және жұмыс істеу кейбір техникалық қондырғылардың принципін түсіндіретін демонстрациялық тәжірибелер көрсетеді. Бұл кезде оқушылар нақты техникалық обьектілердің жұмысымен танысып қана қоймайды, сондай-ақ бұрын оқып үйренген құбылыс туралы білімін нығайтып, тереңдетеді. Техникалық обьектіні таныстыру кезінде оқушылардың назарын оның конструкторының ерекшеліктері мен жеңіл-желпі детальдарына аударудың қажеті жоқ.
Бұған кіретін оқушылардың экспериментальді жұмыстарының жалпы және маңызды белгісі олардың өткізілуінің фронтальді әдісі болып табылады. Сыныптың барлық оқушыларының қатысуымен мұғалімнің басшылығымен бір уақытта, бір типті құрал-жабдықтармен орындалуы қажет.
Оған оқушылар үйде орындайтын тәжірибелермен табиғатта, өндірісте, ауыл шаруашылығында мұғалімнің қатысуынсыз өтетін бақылаулар жатады. Мұндай текті эксперименттік жұмыстар үшін оқушылар үйдегі заттарды, қолдағы материалды, ойыншық жиынтығын, қолдан жасалған құралдар, өндіріс орнында шығарылатын «конструкторларды» пайдаланады.
Оқу экспериментін жүргізетін құралдар жоғарыда көрсетілген классификацияға сәйкес үлкен үш топқа бөлінеді:

  1. Демонстрациялық тәжірибелер үшін

  2. Фронтальді лабораториялық жұмыстар мен тәжірибелер үшін

  3. Практикумдар үшін

Физикалық эксперимент әдісі мен оның техникасын бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Бірақ мұғалімнің кәсіптік дайындығына ыңғайлы болуы үшін.
Мектептегі физика курсындағы эксперимент - бұл физика ғылымына тән, зерттеудің ғылыми әдісінің көрінісі. Оқушыларды эксперименттік методтың мән-мағынасымен, оның физика саласындағы ғылыми зерттеулердегі раймен таныстыру үшін, сондай-ақ мектеп оқушыларының қандай да бір практикалық дағдыларымен қарулануына тәжірибелер мен бақылаулардың маңызы зор. Физикалық экспериментті негізге ала отырып құбылыстарды оқып үйрену - оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуына, физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруге, мектеп оқушыларының пәнді оқып үйренудегі қызығушылығын арттыруға себебін тигізеді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет