Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «эксперименттік есептер шығару әдістемесі» «5В011000 -физика»



бет8/14
Дата12.09.2022
өлшемі0,99 Mb.
#38908
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
«ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ»

ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ



2.1 Эксперименттік есептер шығарудың мазмұны

Физиканы оқытуда эксперименттік есептердің маңызы зор. Өйткені онда оқушылар мен табиғат арасындағы тығыз байланыс байқалады. Физика сабақтарында көптеген тәжірибелер көрсетсек те, таным процесінің барлық этаптарын қамти алмайды, оқушылардың практикалық мәселелеріне жауап алатындай білімдері жеткіліксіз болып табылады.


Мұғалім тақырыпқа қатысты тәжірибенің құрылысын талдап қана қоймай, ол қажеттіліктен туындайды:

  1. жаңа құбылыстарды көрсетеді.

  2. берілген құбылыстардың заңдылықтарын құру.

  3. теориялық қорытындының нәтижелерін практикада тексеру.

Эксперименттік есептердің қойылымы оқушыларға қозғалыстағы физикалық заңдардыкөрсетеді, табиғаттағы заңдардың объективтілігін, нақты орындауға түсіндіреді.
Оқушылар алған білімдерін практикалық мәселелерді шешуге қолдана алады. Теория мен практиканы байланыстыру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мектеп практикасында эксперименттік есептердің қойылымын көбірек жүзеге асыруға болады. Есептің берілгенің оқушылар өздері тәжірибеден алатын, ал дұрыстығын құралдармен тексеретін эксперименталды есептердің маңызы зор. Мұндай жағдайларда оқушылардың физика курсында алған білімдерінің маңызы мен қолданылуының ролі артады. Эксперименталды есептерді шешу оқушылардың физикалық заңдылықтарының мағынасын керемет түсінуге көмектеседі. Эксперименталды есептерді қою оқушының дұрыс және толық алмаған білімдерін алуға көмектеседі.
Әсіресе, сапалық эксперименттік есептердің қойылымында зерттелетін құбылыстың дәл өзі уақытында орындалуы және сол уақытта шешу керек екендігі үлкен рол атқарады.
Бұл есепке деген қызығушылықты арттырады, оны шешуге деген жауапкершілікті оятады.
Кейде сабақта көптеген есептерді шығарып үйренуге болады, бірақ оқушылардың зейінлдері шашыраңқы, шығарылатын есепке олардың тарапынан қызығушылықты оята алмасақ онда толы тәтиже төмен болады.
Егер есептің мазмұны оқулық бойынша оқылса, тіпті оның суреті тақтаға сызылса, онда да бұл сыныпты бүкіл оқушыларының, әсіресе жас ерекшелігіне орай қызықпаған нәрсеге зейінін аудармайтын кіші сынып оқушыларының көкейіне қонбайды.
Эксперименттік есептердің классификациясы. Эксперименттік есептер сандық және сапалық болып бөлінеді.
Сапалық есептер – шешіміне есептеу талап етілмейтін тапсырмалар оқушылар оқылған физикалық заңдылықтарды пайдаланып, оны есепте сөз болып отырған құбылысты талдауға қолданады.
Сандық есептер. Есептердің бұл түрі математикалық есептеуді қажет етеді. Дұрыс іріктеп алынған жағдайда мұндай есептер оқушылардың бойында ұтымды білімнің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Мұндай есептер мұғалімдер қолданып жүрген барлық есептер жинқтарында анағұрлым толық түрде берілген.
Эксперименттік есептерді эксперимент жүргізілетін жеріне; қиындық деңгейіне қарай бірнеше топтарға бөлеміз:
- Керекті физикалық өлшемдерді өлшеу арқылы есептің жауабын аламыз, немесе құрал- жабдықтардың құжаттарында көрсетілген мәндерді қолданып (реостаттар, шамдар, электроплиталар және т.б.) немесе эксперимент арқылы бұл мәндерді тексереміз.
- Нақты физикалық өлшемдерге байланысты және тәуелділікті орнататын оқушылардың өз беттерімен шығарған есептері.
- Берілуінде тәжирбені жасау жолдары көрсетілген, ал оқушы нәтижесін айтуға тиіс. Осындай есептер оқушылардың өз пікірін айтып үйренуге тәрбиелейді.
- Шығармашылық есептерді шығару кезінде қандайда бір физикалық құбылысты түсіндіру арқылы орындала отырып, белгілі бір жағдайда құбылыстың қалай өтетініне болжам жасауды қажет ететін есептер. Мұндай есептердің мазмұнында сан мәлметтер болмайды, ол негізінен физикалық құбылыстың мағынасын ашуды мақсат етеді.
- Нақты практикалық сұрақтарды шешетін өндірістік мазмұндағы есептер. Бұндай есептерді экскурсияларда, мектеп шеберханаларында, сондай- ақ сабақтарда әр түрлі құрал- жабдықтарды және техникалық модельдерді қолдану арқылы есептейді.
Зерттеген құбылыстарды түсіндіретін физикалық теория: 1) физикалық теорияны түсіндіретін және оның негізін құратын эксперименттік фактілерден; 2) теорияның негізгі заңдарын өз тілінде тұжырымдайтын математикалық аппараттан; 3) алынған формулалардың физикалық мағынасын ашып беретін ұғымдық аппараттан тұрады.
Айтылғандардан көріп отырғанымыздай, ғылыми зерттеу барысында, физиктер бірімен бірі тығыз байланысқан екі әдісті-эксперименттік және теориялық –пайдаланады. Теория мен эксперименттің бірлігін қатып қалған тұрғыдан қарастыруға болмайды. Зерттеудің бір кезеңінде эксперимент теорияны басып озатын болса, енді бір кезеңінде, керісінше, экспериментті теория басып озады немесе эксперимент пен теория дамуында уақытша параллелизм болуы да мүмкін. Теория мен эксперименттің бірлігі деп адамдар өзін қоршаған ортаны танып-білуде бірі-бірін толықтырып отыратын, бірімен -бірі тығыз байланысқан екі әдісті айтамыз.
Білімді қандай әдіспен (эксперименттік немесе теориялық) алса да, ол бірдей болады. Ғылым үшін де, адамзат үшін де ғылыми фактілер мен осы фактілерді түсіндіретін білімнің бағалылығы бірдей.
7-сыныпта «Қысым. Қысымның қатты денелер сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы» тақырыбын өткенде мынадай экспериментерді орындау тапсырылады.



Тәжірибе қорытындысы бойынша кітапқа түсірілетін қысымды бір бағытта тарататынына көзіміз жетті. Бұны қатты денелерді құрайтын молекулалардың белгілі бір ретпен орналасатыны және бір нүктенің айналасында ғана қозғалатындығынан және осы нүктеден алысқа кете алмайтындығынан болып отыр.



Сұйықтар мен газдарда мүлде басқаша. Паскаль шары деп аталатын құралмен тәжірибе жасап көрелік. Қорытындыны оқушылар өздері айтады, (оларды құрайтын молекулалар еркін қозғала алады) толықтырылады. Сонымен, сұйық пен газға түсірілетін қысым барлық бағытта өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.

7-сыныпта «Архимед заңын» эксперимент түрінде тексеру тапсырылады.


Сабақтың мақсаты: білімділік: Архимед заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеуге үйрету;
дамытушылық: Архимед заңын біле отырып, тәжірибе жүзінде қорытындылай отырып дамыту;
тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу;
Эксперимент оқулықтағы нұсқау бойынша орындалады, қорытындысын жазып, мұғалімге тапсырады.
1 – тапсырма. Су ішінде массасы 100г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтау
Құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп.
Жұмыстың барысы:
1. Мензурка көмегімен жүктің Vд көлемін анықтаңдар.
2. Дененің өлшеген Vд көлемі мен су тығыздығы бойынша дене ығыстыратын су салмағын табыңдар.
3. Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліңдер және оған әрекет ететін ауырлық күшінің (дененің ауадағы салмағының) мәнін табыңдар.
4. Динамометр ілгегіне ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар және ығыстырушы күштің мәнін есептеңдер.
5. Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе?
Тексеріңдер.

  1. Тәжірибені басқа денемен жасаңдар.

  2. Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазыңдар.

  3. Бұл тәжірибеде Архимед заңы қандай дәлелдікпен орындалатын бағалаңдар.

Тәжірибе реті

Дененің көлемі,
Vд,, м3

Дене ығыстырған сұйық салмағы,
Р0, Н

Дененің ауадағы салмағы,
Р, Н

Дененің судағы салмағы,
Р1, Н

Ығыстырушы күш,
Fы



















2 – тапсырма. Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін Fы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру.
Құрал-жабдықтар: мектеп таразысы (табақшаларсыз), әрқайсысының массасы 100г болатын көлемдері әр түрлі екі дене, суы бар екі ыдыс.
Жұмыстың барысы:
1. Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе-теңдік қалпына келтіріңдер.
2. Егер екі денені де суы бар ыдыстардың ішіне батырсақ, таразының тепе-теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер.
3. Жауаптарыңды тәжірибеде тексеріңдер.
3 – тапсырма. Fы ығыстырушы күштің с сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру.
Құрал-жабдықтар: Мектеп таразысы (табақшаларсыз), массалары мен көлемдері бірдей екі жүк, суы бар және судан басқа кез келген сұйық құйылған ыдыстар.
Жұмыстың барысы:
1. Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе-теңдік қалпына келтіріңдер.
2. Егер бір жүкті суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырса, таразының тепе-теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер.
3. Жауаптарыңды тәжірибеде тексеріңдер.
7-сыныптың 3-тоқсанында орындалатын эксперименттерге назар аударайық.
Денелердің жүзу шарттары.

Fa = FA Fa > FA Fa < FA



Оқушыларға суы бар стақан мен әр түрлі заттар таратылады да тәжірибені оқулықтан оқи отырып жасап, қорытынды жасау.




  1. Ареометр таратылады. Тұзды және таза су құйылған ыдыстар таратылады. Тығыздықтары анықталынады.

Әрбір оқушыға пробирка мен құм салынған ыдыс таратылады.
(Оқулықтағы 143-144 – суреттер). Эксперименттік тапсырманы өз беттерімен орындап, қорытынды жасайды.
Қорытындылау: А) дене сұйыққа толық батып, оның ішінде жүзіп жүрсе, онда денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшіне тең,
яғни ҒАа; gρдVд = gρcVы.с ; ρд = ρc
Ә) денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық, яғни Ға> ҒА болса, онда дене сұйыққа батады. gρдVд >gρcVд; ρдc
Б) ауырлық күші архимед күшінен кем, яғни ҒаА болса, онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі. ρд< ρc
Дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлемі сұйық пен дене материалы тығыздықтарының арақатынасына байланысты болады.
7-сыныптың 3-тоқсанында дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау жүзеге асырылады.
Сабақтың мақсаты: білімділік: эксперимент жүзінде дененің сұйықта жүзу шарттарын тексеру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет