3.3. Тілдесім әрекеті және оның түрлері
Тілдесім - сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қатитын ерекше құбылыс.Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым,айтылым, тыңдалымның іс жүзінде қолдануына мүмкіндік жасайды. Тілдесімарқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатыстыжұмыстар атқарылады.
Тілдесім (общение) – айтылым және жазылымнан өзара бірлігінен құралакеліп, қандай болмасын ақпарат (информация) негізінде адамдар арасындағытілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі. Бұл қарым-қатынаста оқылым мен тыңдалымның да тыс қалмайтындығы өзінен-өзі белгілі.
Тілдесім – адамдардың қоғамдық-әлеуметті өмірде бір-бірімен тіл арқылықарым-қатынасқа түсіп, өзара пікірлесуінің нәтижесінде бірінің ойын біріауызша да, жазбаша да түсінуі және оған жауап қайтаруы. Мұнда пікір алмасуауызша (айтылым) түрде де, жазбаша (жазылым) түрде де іске асып, белгілібір ақпарат адамдар арасындағы қарым-қатнасқа мүмкіндік туғызады.Тілдесім арқылы адамдар білетін ақпарат-деректермен алмасады, олартілді меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар өмірлік тәжірибелерді,дағдыларды, жақсы іс-әрекеттерді де бір-бірінен үйренеді.
Тілдесім арқылы ұстаз шәкірттерді рухани қарым-қатнасқа жетелейді,тілдесу арқылы олар бір-бірімен ой бөліседі, пікірлеседі, түсініседі.Тілдесім процесі оқушының жеке басына тән сенімділіктің пайда болып,оның қоғамдағы орны мен санасының қалыптасуына, басқалардан ерекшеленген,өзіндік жеке қасиеттердің жетілуіне әсер етеді. Өйткені әрбір адамда басқаадамдармен араласуға деген табиғи қажеттілік болады. Олар тілдесу арқылыөзінің бойында жиналған білімді, тәжірибені екінші біреуге жеткізеді,мінезін, қабілетін, өз ойын аңғартады.
Тілдесудің нәтижесінде адамдар көңіл-күйлерін бөліседі, бірінің жандүниесінен екіншісі хабардар болады, біріне бірі қол ұшын береді. Ол даөмірдегі ең негізгі факторлардың бірі.
Тілдесім – адамдардың бір-бірімен түсінісуі ғана емес, сонымен қатарбір-біріне ойы, көзқарасы, пікірі жағынан ықпал етуі. Бұл – қоғамда қызмететіп, өмір сүруші адамдардың тіл арқылы барлық жағдайға байланысты өзараәсері.
Тілдесім арқылы болатын әсер әр түрлі болуы мүмкін:
а. жағымды не жағымсыз әсер;
ә. ашық не жасырын әсер;
б. тікелей не аралық әсер;
в. негізгі не қосалқы әсер;
Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлесуіне байланыстытілдесім түрліше болады. Осы тұрғыдан келгенде, оларды мынадай депжеткізуге болады.
1. Ресми тілдесім.
2. Бейресми тілдесім
3. Қалыптасқан тілдесім.
4. Кәсіби мамандыққа қарай тілдесім.
5. Әлеуметтік тілдесім.
6. Дербестік тілдесім.
Ресми тілдесім – тіл үйренушілерге ресми қарым-қатнастың элементтерінүйрету, ондағы сөз қолданыстарды, ситуацияларды, ресми материалдарғақатысты меңгеру.
Бұл кездесетін адаммен қарапайым қарым-қатынастың элементтерін білугеүйрету. Бұл - өмірде болатын кез келген жағдайда таныс болсын, бейтанысболсын ұшырасқан адаммен тілдесе білу, сөйлесе білу деген сөз.
Қалыптасқан формальный тілдесім - әр адамның өміріндегі өз орнынасай бір-бірімен тілдесуі, түсінісуі. Адамдар жастың өсуіне қарай – бала,әке, ана, туыс тәрізді кезеңдерден өтеді. Олардың әрқайсысының қалыптасқанөзіндік рөлі бар. Адамдардың осындай қарым-қатынасына негізделген сөйлеудіқалыптасқан тілдесім деп атауға болады. Өсе келе әр бала әке не ана болады,аға не әпке болады, бұл-күнделікті адамдық қарым-қатынастың ең негізгі жәнеең жиі кездесетін үлгілері, адамдар осы тұрғыдан да бір-бірімен тілдесіп,түсінісе білуі заңды.
Кәсіби тілдесім - тіл үйренушілерге белгілі бір мамандықтың саласынабайланысты сөйлесудің үлгілерін, мамандыққа қатысты сөздерді, тілдікқолданыстарды, терминдерді үйрету. Оқушылар арасындағы тілдікқолданыстарды, түрлі мамандық иелерімен қалай сөйлесіп, тіл табысуғаболады, соған қарай құруға тура келеді.
Адамның қоғамдық орнын, беделін, қызметін ескере отырып құрылатынтілдік қарым-қатынас - әлеуметтік тілдесім болып табылады. Мұндай сөйлеушіадамдар бір-бірінің қоғамдағы әлеуметтік рөліне, атқарып отырған қызметіне,жасына, жолына қарап тілдеседі. Қазақ тілін үйренушілерге мұны да білудіңөмірлік қажеттілігі бар.
Дербестік тілдесім - адамның қызметіне, беделіне, әлеуметтік орнынақарамай, жеке басының қасиеттеріне қарай, өзіне тән барлық ерекшеліктерінескере отырып, тілдесу, сөйлесу. Бұл - кісінің жеке адамшылығын,білгірлігін, ақылдылығын танып, оны үйрене білумен қатар жүреді.
Дербестік тілдесім - оқытушымен оқушының тең дәрежеде, бірін-біріқұрметтей, бірінің кісілігін бірі танып тілдесуге мүмкіндік жасайды, тілдікқатынасты арттырады, адамдардың өзара достасуына, түсінісуіне жол ашады.
Сондықтан мұндай тілдесімді меңгерген бүгінгі шәкірт ертең жақсы ұстазболатындығына сенуге болады.
Әрине, тілдесім процесі тілдік қарым-қатынасты іске асырудыңамалдарын, тәсілдерін, жолдарын меңгеруге де тікелей байланысты. Бұл реттетіл үйренушінің адамдармен тез тіл табыса білу немесе мінез-құлқы даелеуілі рөл атқарады. Тілдесім әрекеті кезінде шәкіртпен тез түсінісу үшінмынадай қасиеттерді ескеру керек:
а. Сөйлеуші адамның көңіл – күйін сезіну және білу.
ә. Тілдесуші адамдардың бір-біріне деген құрметі, сыпайгершілігі.
б. Адамды сөзге тарта білу.
в. Әңгімелесу кезінде сөйлесушіні қолдай білу, шабыттандыра білу.
е. Пікірлесуді жалғастыра білу т.б.
Жалпы адамдар арасындағы тілдесімнің кең тараған түрі бар:
1. Ақпараттық.
2. Ықпалдастық.
3. Қабылдамалық.
Ақпараттық – сөйлесім әрекеті кезінде адамдардың бір-біріне мағлұмат береотырып пікірлесуі; оймен, идеямен, әр түрлі хабарлармен алмасуы.
Ықпалдастық – тілдесім кезінде адамдардың бір-біріне дәлелді пікірмен әсеретіп, тілдесушілердің бір-біріне ықпал етуі.
Қабылдамалық – тілдесім процесінде адамдардың бірінің пікірін, ойынекіншісінің қолдануы, қабылдауы.
Оқушыға үйретілетін тілдесім процесінің ішкі мазмұны қандай мәселетөңірегінде болмасын ертең өмірде қажетке жарайтын қатысымдық мақсатты іскеасыратын проблемаларға қатысты болу керек. Мұндай мәселелер, әрине, көпжәне әр қилы. Дегенмен, өмірде жиі ұшырасатын бірнеше тақырыптарды атапөтуге болады:
1. Қоғамдық- әлеуметтік оқиғалар.
2. Соңғы жаңалықтар.
3. Көпшілік қауымға ортақ ақпараттар.
4. Белгілі бір нәрсеге көзқарас.
5. Ой иірімдері. Толғаныстар.
6. Пікірталас.
7. Көпшілік назарын аударатын жаңалықтар синсация
8. Тіршілктің қосалқы жақтары т.б.
Тілдік қатынастың негізі - сөйлесім әрекеті мен оның түрлерін меңгеруболса, сөйлесім әрекетінің нәтижесі тілдесім үрдісін игеруден тұрады.
Өйткені тілдесім процесі сөйлесім әрекетінің барлық түрін іске асыруменжәне сөйлесім әрекетінің ерекшеліктерін меңгерумен байланысты: тілдесімарқылы оқыту, тілдесім арқылы жазғызу, тілдесім арқылы тыңдату, тілдесімарқылы айтқызу. Сондықтан тілдесім – барлық оқыту процесінің маңыздытірегі, қажетті шарты.
Оқыту, үйретуге қатысты тілдесім екі түрлі болады:
І. Тікелей тілдесім.
ІІ. Жанама тілдесім.
Тікелей тілдесім – адамдардың бір-бірімен көзбе –көз, ауызба-ауыз,бірін-бірі тікелей көру арқылы тілдесуі; ұстаз бен шәкірттің тікелей көзбе-көз қарым-қатынасы. Тікелей тілдесім кезінде ұстаз бен шәкірт бірін-бірікөзбен көріп, құлақпен естіп отырады. Мұнда тіл үйренушінің әр қимылы,ишарат белгісі, бет әлпеті – бәрі оқушыға тікелей әсер етеді.
Жанама тілдесім –ұстаз бен шәкірттің бірін-бірі көрмей-ақ, берілгентапсырмаларды орындап, қажетті жұмыстарды атқару қарым-қатынаста болуы.Мұнда адамдар тікелей сөйлеспейді, аралық амал құралдар арқылы жанаматілдік қатынаста болады.
Тікелей тілдесім сөйлесім әрекетінің оқылым түрінде көп қолданылатынболса, жанама тілдесім жазылым мен тыңдалымға қатысты жиі пайдаланылады.Мұның өзі тілдесім сөйлеу әрекетінің барлық түрлерімен байланысты екенінжәне олардың әрқасысының бірінсіз екіншісінің жүзеге асуы тиімсіз екенінкөрсетеді. Солардың барлық түрі бүтін бір жүйемен қатар қолданылғанда,оқыту процесі де сапалы болады.
Тікелей тілдесім үш түрлі қалыппен орындалады:
1. Жұптық.
2. Топтық.
3. Ұжымдық.
Тікелей және жанама тілдесім екі түрлі жолмен жүзеге асады. Содан
тілдесімнің екі түрлі қолданылу жолы келіп шығады:
1. Ауызша тідесім.
2. Жазбаша тілдесім.
Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Ауызша тілдесімге тән ерекшеліктер:
1. Дауыс ырғағының әсері.
2. Қосалқы қимылдың ым, ишарат, дене қозғалысы, бет-әлпеттің өзгерісіжәне т.б. жан-жақтылығы.
3. Сөйлегенде үннің қарқындылығы темп.
4. Тілдесушімен екі арада болатын байланыс контракт.
5. Сөйлеу кезінде кідіріс, үзіліс, жиілік, бояу, қатты т.б. сол сияқты
амалдарды дұрыс сақтау.
6. Мазмұн мен мағынаның айқын, түсінікті болуы.
Жазбаша тілдесімнің ерекшеліктері:
1. Сөйлесімнің құрылысына ерекше назар аудару.
2. Сөздерді таңдап қолдану.
3. Ойды асықпай, ойланып-толғанып, жоспарлап, жүйелеп жеткізу.
4. Тыныс белгілерді дұрыс қою.
Тілдесім әрекетінің атқаратын қызметі – тілдік қарым-қатынасты жүзегеасыру. Тілдесімнің қатысымдық қызметін ішкі ерекшеліктеріне байланыстысаралайтын болсақ, онда оларды төмендегідей жіктеуге болады.
Тілдесімнің атқаратын фунциялары қызметтері мынадай:
1. Әлеуметтік қызмет.
2. Танымдық қызмет.
3. Мағлұматтық қызмет.
4. Қоғамдық не қауымдық қызмет.
5. Эмоциональдық қызмет.
Әлеуметтік қызмет – тілдесім арқылы адамның ой-пікірі, көзқарасыәлеуметтік дәрежеге көтеріледі. Тілдесім әрекеті адамға қоғамдық ортадан өзорнын тыбуға көмектеседі, адамдармен пікірлесуге, түсінісуге жол ашады.
Сонымен бірге қоршаған орта адамға әсер етіп, тілдесу арқылы оқушының сана-сезімі өседі, адам өзің қоғамдық ортада дұрыс ұстауға үйренеді, мәдениеттісөйлеуге, үлкендердің тағылым сөздерін жадында сақтауға тырысады.
Танымдық қызмет – тілдесудің нәтижесінде тіл үйренуші білмегенін біледі,үйренеді әр түрлі адамдарды таниды, көреді, кісі бойындағы жақсылыққаүйренеді, жақсы сөзді жаман сөзден ажыратады, дұрыс іс-әрекетті нашарәректеттен айырады, жалпы танымдық қасиеттерді меңгеріп өз бойына сіңіругемүмкіндік алады.
Мағлұматты қызмет – тілдесудің негізгі қағидаларын меңгеру арқылыұстаз бен шәкірт ақпараттық материалдармен танысады. Сол сияқты әр түрлімағлұматтармен алмасады. Өмірде кездесетін көптеген хабарлар жөнінде пікралысады.
Қоғамдық қызмет – тілдесу арқылы адамдар бірігіп, ортақ мақсатты іскеасырады, топталып ұйымдасып жұмыс істейді; қоғамдық істер атқарады; ұжымдықкүрделі әрекеттерді ұйымдастырады. Осындай жолда бір-бірімен түсініседі,пікірлесіп, сөйлеседі.
Эмоциональдық қызмет – тілдесім адамдардың бір-бірімен сезімін, көңіл-күйін бөлісуге мүмкіндік жасайды. Сөйлесу, білісудің нәтижесінде бірініңмінезін екіншісі түсінеді, соған қарай әрекет етеді.
Жалпы кез келген адам тілдесе келе, басқалармен пікірлесіп, оның жан-күйін сезінеді. Сол сияқты тілдесім арқылы өз ойын, қиындығын адамдарменбөліседі. Қуанған адам қуанышын біреуге жеткізіп, басқа адамдарды өзімен бірге қуантады.
Сонымен тілдесім –тілдік қатынаста маңызды орын алатын адамзатқа тәнерекше күрделі процесс.
Адамдардың бір-бірімен ой алмасып, тілдік қарым-қатынас жасауысөйлесім әрекеті және оның түрлері арқылы жүзеге асады. Белгілі тілшіәдіскер ғалым Ф.Оразбаева: Адамның сөйлесім әрекетін көптеген ғалымдарбелгілі бір хабарды, информацияны баяндау, яғни екінші біреуге жеткізу дептүсіндіреді немесе тілдік қарым-қатынас дегеніміз – адамдардың бір-біріментіл арқылы белгілі бір ақпарамен алмасу деген пікірді айтады. Рас, адамзаттілінің ең басты қызметінің өзі – ойды, хабарларды жеткізу - дей келе,адам не туралы сөйлейтінін, тіл арқылы нені жеткізетіндігін білгенмен,тілді, сол сияқты сөйлеуді өзіне бағындыра алмайтындығына, яғни сөйлесімәрекеті, адамның сөйлеу тілі тәуелді еместігіне, ол – табиғат бергенжаратылыстан туған күрделі процесс екендігіне тоқталады, баса назараударады және сөйлеудің қоғамдық-әлеуметтік маңызын ашып көрсетеді.
Демек, сөйлесім әрекеті дегеніміз – адамдардың бір-бірімен пікіралмасуы ғана емес, сонымен қатар олардың бір-бірімен түсінісе отырып,алынған ақпараттық қоғамдық-әлеуметтік маңыздылығына мән беруі; сол арқылыұстаз бен шәкірт арасындағы тілдік қатнастың жоғары деңгейде жүзеге асуы.
Сөйлесім әрекеті және оның түрлерін бір-бірімен тығыз байланыстақарастыру негізге алынып, тілдік қатынас сөйлесім әрекетінің түрлерінің бір-бірімен араласуы нәтижесінде жүзеге асады. Мысалы: оқыған мәтінді баяндау,сол мәтін бойынша әңгімелесу, пікірталас құру,мәтінді түсіндіру сияқтытапсырмалар айтылым мен оқылымды; жатқа жазу, мазмұндама, тыңдалған хабардыжазу т.б. тапсырмалар оқылым мен жазылымды бір-бірімен тығыз байланыстырып,сабақтастырады. Ал тілдесім болса, сөйлесім әрекетінің барлық түрлерімен –оқылыммен, тыңдалыммен, жазылыммен, айтылыммен, тығыз сабақтасып, олардыңтілдік қатынаста жүзеге асуына әсерін тигізеді.
2002 жылы шыққан Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудіңмемлекеттік жалпыға міндетті стандартында оқушылардың міндеті дайындықдеңгейіне жетуін тексеру деп аталатын пунктінде білім сөйлесім әрекетініңкомпоненттері бойынша тексерілетіндігіне көңіл аудара отырып, сөйлесімәрекетінің барлық түрлері қолданысқа енгізіліп, назардан тыс қалмаған.
Жалпы бұл айтылымға қатысты терминнің тілдік қатынасқа енгізіліп ұсынылуыФ.Оразбаеваның Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялықнегіздері деп аталатын докторлық диссертациясынан басталады.
Сөйлесім әрекетінің барлық түрін тілді игеру кезінде қалыптасатындағды мен іскерлікке сәйкес өздеріне тән ерекшеліктері бар. Қарастырылыпотырған мәселе айтылым процесі болғандықтан, оның тілдік қатынастағысөйлесім әрекетінің басқа түрімен байланысын аша кеткен тиімді.
Тілдесіммен айтылым өзара тығыз байланыста болады. Өйткені айтылымәрекетіндегі қалыптасқан сөйлеу дағдылары мен іскерлік тілдесім арқылыжүзеге асады. Яғни айтылымның тілдік қатынаста жүзеге асуы тілдесімментығыз байланысты. Айтылымда қалыптасқан сөйлеу дағдылары арқылы қабылдаушыбаяншы арқылы алған ақпараттарын басқа адамдарға тілдесім арқылы жеткізеді.
Демек, тілдесім әрекетін, соның ішінде айтылым әрекетін бір-біріментығыз байланысты, бірлікте қатыстырудың мыңызы зор екен. Себебі тілдесімсізтыңдалым; жазылымсыз оқылым жүзеге аспайтындығы мәлім. Ендеше қазақ тіліноқытуды қатысымдық бағытта қарастыруды осы мәселелерді әрқашан ескергентиімді.
Қазақ тілі әдістемесінде Ф.Оразбаеваның тілдік қатынас пен қатысымәдісінің ғылыми-теориялық негіздері тақырыбындағы зерттеуінде айтылымныңтілдік қатынаста атқаратын қызметі, айтылымға тән ерекшелктерқарастырылады.
Ғалым тілдік қатнаста жүзеге асатын сөйлесім әрекетінің бір түрі –айтылым әрекетіне қатысты ерекшеліктерді, белгілерді қорыта келе, айтылымғамынадай анықтама береді: айтылым – ой мен сананы, қатысымдық тұлғалардықамтитын, сыртқы дүниенің әсерін тіл арқылы жарыққа шығаратын күрделісөйлесім әрекеті. Еңбектің әдістемеде алатын орны ерекше. Себебі қазақтілі әдістемесінде тұңғыш рет тілдік қатынас пен қатысым әдісіне байланыстытерминдердің қазақша баламасы қолданысқа енгізілді, сөйлесім әрекетініңбарлық түрлерінің тілдік қатынастағы атқаратын рөлі, өздеріне тәнерекшеліктері анықталады.
Қоғамның даму барысында; адамзаттың бір-бірімен тіл арқылытүсінісіп, өз ой-пікірлерін жеткізуде сөйлесім әрекетінің бір түрі –айтылым ерекше маңызды рөл атқарады. Айтылым үрдісі арқылы тіл үйренушілермемлекеттік тілде еркін сөйлеп, тілдік қатынасқа түсе алады.
Шәкірт қазақша сөйлеу кезінде екінші адаммен түсінеседі, ой алмасады,одан жауап алады. Сол себепті ұстаз тілді оқытудың алғашқы кезеңдеріненбастап студенттерді сөйлеуге үйретуге назар аударуы қажет. Сөйлеугеүйретудің негізгі ерекшеліктері жайында тілші-ғалым Ф.Оразбаева былайдейді: Сөйлеуге үйрету айтылар ойдың түпкі мақсатын анықтап алумен тығызбайланысты, өйткені сөйлеу кезінде сөйлесімдер қалай болса солай, бет алдыайтыла берсе, ой жүйесіз, түсініксіз болады. Түсініксіз, жүйесіз айтылғансөз қарым-қатынас тудырмайды.
Айтылым, оның түрлері, оны меңгертудің әдіс-тәсілдері жайлыорыс,шетел әдіскерлері арасында әртүрлі көзқарастар қалыптасып,әр түрліәдістемелік оқулықтар, оқу құралдары бірнеше зерттеулер жарыққа шықты.
Айтылымды игертудегі психологиялық ерекшеліктер, айтылымды игертудегізаңдылықтар, айтылымның тілді меңгертудегі ерекшеліктері (И.А.Зимняя,Н.И.Гез, Я.Яноушек, В.А.Артемов, И.Л.Бим, Г.В.Рогова, А.А.Миролюбовь,И.В.Рахманова, В.С.Цетлин, Т.А.Вишнякова, А.В.Величо, Н.В.Попова,О.Р.Бондаренко) қарастырылған.
Айтылым әректін игеру арқылы ұстаз бен шәәкірт еркін сөйлеседі; ойын,көзқарасын сыртқа шығарады. Айтылым сөйлесім әрекетінде қатысымдық мақсаттаауызша сөйлеу арқылы жүзеге асады. Екінші адамды әңгімеге тарту арқылыұстаз өз ойын жеткізеді, айтады. Әңгіме барысында тыңдап отырған адамныңбойында өзіне қарсы реакция тудыру арқылы пікірлесуге шақырады. Яғниайтылым сөйлесудің формасы – диалогты пікірлесім тудырады. Адам екіншіадаммен әңгімелесу кезінде оның тақырыпқа қарсы реакциясын тудырмай өз ойынсыртқа шығаруына болады. Белгілі бір тақырыптағы әңгімені тудырушы адамрепликамен алмаспай, өзіне қажетті ақпаратты, хабарды тыңдау арқылықабылдайды. Мұндай жағдайда айтылым сөйлесудің бір формасы монологқаайналады. Диалог пен монолог адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы,сұхбаттасуы негізінде диалогтық және монологтық сөйлеу арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |