1.2. Оқушылардың экологиялық білім мазмұны - психологиялық – педагогикалық проблема.
Қоршаған ортаны қорғау мәселесі, биосфера ресурстарын тиімді пайдалану, Егеменді Қазақстан республикасының мемлекеттік маңызды міндеттердің бірі. Ғылыми – Техникалық прогресс қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық өзгерістер табиғат тепе – теңдігінің бұзылуына, қауіпті жағдайлардың пайда болуына себепкер болып отыр.
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері–аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, тірі организмдердің генетикалық қорының азаюы, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтардың жинақталып айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде.
Кейбір аймақтарда жағдайлардың ауырлағаны соншалық тежеуге келмейтін апаттар, болашағын пайымдап білуге болмайтын құбылыстар қаупі өсіп келеді. Еліміздің қолайсыз экологиялық ахуалы қазіргі кезде бастан кешіріп отырған экономикалық дағдарысты одан әрі тереңдетіп, әлеуметтік шиеленістің ұшығуына итермелеп отыр. Ал, экологиялық жағдайлармен қатар халықтың әлеуметтік проблемаларын шешуде экономикалық қиындықтарда кедергі келтіріп отыр. Экологиялық ахуалды жақсарту үшін оң шаралармен, іс-әрекеттерді қолданбаушылық халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар, әлеуметтік жанжалдар туғызып, халық шаруашылығы дамуының бірсыпыра маңызды бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Конституциясының 38-бабында “Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндетті” - делінген [8,13].
Ата Заңымызға негізделіп жасалған ҚР “Білім туралы” Заң мен 2004 жылы қабылданған білімді дамыту тұжырымдамаларында көрсетілген талаптарды іс жүзіне асыру жоғары, орта және арнаулы білім беруде оқушылар мен студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты екендігі баршамызға аян [9,7].
1996 жылдың тамыз айынан бастап Республикада табиғат қорғау туралы жаңа заң қабылданып күшіне енді [4]. Заң әр адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы ортаның барынша қолайлы болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың экономикалық, практикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеп берді.
Ол мынадай тармақтардан тұрады.
- Республикада халыққа білім беру орындары табиғат қорғау жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие және білім беру жүйесін жүзеге асыру;
- жалпыға бірдей кешенді түрде және үздіксіз экологиялық тәрбие мен білім берудің жоғары және арнаулы оқу орындарында маман кадрларды кәсіптік жағынан даярлау, олардың біліктілігін арттырудың, барлық мүмкіндіктерін жасау;
- құжаттың 64-бабында айтылғандай барлық оқу орындарында міндетті түрде экологиялық білім берудің қажеттілігі айтылып ол бойынша азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қажетті экологиялық білім мазмұнынын алу үшін, оқу орындарының ұстанған кәсіби бағдарламаларына қарамастан барлық жоғары және арнаулы оқу мекемелерде экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту;
- арнаулы оқу орындарының бағытына сәйкес айналадағы ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөнінде арнайы курстар оқыту көзделеді.
Қазіргі кезде білім беру ошақтарының алдында тұрған міндеттерінің бірі - жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өзінің өмір сүретін ортасы мен еңбектенетін, жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп, әрбір адамның экологиялық білім дәрежесі мен тәрбиесі орта және арнаулы білім беру ордаларында қалыптасып, келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.
Әлемдік ғылымдар саласында ғылыми –техникалық үрдісі әлдеқашан қалыптасқан экология, табиғаттану, табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын алуда. Ғылымдар тарихында “Экология” терминін тұңғыш 1866 жылы неміс биолог-ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Ол “Экология” - деп тіршіліктің әрбір түрінің немесе организм оны қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым саласы екенін дәлелдеді.
Соңғы кезде, экологияны биология ғылымының саласы ретінде емес, жеке ғылым тұрғысынан қарастырып жүр. Сондықтан, әртүрлі экологиялық мәселелері жаратылыстану ғылымына енетін пәндердің барлығы да қамтиды да, олардың әрқайсысы өз ілімі салаларынан зерттеп қарастырады. Мысалы, биологиялық пәндер бойынша тірі организм, организмдердің әртүрлілігі, өсіп-көбеюі, жер бетінде таралуы, организмдердің шығу тегі, селекция, генетика туралы зерттесе, ал география сабағында географиялық қабатты тиімді пайдалану мен қорғау, геологиялық орта және геожүйе, табиғи кешенге адамдардың шаруашылық қызметтеріне тигізетін әсерін зерттейді.
Ал, экология ғылымы табиғатты барлық өзгерістерді айнала қоршаған табиғи ортасы және адамның іс-әрекеттерімен байланыстырып зерттейтін кешенді ғылымдарға айналды. Сондықтан да экология ғылымы барлық жаратылыстану ғылымдарының негізгі өзегіне айналды. Ал, бүгінгі ғылым кеңістігінде жеке ғылымдар төңірегінде зерттеулер жүргізу сын көтермейді.
Қазір барлық ғылым проблемалары кешенді түрде зерттеулер жүргізу арқылы шешіледі. Яғни, экология ғылымдарының ғылымы деңгейінде іргелі ғылыми зерттеулердің қорғаушы күшіне айналған. Табиғат қорғау Заңына байланысты елімізде жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдарда “Жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялық және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпақтарға экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісін жетілдіріп жүзеге асыру керек” -деп көрсетеді. Осыған байланысты республикаларды үздіксіз білім беру жүйесінде, яғни бала-бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін жан-жақты экологиялық білім беруді саналы және мақсатты түрде ұйымдастыруды міндеттейді.
Міндетті іске асыру мақсатында мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне “Экология негіздері” курсы оқытыла бастады. Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болатын экологиялық қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі қазіргі кезде бүкіл прогресшіл адамзатты байыпты ойлануға итермелейді. Бұл әлемдік проблеманы шешуге үлес қосу ғылым мен техниканың міндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогика ғылымдары мен мектептердің де басты және игілікті борышына айналуда.
Ғасырлар бойы өзін табиғаттың қожасы, әміршісі ретінде сезініп келген адам, бойындағы оған деген тұтынушылық, пайдакүнемдік қатынасын психологиялық тұрғыдан қайта құру қажеттігі туып отыр. Бұл проблеманы алдын алудың бір жолы-халыққа экологиялық білім беру. Экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық зерттелуінің өзіндік даму және қалыптасу тарихы бар.
Өйткені, қоғам мен табиғаттың өзара бір-біріне әсер ететіндігі туралы халыққа білім беру, адамның практикалық іс-әрекетінде басшылыққа алатын табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастырады. Жас ұрпаққа экологиялық білім және тәрбие беруде мектептің алатын орны ерекше. Экологиялық білім жалпы және арнаулы білім берудің бір компоненті ретінде шәкіртті жан-жақты дамытуға, оның азамат ретінде қалыптасуына бағытталған.
Қазіргі уақытта экология ғылымы теориялық және практикалық маңыз алған ғылымның барынша тез дами бастаған саласының біріне айналды. Экология ғылымы – табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми – теориялық негізін қалайды. Ол жастарға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін атқара алады.
Тарихи тұрғыдан алғанда, адамның табиғаттағы және әлеуметтік ортадағы болмысында кездескен алғашқы проблемалары еді. Сондықтан, әлеуметтік – экологиялық тақырыптарға байланысты пайымдаушыларымыз ежелгі замандардан бергі қоғамдық сананың элементтері болып келіп және олардың байлығын молайта түсуге білімді тереңдету, экологиялық тәрбие беру, болашақ ұстаздардың экологиялық мәдениетін қалаптастыру, ол үшін арнайы мамандар дайындау – жалпы білім беру жүйелерінің алдыңғы шарты.
Экология проблемасы ғасырлар бойы ғалымдардың зерттеу обьектісінен тура болсын, жанама болсын да түскен емес.
Кезінде орта ғасыр ғұламалары табиғатқа қатысты өз көзқарастарын философиялық - әдіснамалық тұрғыда тұжырымдаған.
ІХ-ХV ғасырларда шыққан ғұламалар Әль-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Иассауи, М.Қашқаридің тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т.б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше. Соның ішінде Әль-Фараби медицина, биология, география ғылымдарын теориялық философиялық тұрғыдан негіздеуге көп күш жұмсаған энциклопедист ғалым. Мысалы, “Адам организмдері жайлы”, “Жануарлар организмдері жайлы”, “Темпераменттер туралы” т.б. еңбектер жазған. Онда “... адам баласы жаратылыстың, бүкіл жан иесі атауларының биік шоқтығы, сондықтан оны құрметтеу, қастерлеу керек”, деп түсіндірді [74].
Ал М.Қашқаридің қайсы бір еңбектерін алмаңыз, үлкен әлеуметтік – этикалық, ой – тұжырымдар, парасат, табиғат көріністерін, білімділікті арқау етіп алған.
Қорыта келгенде, Әль-Фарабидің, М.Қашқаридің бұлардан басқа көптеген, философиялық және натурафилософиялық, әлеуметтік этикалық тұжырымдарына да жаратылыстану жайында айтқан бағалы пайымдаулар мен ғылыми қорытындылар кездеседі.
ХІХ ғасырдың демократ–ағартушылары: В.Г.Белинский, А.Н.Герцен, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев мектепте немқұрайлы оқытуда және оған мейірімсіздік қатынаста қарауға қарсы шықты. Орыс ағартушылары табиғат туралы саналы білім беру және адамның табиғаттағы мінез-құлқын айқындайтын моральдық санасының қалыптасуына әсер етуіне ерекше мән береді. Бұл пікірлер, олардан кейінгі педагогикаға табиғи құбылыстар мен объектілерді түсінудегі білім мен сезім арқылы өзара байланысын негіздеуге үлгі болды.
Сонымен қатар, қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті орын алатын ұлы қайраткерлері, халқымыздың ұлы ағартушылары: А.Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш.Уәлиханов шығармаларында табиғатқа деген сүйіспеншілік көзқарастың негізі деп түсініп, көшпенді елдің өміріне, ата-ананың шаруашылығына бейімделген егін жинау, шөп шабу, жайлауға шығу, қыстауға қайту, аң аулау кездесетінін еске ұстап, табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға ақыл –кеңестер берген.
Халықтың мақтанышы Ш.Уәлиханов ғалым туған халқының табиғатпен қарым-қатынастары, әдет-ғұрып, дәстүрін зерттей отырып, өз ұрпағын табиғатпен қарым – қатынас жасауда ізгілікке баулитын халық педагогикасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. Ол: “Табиғат! Өзіңіз айтыңызшы тіршілікте одан ғажап, одан құпия не бар екен” - дей келе, қазақтар киеліге үлкен мән берді. Табиғаттағы... кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы алағандарды құрметтеу, ырым жасап тұру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі деп көрсетті.
Ш.Уәлихановтың табиғат жайында қалдырған бай мұрасы қазіргі уақытта жас ұрпақты, табиғат қорғауға тәрбиелеуде бірден-бір таптырмайтын көмекші қатынастары әдет-ғұрпын, дәстүрін, этикасын, зерттеп, қазақтар арасындағы жақсылық, сенім олардың “Табиғаттағы шексіз қадірлеуінен туған” деген ой түйіндейді. Ұлы ғұлама ойшылдардың қоршаған ортаға, табиғат болмысына деген ой-пікірлері мен көзқарастарының көкейкестілігі бұрынғыдан артпаса кеміген жоқ.
Экологиялық білім беруде барлық жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар білімдері байланыстыра меңгерілуі тиіс. Мұндай білім тіршілік ету стратегиясына ғана емес, сонымен бірге арнайы ортада адам тіршіліктің сапасының жақсаруына да үлес қосу керек. Яғни, мұндай білім қоршаған ортаның сақталуына, оның табиғи және қоғамдық компоненттерінің жақсаруына, адамдардың шығармашылық еркін және құнды тірі организм ретінде тіршілік жағдайларын жасауына мүмкіндік тудыруы қажет. Адам қызметтерінің қажетті шарты ретінде табиғат пен қоғам адамдарының мәдени болмысының көрінісі болып табылады, өйткені, тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі адамдық қасиетін білдіре алады.
Қазіргі педагогикалық теорияда экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми негізін, мақсаттары мен міндеттерін, принциптерін толық, әрі тұтас анықтауға зерттеушілер ұмтылады. Педагогикалық теорияда экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұнын айқындауға және оны орта білім беру мектептерінде қай сыныптан бастап және оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруге болашақ мұғалімдерді даярлауға экологиялық материалдарды басымырақ беру керектігі жайлы ғылыми нұсқаулар мен озат тәжірибелер әлі де болса дәлелдене қойған жоқ.
Зерттеу барысында мектеп оқушыларының экологиялық білім мазмұнын тұжырымдауда педагогикалық теориялар басшылыққа алынып, соның негізінде жасалынды.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен таныса және талдай отырып, экологиялық білім берудің мақсаты жастарды айналадағы табиғи ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрету екенін анықтадық.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда “жауапкершілікпен қарау” ұғымына жататындар:
а) табиғи ортада адам өзін қалай ұстауы керектігін түсіну;
ә) табиғаттың халық қазынасы екендігін сезіну;
б) табиғатқа тигізетін өз әрекетінің салаларын көре білу;
в) табиғат пен қарым-қатынасын жаратылыстану және ізеттілік білім тұрғысынан негіздеп алатындығын түсіну қажет. Сонымен, экологиялық білім және тәрбие берудің әдіснамалық және теориялық жағынан зертелу жайын қарастырудан туындайтын тұжырым экологиялық білім мен тәрбие беруде мынадай басты ұстанымдарды ескеру қажет.
Олар:
Экологиялық оқу материалдарын оқытуды бір жүйелілікпен үздіксіз жүргізу.
Оқу үрдісінде экологиялық білім мен тәрбие беруде пәнаралық байланыстың болуы.
Экологиялық оқу материалдары әлемдік, ұлттың және өлкелік өзіндік мәселелерін айқындап, оны ұғындырып түсіндіруге өзара байланыстығын ашу.
Жастардың қоршаған ортаны танып білуде және оны қорғауда, аялауда, көркейтуде интеллектуалдық және ерекшелік – эволюциялық тұрғыдан, жасайтын іс-әрекеттері мен қызметтері біртұтастықпен бір-бірімен ұштасуы тиіс.
Қазіргі кездегі экологиялық дағдылардың пайда болуы адамдардың экологиялық сауатсыздықтарының нәтижесі деп есептеу орынды. Экологиялық білім мен тәрбиелеу мәселелрі жалпы білім берудің элементі ретінде оқушыларға айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастырумен және қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгерумен сабақтас қаралады. Күннен күнге шиеленісіп келе жатқан экологиялық дағдарыстың қауіптілігі баршаға мәлім. Экологиялық білім берудің өмір талабынан туындайтын негізгі жеке экологиялық тәрбие беру істерімен ғана шектеліп қоймай, табиғатты үздіксіз қорғау, іс-әрекеттерін бір тізбекке біріктіру. Мұндай тәрбие жұмыстарының бір бөлігі, экологиялық оқу-ағарту қажетті білім, тұжырым түсінік, сенімдер қалыптастыруға бағытталады.
Қазақстан Республикасының академиясының академигі, профессор А.С.Бейсенова өзінің оқушыларға экологиялық білім беру тұжырымдамасында: “Экологиялық тәрбие ананың сүтімен берілуі тиіс...” деген философиялық көзқарастарын білдіреді. Одан әрі Қазақстанда көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің құрылымын, әдістемелік-педагогикалық негіздерін, оқу тәсілдерін ұсынып келеді. Экологиялық білімнің негізгі мақсаты экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады, ал экологиялық, тәрбиенің мақсаты, ғылыми, білім, көзқарас және сенім жүйелерін қалыптастыру болып есептеледі. Экологиялық білім берудің қазіргі заман педагогикасының теориясы мен практикасында үш үлгісі қалыптасып келеді.
Біріншісі көп пәнді үлгі. Мұнда дәстүрлі пәндердің мазмұнына жеке бөлім, тақырып енгізіледі және бұрыннан бар тақырыптардың мазмұны экологиялық мәліметтермен байытылады.
Екіншісі бір пәнді үлгі, орта мектептердің оқу жоспарына арнайы экология курсын енгізу арқылы жүзеге асады.
Үшіншісі аралас үлгі. Мұнда экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылып, соңынан сол пәндерді біріктіріп, қорытатын арнайы пән бойынша оқытылады.
Сурет.2. Оқушыларға үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің құрылымдық жүйесі
Экологиялық білім беру оқушыларға педагогикалық тұтастық тұрғыда әсер етеді. Осылайша сабақ беру барысында олар экологиялық мәселелерінің тұтастығын ғылыми негізде қабылдайды, табиғатпен қайта түлеген ортаға тиімді ықпал ету жөніндегі нақты білім мен сарамандық тәжірибені, дағдыны меңгереді.
Табиғат пен қоғамның өзара жан-жақты байланыстығын бірте-бірте аша түсу әлеуметтік шындықтың тұтастығы мен дамуына оқушылардың көзқарсымен сенімін тұжырымдап бекітеді. Біртұтас байланыстың себеп-салдары туралы экологиялық білім, құрылымдық талдаудың жүйесі мен түсініктерді қорыту оқушылардың ақыл-ойын дамытуға бағыттылығын міндеттерді шешуші түбегейлі жақсарта түседі. Оқушылардың сезімі мен сенімін дамытып, оларды парасаттылыққа тәрбиелеуге экологиялық-психологиялық тұрғыдан келудің де маңызы зор. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық аяушылық және басқа гуманистік ерекшеліктерін дамыту барысында табиғатпен сырласуы жеткіліксіздеу болса, олар парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым көру мен шектеушілікке душар болуы. Психологиялық тұрғыдан экологиялық білім мен тәрбие беру дегеніміз мынаған саяды:
а) қазіргі кездегі қоғам мен табиғат арасындағы тәуелсіздіктің бүгінін терең түсініп, келешегін болжай білетін экологиялық сауатты адам тәрбиелеу. Ол үшін оқушыларды экологиялық ұғымдар жүйесін қамтитын біліммен қаруландырумыз керек;
ә) қалыптасқан білім деңгейіне сәйкес табиғи орта туралы жауапкершілік сезім, туған табиғатқа жалпы халықтық қазына деп қарайтын көзқарас пен табиғатты сақтау талаптарын ескере отырып, оқушылардың табиғаттағы жеке мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру;
б) экологиялық мәселелердің тұтастығын ғылыми негізде қабылдап, қоршаған ортаға тиімді ықпал ету жөніндегі іс-әрекетті, дағдыны меңгеруі қажет. Л.С. Высотскиидің ойынша, тәрбие процесі негізінде оқушының жеке қызметі алынуы тиіс, ал тәрбиешінің барлық өнері сол аталған қызметті реттеп, бағыттап отыруда ғана... Психологиялық тұрғыдан мұғалім тәрбиелеуші ортада тәрбиеленушімен өзара әрекет кезінде оның ұйымдастырушысы, реттеушісі және бақтаушысы. Әлеуметтік орта – тәрбие процесінің шынайы тетігі. Мұғалімнің қызметі сол тетікті меңгеру болып табылады. Айтылған ойдан шығатын психологиялық қорытынды: баланы қандай да бір қызметке, үйрету үшін оны қызықтыра біліп, осы қызметке дайындай білу қажет. Сол кезде оқушы өздігінен бар жан-тәнімен беріле орындайды да, қажет болған жағдайда ғана мұғалімнен керегін сұрап алады. Сонымен, экологиялық білім мен тәрбие берудің басты міндеті-әдейі және мақсатқа сәйкес балалардың мінез-құлық іс-әрекеттердің жаңа формаларын қолдана білу, яғни олардың экологиялық санасының дамуын жоспарлы түрде дамыту б.т.
Достарыңызбен бөлісу: |