П:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын,көркем ойлай алуын оны жеткізуін дамыту.
Шығармашылық тақырып таңдаудағы алдыма қойған негізгі мақсаттарым:
1. Оқушыларды көркем ойлап, жүйелі сөйлей білуге үйрету;
2. Оқушылардың іскерлік қабілетін шыңдау, кез келген ортада өзін-өзі ұстай білуге баулу;
3. Өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, өздігінен жол таба білуге, нақты шешім қабылдай білуге, әдептілік және адамгершілік секілді асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
|
Жалпы, көркемдік ойлау адам баласына не үшін қажет?
Шығармашылық үзілістер жасаудың мәні неде?
Шығармашылық жұмыстар баланы жалықтыруы мүмкін бе?
|
Балаларға шығармашылық тапсырма психологиялық әсер ету үшін шартты түрде мынадай жағдайларды енгізуге болады:
- мұғалім –оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол ол оқиға , сюжет құру, образ жасау барысында жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше елтиді, өздерінің күшіне деген сенім қалыптасады;
- «сенің қолыңнан бәрі де келеді. Сен қабілеттісің. Тек жазуды қолға алсаң болды,» -деп, баланың еркін билеп, сенім ұялату;
- Оқушының кішкентай жетістігін (шығармашылыққа ұмтылысының өзін) мадақтау,көтермелеу; үздік шығармаларды сыныпта оқытып, оған құрбыларының жағымды көзқарасын ояту, басылымдарға шығару, тіпті, әдебиет пәнінен тоқсандық қорытындыда ең жоғары бағаға дейін қою (әсіресе, «үшке» оқитындарды), т.б.
- шығармашылық процесті басқару үстіндегі мұғалімнің құптаушылық көзқарасы, сезім күйлері, ым-мимикасы, т.б.
|
Шығармаға қойылатын негізгі талаптардың бірі –әр баланың өзіндік стилін, қолтаңбасын, үнін қалыптастыру. Сыныптағы отыз оқушының шығармасы ешқашан да бірдей болмайды.Шығармашылық жұмыстың ерекшелігіде осыда,дұрыс жауабы болмауыда мүмкін.Сондықтан мұғалім бағыт-бағдар берсе болғаны.Шығармашылық жұмыстың басты моторы-баланы қолдау.
|
«Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушылардың көркем ойлау және іскерлік қабілетін дамыту» деп аталатын шығармашылық тақырыбында жұмыс жасау барысында жоғарыда аталған еңбектерде ұсынылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, олардың тиімділігі мен қажеттілігіне көз жеткіздім. Сабақтарымда шығармашылық тапсырмаларды пайдалану барысында, оқушылардың көркем ойлау, жүйелі сөйлей қабілеттері артты, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, өздігінен жол таба білуге, нақты шешім қабылдай білуге үйренді. Жалпы, алдыма қойған мақсатым орындалды десем де болады. Бұл тапсырмаларды орындау үшін оқушының барлығының дарынды болуы шарт емес .Сыныпта әр түрлі деңгейдегі оқушылар бар, олардың әрқайсысы өз деңгейінде белгілі бір жетістікке жетеді. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, қызығушылығы оянады. Бұл тек оқушы үшін ғана емес, мұғалім үшін де үлкен жетістік деп ойлаймын.
|