Дипломдық ЖҰмыс тақырып: «Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстардағы практикалық іс-әрекет әдістері»


ЭТ Эксперименттік топ БТ



бет5/21
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#98202
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
ЭТ

Эксперименттік топ

БТ

Бақыдаушы топ












































КІРІСПЕ


Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-тармағында: «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту», - деп басты міндеттер қатарында көрсетілген [1].
Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында құндылық пен нәтиже білім сапасын көтерудің көкейтесті мәселесіне айналуда.
Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі балалардың жас ерекшелігіне сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек. Мемлекеттік күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың санымен анықталады. Сондықтан да баланың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі өзекті де көкейтесті мәселе болып отыр.
Оқушылардың сыныптан және мектептен тыс мекемелердегі үйірмелерге ерікті түрде қатысуы олардың дамуына және өндірістік еңбекке дайындау бағытында Ю.В.Шаров, А. И.Живицкая т.б. еңбектерін, оқушыларды еңбекке баулуды сыныптан тыс жұмыстар арқылы ұйымдастыруды М.А.Глазурова, И.И. Бака, В.А.Горский, Ю.С.Столяров, С.Е.Қантарбаев, М.Ұ.Қаламқалиев, О.С.Сатқанов, С.Н.Жиенбаева, К.К. Базарбаева зерттеулері мен еңбектерінде қарастырылады.
Зерттеу мақсаты: сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларына тәрбие берудің жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің мақсаты келесі міндеттерді анықтады: -оқушылардың көшбacшылық қaбiлeтiн дaмытудың тeopиялық нeгiздepiн aйқындaу;
1.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми теориялық мәнін негіздеу.
2.Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін
айқындау;
3.Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің әдіс тәсілдерін анықтау және оны эксперимент – тәжірибе жүзінде тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет