Дипломдық жұмыстың


Маятник тербелісінің период. Тәжірибелер мен байқаулар



бет18/29
Дата06.01.2022
өлшемі1,03 Mb.
#11701
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
Дип.-Тербелістер»-бөлімі-бойынша-физикалық-есептерди-шығаруға-әдістемелік-дайындау-жүйесін-жасау

Маятник тербелісінің период. Тәжірибелер мен байқаулар

Қасиеттері жағынан математикалық маятникке жақын маятник тербелісінің периоды неге және қалай тәуелді болатынын анықтайық. Ол үшін қорғасын (немесе болат) шарды ұзын жеңіл жіпке ілеміз. Маятникті тепе-теңдік қалпынан аз ғана қашықтыққа ауытқытып, қоя берейік те, оның тербеліс периодын анықтайық.

Біраз уақыт өткеннен кейін маятниктің амплитудасы едәуір азайған кезде, қайтадан тербеліс периодын анықтаймыз. Тербеліс периоды бұрынғыша қалады екен.

О
8-сурет
лай болса, қасиеттері жағынан математикалық маятникке жақын маятниктің тербелісінің периоды тербеліс амплитудасы аз болғанда амплитуда шамасына тәуелді болмайтынын тәжірибе көрсетті. Маятниктің осы қасиетін
изохронизм («изо» - тұрақты – «хронос» - уақыт) деп атайды.

Маятниктің ұзындығын өзгертпестен көлемі сондай, массасы қорғасын шарыннан шамалы ғана кіші, пластмассадан жасалған шармен алмастырамыз. Тәжірибені қайталаймыз.

Тербеліс периоды қорғасын шармен жасалған тәжірибедегідей болады. Басқадай материалдан жасалған шарларды алып, тәжірибені қайталағанда нәтижелердің бірдей болатынын байқаймыз. Демек, қасиеттері жағынан математикалық маятникке жақын маятниктің тербеліс периоды маятниктің массасына тәуелді болмайды.

Маятниктің ұзындығын өзгерте отырып, ол неғұрлым қысқа болған сайын, тербеліс периоды солғұрлым аз болатынын, керісінше маятник ұзын болса, солғұрлым оның периоды көп болатынын көреміз.

Маятниктің астына өте күшті магнит қойсақ, маятниктің тербеліс периодының азайғанын көреміз (8 - сурет). Магнитті қою Жердің тартылыс күшін арттырумен бірдей. Олай болса, маятниктің тербеліс периоды еркін түсу үдеуіне байланысты деген ұйғарымды айта аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет