Дипломдық жұмыстың



бет20/29
Дата06.01.2022
өлшемі1,03 Mb.
#11701
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Байланысты:
Дип.-Тербелістер»-бөлімі-бойынша-физикалық-есептерди-шығаруға-әдістемелік-дайындау-жүйесін-жасау

Еріксіз тербелістер

Еріксіз тербеліс деп периодты түрде өзгеріп тұратын сыртқы күштің әсерінен тербелмелі жүйеде пайда болатын тербелісті айтады.

Үйлеріңнің жанынан ауыр жүк машинасы жүріп өткенде терезе әйнектерінің шылдырын талай естігендерің бар. Шынылардың тербелісі еріксіз тербелістер болады. Ол тербелістерді жүк машинасының әсерінен ауа мен жердің тербелістері тудырады.

Телефонмен сөйлескенде микрофон мембранасы ауа қозғалысының әсерінен тербеледі, ал ауа дауыс жарғақшасының тербелісі әсерінен болады. Микрофон мембранасының тербелістері мен ауаның тербелістері еріксіз тербелістер болып саналады.

Жұмыс атқарып тұрған барлық машиналар мен механизмдердің корпустары да еріксіз тербелістер шығарады. Қатты сөйлегіштің диффузоры да еріксіз тербеліс жасайды.

Келтірілген мысалдар еріксіз тербелістердің бізді қоршаған ортада жиі кездесетінін көрсетеді. Олай болса, олардың негізгі қасиеттерін білген жөн.

Егер серіппелі маятниктің сол жақтағы серіппесі аз жиілікпен тартып қойсақ, онда маятниктің жүгі де аз жиілікпен тербеле бастайды. Егер мәжбүр етуші тербелістердің жиілігін арттыра түссек, онда еріксіз тербелістің жиілігі де арта түседі. Мәжбүр етуші тербелістердің жиілігі неғұрлым көп болса, еріксіз тербелістің жиілігі де солғұрлым көп болады. Осы және осыған ұқсас басқа да мысалдар еріксіз тербелістердің жиілігі мәжбүр етуші тербелістердің жиілігіне тең екеніне көз жеткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет