2.1.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
Пайдалану ұңғымаларына қарай сұйықты ығыстыратын басым энергия түріне байланысты, келесі негізгі мұнай кен орындарын игеру режимдерін (тәртіптерін) ажыратып қарастыруымызға болады:
1) қатты суарынды және серпімді суарынды;
2) газарынды (газды);
3) еріген газ;
4) сұйықтардың салмағы (гравитациялық).
Бірнеше режимнің әсері сезілсе, аралас режим туралы айтуымызға болады. Мұнайлы нұсқаның қозғалатын және қозғалмайтын режимдері туралы түсініктердің бар екенін ұмытпағанымыз жөн.
Кен орнындағы табиғи шарттардан, игергендегі жасанды шарттардан және ұңғымаларды пайдаланудан, қабаттың жұмыс істеу режимін анықтауымызға болады. Керекті немесе басқа режимді тағайындауымызға, ұстауымызға, тексеруімізге немесе басқа режимге алмастыруға болады. Кен орындарындағы игеру жүйесінде жүргізілетін әрекеттерден (қабатқа агенттерді айдау т.с.с.) және мұнай мен газ өнімдерін пайдалану, ұңғымалардан алу үрдістерінен қабаттың жұмыс істеу режимдерін анықтаймыз. Кен орнын игеру режимін игеру режимін тағайындау үшін, кеніштің энергетикалық ерекшеліктері мен геологиялық шарттары әсер етеді, бірақ олар игерудегі режимді анықтамайды.
Қатты суарынды режим кезінде, қабатқа келетін, алынған су, мұнай немесе газ орынын толтырып отырады. Кен орынын суарынды режим кезінде игергенде –алғашқыда қабат қысымының төмендегенінен, қалыптасқан қысым айырмашылығын (градиент) байқаймыз. Бұл жағдай судың өнімді аймаққа келіп, мұнайды ығыстыра бастаған кезінде байқалады. Егер қабаттан бір қалыпты сұйықты өндірген кездегі жағдайда, игеру уақыты ұзарған сайын, қабаттағы қысым қалыптасса – қабаттан алынған мұнайды су толық алмастырғаннын білдіреді. Бұл, қабаттың толық суарынды режимде игеріліп жатқанын тағы да анықтайды. Егерде қабаттан алынатын мұнай өнімінің мөлшерін ұлғатып отырсақ, арынды қабаттан алынған мұнай мен газ көлемін су толық алмастырып үлгермейді, сондықтан суарынды жүйенің өткізгіштік қабілеті өзгеріп, қабат қысымының төмендеуі байқалады. Бұл жағдай қатты суарынды режимнің еріген газ режиміне немесе басқа режимге ауысуының басы болғанын түсіндіреді. Кеніштер қатты суарынды режимде игерілген кезде- қабат қысымы баяу төмендейді, ұңғыма өнімі біраз мезгіл бір қалыпта болады, егерде ұңғыма түбінің қысымын өзгертпесек. Газ факторы да бірқалыпты болады- ұңғыма түбіндегі қысым мұнайдың газға қанныққан қысымынан төмендегенінше.
Серпімді суарынды режимінің мінездемесі бойынша, қабаттың және ұңғымалардың жұмыс істеу көрсеткіштері өзгеше болады. Серпімді суарынды режимінің негізгі көрсеткіші ретінде - бастапқы мерзімде пайдалану ұңғымаларындағы қысымның байқауымызша тез кішіреюі. Сосын қабаттан бір қалыпты өнім алған мерзімде, қысымның төмендеу қарқынының баяндауы. Бұл жағдайды –қысымның төмендеу аймағының, уақыт өткен сайын, өнімді қабаттың неғұрлым үлкен аймағына тарауымен түсіндіріледі. Бір қалыптағы өнімді алу үшін, қабаттағы серпімді ұлғаюдың, алғашқы мерзімге қарағанда, қысымның төмендеуінің кішірек мәнінің жеткіліктігі. Ұңғыма түбіндегі қысымды бір қалыпта ұстаған мерзімде, ұңғыма өнімінің мөлшері төмендейді. Алғашқы уақытта, айтарлықтай тез төмендейді. Сосын өнімнің өзгеру қисығының түсу еңсесінің аздап майысуын байқаймыз. Газ факторының, қатты суарынды режимінде сияқты өзгермеуі-қабаттағы және ұңғыма түбіндегі қысым мөлшері, мұнайдың газға қанныққан қысымы төмендегенше. Қабаттың кез келген нүктесіндегі қысымның төмендеуі, қабат арасына бірден тарамауы, ол қабат арасынабелгілі бір жылдамдықпен тарайды.
Қоспадан босап шыққан еріген газдың қабаттан мұнайды ығыстыру механизмі келесі: ұңғыма түбіндегі қысым төмендеген сайын, мұнайдан еріген газ босап ұлғайып, мұнайға қарағанда жылдамырақ қозғалып, өзімен бірге мұнайды қабат ішінде ығыстырады. Мұны, сүйкелу күші және үстінде керу күші арқылы түсінеміз. Мұндай үрдістердің энергия қоры шамалы, сондықтан, ол энергия қабаттан мұнай өндіру көлемі біраз болғаннан кейін, сарқылып қалады.
Кен орнын, еріген газ режимінде игерген жағдайда, газ факторы жылдам өсіп, сосын бір максималды мәнге жеткенде, тіпті қабаттағы энергия қорының таусылғанын білдіреді. Газ факторының тез ұлғаюын, қабаттың газға қанық болғандығымен және жыныстардың газға деген фазалық өткізгіштігінің, басқа сұйықтарға қарағанда, мол болғандығымен түсіндіреміз.
Өндірістік тәжірибе де, кеніштерді игеру мерзімінде тек қана бір режим болмайды. Кейбір кен орындарын игерген де, әр учаскесі немесе блоктары, әр түрлі режимде игеріледі.
Газ кен орындарын игеру практикасында да қатты суарынды, газды және аралас режимдер болуы мүмкін. Газ кен орындарының суарынды режимі, мұнай кеніштеріндегідей, шеттелген суарыны бар жағдайда ғана болады. Егерде ұңғымалардан алынған газ мөлшері шектелген болса, қабатқа келіп құйылатын су энергиясы арқасында, қабаттағы қысым, көп уақыт түспей бір қалыпта болады. Газды режим қабаттағы сығылған газдың арқасында, соның ұлғаюы энергиясының арқасында байқалады, егерде шеттелген суарыны болмаса немесе ол қабатқа әсер етпесе, яғни жабық кеніштерде. Бұл режимді, кейде сығылған газдың ұлғаюы режимі деп атайды. Таза газ режимінің мінездемесі – кеніштен алынған газ мөлшерінің, қабат қысымының төмендеуіне, қатынасы тұрақты сан болуы қажет. Газ кен орындарын игерудің көбісі арлас режимде немесе газ режимінде өтеді.
Ең жоғары мұнай бергіштік коэффициент қатты суарынды режимде болады, неге десеңіз мұнай сумен ығыстырылады, кейде оның тұтқырлығы үлкен болады, ал газдың тұтқырлығын бірнеше рет көп болады. Мұнайды ығыстыратын агенттің тұтқырлығы, неғұрлым мұнайдың тұтқырлығынан үлкен болған сайын, мұнайды бергіштік коэффициент мәні үлкен болатыны анықталған.
Ең аз мұнай бергіштік коэффициент – кеніштің, еріген газ режимінде жұмыс істеген кезінде болады. Газдың ұлғайған энергиясының көбі, ұңғымалар түбіне қарай ағып, мұнайды ығыстыруға пайдалы жұмыс істемейді.
Мұнайбергіштіктің ең жоғарғы мәні қатты суарынды режим кезінде,мұнайды кеніштен ығыстыруға жақсы тиімді жағдайда болады (жыныстың бірқалыпты болғаны және өткізгіштігінің мол болғандығы және тұтқырлығы мәнінің аз болғаны және мұнай мен қабат суының арасындағы шекарадағы үстіңгі керу күшінің кем болғандығы қажет).
Ақінген кен орны бойынша албьтік,апттық және неоком горизонттарының мұнай мен газ кеніштері анықталған. Бұл горизонттар мұнай қабатының контуры мен табанында қабат сулары орныққан. Мұнай дебиті 1-25 м3\тәу аралығында өзгеріп отырады.
Горизонт бойынша бастапқы қабат қысымы 53,7–198,2МПа мәндері шегінде өзгереді.Мұнай кеніштерінің негізгі сипаттамаларына сәйкес қойнауқатты алғашқы игеру сатысында негізгі қозғаушы күш контурлы су арыны мен еріген газ энергиясы болып табылады.Сонымен кен орынды игеру барысында серпімді газ,су арынды режим жағдайында игерілетіндігін қорытындылауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |