2.2 Мұнайды және газды өндірудің техникасы мен технологиясы
Ақінген кен орнындағы ұңғыны пайдалану көрсеткіштерінің сипаттамасы.
Ұңғыларды нақты қорын сараптауда қазіргі кезде пайдалану қорының 25 ұңғымасының ішінде 9 ұңғыма фонтандайды.
Сондықтан болашақта кейбір ұңғылар фонтанды әдіспен пайдаланылады деп тұжырымдауға болады.
Фонтанды арматураны таңдағанда келесі параметрлерді ескерген жөн: НКТ түсіру тереңдігі 800 ден 1104м дейін сағадағы максимал қысым 58 атмосферадан жоғары емес, забойдағы фонтандаудың минимал қысымы 64,2 атмосфера болу қажет. Фонтандаудың мерзімі 1 – 5 жыл деп тұжырымдалады да, содан соң пайдаланудың тереңдік сораптық әдіске өтеді. Сондықтан пайдаланудың бірінші жылынан бастап механикаландырып өндіру үшін жабдықтарды орнатуды алдын-ала қарастырып қою қажет.Сұйықтық бойынша максимал дебиттер 44,6 тонна тәулігіне деп күтіледі. Тереңдік сораптарының кеңес берілетін диаметрлері 43м. Сораптар салынбалы емес плунжерді тығыз орналастыру қажет.Газдың әсерін ескере отырып ұңғыларды сынау нәтижелерінің негізінде жобаланатын кен орнында сорапты түсіру тереңдігі 320 дан 1020м дейін өзгеріп отырады.Ұңғыма терңдігіне байланысты тербелмелі станоктың келесі типтеріне кеңес беріледі СК3, СКД-6, ГШГНТ-4. максимал жүріс ұзындығы 1-6 метр және минутына тербелудің максимал саны 8. Сорапты компрессорлы құбырлардың диаметрі 60мм. “Д”- беріктік тобы МЕСТ - 80 бойынша біркелкі берік емес. Штангалардың тізбек диаметрі 19мм бір сатылы, маркалары НОЧТВЧ және 20-Н2М, МЕСТ 13/877-80 нормаланған.Мұнайды жинаудың арынды жүйесінің болуы себепті, сағалық жабдық ретінде СУСТ-2 өзі нығыздалатын ұштары бар сальниктерді пайдалануға кеңес беріледі. Ұңғымалар қабатты игеруді бақылау мақсатында тереңдік аспаптарын көтеру және түсіру үшін арналған алаңмен жабдықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |