2.1.2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау
Қабат бергіштігін жоғарлатудың ең жақсы тәсілі ұңғыма түп маңы аймағының скинфакторларын тазалау және азайту бойына әртүрлі тәсілдер қолдану, қабаттың оқпан маңы аймағын ластамай қабатты алғашқы және қосымша ашу, яғни өнімді аралықтарда бұрғылау және қабатқа депрессия кезінде перфорациялау немесе қабат қысымы бар ұңғыма оқпандарында бірдей қысымдар болған перфорациялау.
І объекттің ағымдағы сулылығы 83,6 % құрайды, бұл кезде судың құйылуынан мерзімді оқшаулануын жүргізуге кеңес беріледі.
90 жылдардан бастап ТМД мұнай кәсіпшілігінде қабаттардан ұңғыға су құйылуынан оқшаулау үшін әртүрлі және тәсілдер қолданылып жүр, бірақ әрбір тәсіл әр кен орнында әрқалай әсер етеді.
Қабатқа әсер ету тәсілдерінің бірегей нәтижелері жоқ болғандықтан белгілі бір тәсілдің қолдану тиімділігін есептеу және мақсатты таңдау өте қиын. Оыны ескере отырып есептеулерде сұйықтықты өндіруден қатты суланудың өсуі әдейі 001136 – ға төмендетіліп отырды.
Қабаттың мұнай бергіштігін жоғарылату және су құйылудан оқшаулау үшін өндіру ұңғымалары арқылы әртүрлі физико – химиялық қоспаларды айдау жолымен жуылған бөлікте фильтрациялық кедергіні ұлғайтуға негізделген тәсілдердің болашағы бар. Химиялық тәсілдерді қолдану перфорация аралықтары арқылы айдау кезінде қабаттың мұнайға қаныққан бөлігінің пайдалану қасиеттерін сақтап қалуды қамтамасыз етеді. Бұл су құйылуларын алдын – алуға немесе судың ұңғымаға түсуін шектей отырып, мұнай өнімдерді қарқындатуға мүмкіндік береді. Қабатың суланған бөлігіне судың түсуі нәтижесінде қабаттың өткізгіштігін төмендететін әртүрлі қоспалар түзіледі. Бұл тұнбалары бар гельдердің және суспензияларының немесе эмульсияларының қоспалары сумен әсерлескенде ісінетін қасиетке ие болатын немесе тұнба түзетін жоғары өткізгіш жуылған қабаттарды бітейтін және бітегіш экран бетіндегі жоғары ығысу кернеуіне ие болады. Мұнай кедергілердің түзілуі қабаттағы фильтациялық ағындардың қайта таралуына әкеледі, осының нәтижесінде қалған мұнайға қаныққан қабаттардан ағындардың қарқынды жүруі болады. Өндіруші ұңғымалар бойынша суланудың жоғарлауы төмендейді. Бірақ, барлық бұл экрандардың жұмыс істеу мерзімі 3 тен 18 айға дейін.
Гельдер әртүрлі топтардан таңдалуы мүмкін.
- полисахаридтер – целлюлоза және крахмал негізіндегі полимерлер, целлюлозаларға целлюлозаның полианиондары және целлюлозаның метилы жатады, крахмалдарға картоп, жүгері және бидай жатады. Полианиондар мен карбоксиметилирленген крахмалдар суда еритін полимерлер болып табылады. Олар қабат суларымен қосылып Ca, Mg тұздарымен араласады да Са тұздары ретінде тұнба құруға итермелейді.
- Акрилді полимерлер – БП – 92, ПАА, ГИПАН, ГИВПАН тұнба түзуші гельдер болып табылады, бірақ егер ПАА – ны радиациямен сәулелендіргенде ерімейтін ісінетін элемент алуға болады, егер ол қосымша байлағыштарды қоссақ СПС аламыз.
- лигносульфанаттар және гумматтар – композициялық материалдардың құрамында қолданылатын ісінгіш қасиеттері бар суда ерімейтін сапропелдер болып табылады.
- табиғи – көмір және торфощ сілтілі реагенттер (гидрофобтаушы суспениялар, УЩР және ТЩР) ағаш ұнтағымен немесе шламлигнин және сапропельдермен қосыла отырып қолданылуы мүмкін.
І және ІІ объектілерінде қабатты ашудың қосымша тәсілдері қарастырылды, ал егер де қабатқа депрессиялау кезінде ашылатын болса, онда қабатты ПАФ қолдана отырып ашуға кеңес беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |