5. Қоршаған ортаны қорғау
Ақінген кен орны 1992 жылы ЦНИЛ ПОЭН орындаған сынама пайдалану жобасы негізінде (Атырау қаласы 1985 жылы) Ι Альб горизонтында жұмыс істейтін, 4 (№6, 8, 9, 10) ұңғыларымен игеруге берілген.
1994 жылдан бастап кен орны ЦНИЛ ПО “ТеңізМұнайГаз” орындаған технологиялық сұлба бойынша игеріліп жатыр.
Технологиялық сұлба бойынша кен орнында 2 игеру объектісі бөлінген;
Ι объект Ι-ші альб горизонт
ΙΙ объект ΙΙ-ші альб горизонт
01.01.2006 жылы кен орнының бұрғылаған қоры 31 ұңғы құрады. Оның ішінде 6 ұңғы (1, 3, 4, 5, 7, 11) геологиялық себептерге байланысты жойылған.
Пайдалану қоры 25 ұңғы, жұмыс істеп тұрған қор 24, 9 ұңғы фонтанды тәсілмен пайдаланылады. СК-3,СКД-6, ПШГНТ-4 типті тербеліс станоктар қолданылады. Сұйықтықты көтеру үшін диаметрі 4,3 мм НПН типті сораптар пайдаланылады. Пайдалану тізбегінің диаметрі 146 мм .
Игеру нұсқаларының көрсеткіштерін технико-экономикалық сораптау бойынша игерудің 3 нұсқасы кеңесі беріледі.
Ι объект – ұңғы іші құм сүзгілерін қоса отырып объектілерді қарқынды игеру немесе ШГН-ды жер беті құм ұстағыштары бар ЭВМ-мен алмастыру көзделеді. Бұрғыланған ұңғы қорларын пайдалана отырып 2011ж бастап ΙΙ объектіден 11 ұңғыманы айырбастау (№ 201, 202, 203, 204, 206, 207, 208, 109, 112, 113) көзделңп отыр. 2017 жылы ұңғылардың максимал қоры 19 данаға жету керек.
ΙΙ объект – 1-ші блокта ұңғылар торының тығыздығы 200*300м 8 өндіру ұңғысын, бұрғылау көзделіп отыр. өндіруші ұңғылардың максимал қоры 14 дана құрайды. Сонымен қатар өндіруші қордағы 2 ұңғыны айдаушы қорға ауыстыру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |