Дипломдық жоба тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасын оқыту әдістемесі


ІІ тарау. Ілияс Жансүгіровтың “Құлагер” поэмасын интерактивті әдістер арқылы оқыту әдістемесі



бет11/20
Дата19.09.2023
өлшемі127,23 Kb.
#108739
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Диплом жумысы 2023 Кулагер

ІІ тарау. Ілияс Жансүгіровтың “Құлагер” поэмасын интерактивті әдістер арқылы оқыту әдістемесі


2.1. Ілияс Жансүгіровтың “Құлагер” поэмасын жаңа әдістемелік технологиялармен меңгертудің тиімді жолдары
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту үрдісі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.
Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді. Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік «әдіс» - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет – деген анықтама береді.
Оқыту әдісі – оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары – деген де пікір айтылады. Бұл пікірді қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин былайша түйіндейді: «Оқыту әдістері – бұл балалардың сабаққа, ғылымға, өздігінен білім алуға ынталандыратын, сезімін оятатын жол».( )
Қ.Бадырақов, М.Қараев «Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті» деген еңбектерінде педагогикалық, әдістемелік ғылымдарының зерттеуіне сүйеніп әдістердің мынадай түрлерін көрсетеміз:
1) Сөйлеу(ауызша) әдісі: а) ауызша мазмұндау, жаңа сабақты түсіндіру;
ә) әңгіме;
2) Кітаппен жұмыс істеу әдісі: а) жаңа білімді меңгеру кезінде оқулықпен жұмыс істеу; ә) өткен материалды есте бекіту кезінде кітапты пайдалану;
3) Бақылау және эксперимент әдістері: а) бақылау; ә) лабораториялық; б) тәжірибе жұмыстары;
4) Жаттығу әдістері;
5) Жазба және графикалық әдістер;
6) Оқушылардың білімін тексеру және бақылау;
7) Демонстрациялық әдіс;
8) Проблемалық әдіс;
9) Іздену әдісі;
10) Зерттеу әдісі. [9, 37]
Оқыту әдістері – оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады. Оқыту әдістері-мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Соңғы жылдары Қазақстанның қоғамдық саяси - өміріндегі болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісінде жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Соған байланысты білім беру жөнінде жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің технологиясын жаңартуға бағытталған көптеген міндеттер жүзеге асуда. Мектеп пен мұғалім алдында тұрған негізгі міндет - әр оқушыға терең білім беру.
Бүгінгі дидактиканың маңызды бір мәселесі – инновациялық мәнде оқытудың жолдарын сұрыптап алу.
Үйреншікті дайын әдіс – тәсілдер баланы аса қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру – бүгінгі қажеттілік. Қоғамның қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Соған байланысты мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет