Дипломдық жоба тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасын оқыту әдістемесі



бет10/20
Дата19.09.2023
өлшемі127,23 Kb.
#108739
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Диплом жумысы 2023 Кулагер

І бағыт.Берілген жоспар негізінде поэманың мазмұнын баяндау.
а) Ереймендегі Сағынайдың асы
б) Асқа дайындық
в) Жиылған жұрттың Құлагерді сынауы
г) Күреңбай қарттың сыны
д) Ақан мен Батыраштың егесі
е) Аттар шаңы
ж) Құлагердің көрінуі
з) Құлагерге жасалған қастандық
и) Ақанның зары
ІІ бағыт. Әдеби күнделік жүргізу. Әр оқушыға тапсырма жазылған күнделік парақтар таратылады.
1-тапсырма. Поэманың тарауларын мазмұны бойынша бөлімдерге топтау, тақырып қою себебін түсіндіріп жазу.
2-тапсырма. Поэмадағы Көкшетаудың табиғатын суреттеген жерлерінен жатқа үзінді оқу.
3-тапсырма. Құлагерге берілген сынды тауып басқа қазақ ақындарының шығармаларындағы аттың сындарымен салыстыру.
4-тапсырма. Ұлттық сал-дәстүрді суреттеген жерлерін мәнерлеп оқу.
5-тапсырма. Сұрақ-рефлексия: Сұрақтардың жауабын өз ойымен аяқтау:
6-тапсырма. Поэмадағы Ақан образын табу.
«Құлагер» поэмасына I.Жансүгіров Ақан өмірінің Құлагерге байланысты ел аузында аңызға айналған ең бір трагедиялық кезеңін алады да, соның негізінде Ақан серінің образын жасайды.
Ақан бейнесі поэмада қалай берілген? Үзіндіні көрсету.
Бурабай бір таза жер «пері» жүрген...
Онда жоқ жын мен сайтан өріп жүрген.
Ағашқа атын байлап көлеңкелеп,
Ақан ғой анда-санда келіп жүрген.
Ақандай осы тауда сері жүрген,
Су ішіп, тауда шие теріп жүрген.
Қайыңдай мінсіз, таудай таза жігіт,
Көң-қоңыр, былапыттан жеріп жүрген.
Кісі емес Ақан төрде билік айтқан,
Ұры емес, ауыл торып, ел шулатқан.
Молда емес, мешіт салып, зекет салып,
Нәжісін дүниенің бойға жаққан.
Ол емес және өзінің малын баққан,
Жалшы емес және байдың отын жаққан.
Кісіні ит етінен жек көретін
Дау қуып, арыз айтып, биге шаққан.
Ілияс поэмасының қаһарманы Ақан өмірінің трагедиялық беттері ақындық баяндауда кеңінен ашылады. Автор өз кейіпкерлеріне өз ілтипатын жасырмай «Тұсында сері болсын, пері болсын, ұнайды өмірімен Ақан маған» деп ашық айтады. Тентіреп, тау-таста жүру себебінің әлеуметтік-қоғамдық сырын ашады. Ілияс ақын арқадан ашылмаған сыр, айтылмаған жыр іздеді. «Арқа астының инженері» Ілияс оның алтыны мен асылына тереңдеді. Ақын Ілияс асқақ әсем ән-күйшімен, мырза табиғатымен халқына әйгілі сұлу Көкшеге көз тігеді, «көкем-ай» деп ән төккен, аты еліне аңыз болған Ақан серіні іздейді.
Құлақты түріп жүрген ақынға арқаның ардагері – Ақаны тап келеді. Ақан өмірі, оның өнері, тағдыры Ілиясты терең толғандырады. Оны «Құлагер» емес Ақан қызықтырады. Оның жұмбақ сыры, «иттерге бас имеген» сері, дарқан, әрі «танылмаған асыл тастай» өмірі, «күңіренткен жыры» қызықтырады. Мұны ақын поэманың «Толғану», «Туған жер», «Ақан» тарауларында ылғи аңғартып отырады. Ақын:
Тегінде тегін бе екен Ақан сері,
Бұл да бір емес пе екен елдің ері?
Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,
Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді?...
Тұсында сері болсын, пері болсын,
Ұнайды өмірімен Ақан маған...
Ілияс Ақанын «Саңлақ ед шыққан мыңнан, озған жүзден», «Арқаның атақтысы» деп биіктетеді. Ақан «дүние нәжісінен» аулақ. Ол әкім де, бай да, би де болған емес. Олардан бойын аулақ ұстаған.
Ақ көңіл асқар жанын алып қашқан,
Арамнан, айналадан, кірден сақтап...
Ол өмірден әділдік, жақсылық іздеген. Соны таба алмай, күңіреніп, шерменде болып өткен.
Ақан бесігі – Көкше, Бурабай әсем табиғат. Ол соның аясында өсті. Оның ақындық, әншілік қиялын оятып, қанат бітірген де солар. Көкше өзінің сымбатты көркімен ерекшеленеді.
Көк кілем, балаусасы балбыраған,
Көк жібек жапырағы жалбыраған.
Ақ қант аспандағы сонда жауып –
Бал-бұлақ таудан тастан орғылаған.
Көкшетау жер жәннаты жеке біткен,
Бұл сұлу кең далада бойын күткен
Жомарт тау дастарқанды момақан тау,
Шипа тау тазартатын барлық дерттен.
Көкшені көп саңлақ аын жырлаған. Ал Ілияс өзінше өрнектей білген. Осындағы «Ақ қант аспандағы сонда жауып», «Шипа тау» сияқты бейнелі сөздер Ілияс қаламынан туған тың өрнектер. Ақын осы табиғат көрінісін де өзінің эстетикалық мұратына орай алып отыр. Көрікті көркем табиғат – Ақан жырының бесігі. Оның жыры да, өмірі де осындай пәк. Ол осындай көрікті өмірді көкседі, осы табиғаттай жәннат пен жомарттықты аңсады.
Оған былапыт өмір жиренішті. Ол билікті де, байлықты да мұрат еткен емес, «мешіт салып, зекет алған» молда да болған еме. Ендеше Ақан мұраты не? Ілияс оны былай түйіндейді.
Текті құс тазалықты қолына ұстап,
Арманы-ақ сұлулықты сүю деген...
Ілияс осы екі жол арқылы Ақан арманын терең ашқан. Ілиясты Ақан осы биік адамгершілігімен, асқақ өнерімен ынтық етеді. Әсем табиғат аясында «Ауылы Сырымбеттің саласында, Ғашық боп ақ сұңқардың баласына » деп әуелете ән шырқаған, жалпақ елге мәлім Ақанға замана өгейлік жасайды.
Жазушы Ақанға озбырлық, жалғыздық көрсеткен сол заманды былай суреттейді:
Заманда сонау сарсаң Ақан тұрған,
Ол заман ерге тұсау, зорға думан.
Жалмап жеп айналасын аш кенедей,
Семірген жұрт қанына нелер жуан.
Хан қабан – халық құлағын бұрап тұрған,
Бүйі би – билеп-төстеп сұрап тұрған...
Мұғалім осы жерде бір-біріне қарама-қарсы екі жағдайға шәкірт көңілін аудара кеткені орынды. Бірінші Көкшені, «Сал сүрей, саңлақ мініп, сұлу сүйген», өмірден асылдықты, әсемдікті, адамдықты армандағн Ақанды суреттеген жерін, екінші «кір өмір», «тікен тұрмыс, улы өсек» меңдеген хан қабан, бүйі би заманын суреттеген жеріне шәкірт көңілін үңілдіру керек.
Мұғалім ақынның толғаныс-тебіреністеріне, Көкшеге, Ақанға, озбыр дүниеге байланысты поэзияның магнитофонға жазылған жерлерінен үзінді келтіріп отырса немесе өзі келістіріп оқып берсе, шәкірттердің эмоционалдық-эстетикалық сезімдерін оятады; ал бұл ақын шығармасына деген олардың ынта ықыластарын арттыра түседі. Неғұрлым шығарма сөйлесе, соғұрлым шәкірт ләззаттана тереңдейді.
Әр ән, әр күй, әр жыр – ел тарихының шежіресі. Олар ғасыр сырын шертеді. Сол әндер мен күйлер, өлең-жырлар халықтың қуанышы мен қайғысының, озығы мен тозығының асқақ арманымен өкініш-опығының, қаһарлы айбары мен отты кегінің шежіресі.
Әңгіме Ақан емес, Құлагер ғой
Осынан бастамақшы ек сөздің басын,-
деп шығармаға өзек болған Құлагер тағдыры дегенге меңзегендей. Егер ақынның осы жолын пәтуа тұтып, талдау жасауды негізінен соған орай құрсақ, онда Ілияс поэмасының бүкіл мән-мазмұнына үлкен нұқсан келген болар еді.
Ал ақын Ілиястың «Әңгіме Ақан емес, Құлагер ғой» деп айтуында мынадай бір себептер бар сияқты. Ақын поэманың бір жерінде:
Өзгеге ұғындырмас өзі бұзбай,
Сыншыдан сақта құдай сортаң тұздай.
Шатасқан шалдуардан жиіркенем
Елімнің ескісінен сөз айтқызбай...
дейді.
Ілиястың эстетикалық идеалы – Ақан тағдыры. Поэманың ішіне терең үңілсек, оны айқын аңғарамыз. Ақын Ілияс үшін Құлагер – Ақан символы, ал Ақан Құлагер символы. Екеуі де жүйріктіктің, дүлдүлдіктің белгісі.(кейін Ілиястың өзінде қазақ поэзиясының Құлагері деп атап кетті). Халық та сол екеуін егіздестіре есіне түсіреді. Құлагер десе, Ақанды, Ақан десе, Құлагерді еске алады. Ілияс поэмасынан да біз мұны анық аңғарамыз.
Ілияс идеалы - өмірден сұлулықты, үйлесімді, әсемдікті, әділеттікті аңсаған ақын әлемі, заманына сыймаған, мал, даңқ дүниесіне, озбырлық дүниесіне табынған «теріс азуларға», «қылмысқа, қиянатқа» үн көтерген, өткір үн қатқан ақын әлемі Ілияс Ақан трагедиясы арқылы әділетсіз замана кескінін көрсетсе, «Құлагер» поэмасы арқылы беймезгіл заманада опық жеп, өксіп өткен арманшыл да өршіл, сезгір де нәзік «ортасын олқы көрген», «еріксіз ерте туған ел еркесі», «жылан өмір жанын шаққан», «қара күш пен қаңқу сөздер... жүрегін жерге көмген» ақын трагедиясын жырлаған, елінің қасіретті өткенін, өшпес абзал өнерін, жақсылыққа ұмтылған арманын бейнелеген. «Ерге тұсау, зорға думан» заһар заманның ұлы шындығын көрсеткен.
Ілияс Құлагер оқиғасын тек кілт ретінде ғана пайдаланады да, осыған үлкен ой ұялатып, таптық, қоғамдық сипат береді. Анығырақ айтқанда, поэмадағы Құлагер оқиғасын фон деп танитын болсақ, ішкі мазмұнында, сол фонның тасасында таптық қоғамның да тапқақ қоғамның негізгі әшкерленеді.
Мәселе жалғыз Ақанда емес. Оның жауыздықпен өлтірілген атында да емес. Ақан трагедиясы - таптық теңсіздік жайлаған заман трагедиясы. Сондықтан да мұнда бір ғана адам тағдыры емес, еркіндік аңсаған, ақындық, әншілік өнердің, творчество адамының бәрінің тағдыры, талай Ақандардың тағдыры көрсетіледі; оның тереңде жкатқан сыры ашылады, себептері айқындалып, түпкі негізі әшкереленеді. Сол үшін де ақын поэмасында заман шындығынан мол мәлімет беруге ерекше назар аударады, бүтіндей бір дәуірдің жанды картинасын оқырмандары алдына жаяды. «Құлагердің» әлеуметтік өткірлігі, реалистік күшінің өзі осындай өзекті мәселелерді шебер, әсерлі өрнектей білуінде.
- Құлагерге берген Күреңбайдың сынын тауып оқып беріңдерші?
-Күреңбай көріп тұрып артын, алдын:
«Жануар жүйрік екен жылқы малдың,
Жері ұзақ, күші алдында өрен жүйрік,
Бітімі өзі айтып тұр жануардың»- дейді. Күреңбайдың бұл сынын естіп тұрған көпшілік аң-таң күйге түседі. Бәйгеде өзін көрсетер деген шешімге келіп, тарқайды.
- Құлагер – Ақан символы, ал Ақан Құлагер символы делінді, осы айтып отырған Құлагеріміз Ақан серіге қалай келді? Құлагерге кімдердің тағы көзі түсті?- деген сұрақ қойылады.
- Оқушылардың бірі: Әлкей Марғұлан «Қарауыл Елтоқ деген сыншы Ақанның нағашысының аулына келгенде «кер құлын» желіден ойнақтап шыға келеді, сонда: «Үлкен жиында Атығай, Қарауылға бәйге әкеледі» деген екен. 1866 жылы Ақан нағашы жұртынан Құлагерді қалап алған екен. Ақан сері Құлагерді өзіне алып, өсіріп, баптаған кезде Аға сұлтан Шыңғыстың баласы Жақып Ақаннан Құлагерді сұрайды. Сонда Ақан: «Аға сұлтандығымен Шыңғыстың аты шықты, ақындығымен Орынбайдың аты шықты, жүйріктігімен Құлагердің аты шықты» осы сөзді әкеңе айтып бар да, Құлагерді алып кет»,- депті. Жақып Ақанның сөздерін әкесіне айтып келеді. Атты әкеңе теңеп отыр, ол бермейді, қуанба деп түсіндіріпті әкесі.
Бұдан кейінде Құлагерге қызыққан адамдар көп болады. Ақан сері жан серігі Құлагерді ешкімге бермеді. Құлагер Ақан өмірінің мәні мен сәні болды.
Ілияс поэмасының қаһарманы Ақан өмірінің трагедиялық беттері ақындық баяндауда кеңінен ашылады. Автор өз кейіпкерлеріне өз ілтипатын жасырмай «Тұсында сері болсын, пері болсын, ұнайды өмірімен Ақан маған» деп ашық айтады. Тентіреп, тау-таста жүру себебінің әлеуметтік-қоғамдық сырын ашады.
Кең далаға әйгілі болған астың бірі Арқада Ерейменді мекен еткен, малы көп, малайы мол, бірнеше әйел алған, үрім-бұтағы қаулап өсіп бай болған, жасы тоқсан төртке келіп өлген Керей Сағынайға берілген. Ол шамамен 1850-1860 жылдар арасында өтеді. Осы асқа Құлагерге мініп, Ақан да келеді. І. Жансүгіров поэманың Ас» тарауында қазақ өмірінің, тұрмыс-салтының тамаша білгірі екенін көрсеткен. Қанық ояулы, жанды бейнелі картиналар жасайды, этнографияны, экзотиканы көрсеткен сырттай тамашалаушы емес әлеуметтік-қоғамдық теңсіздіктерді ашқан реалистік құдіретті қаламның қолтаңбасы жатыр.
Асқа жиылған шаршы топтың алдында Құлагерден бұрын өзінің «майда көмей», нәзік әнімен, аққудай әсем танылған дауысты үнімен Ақанның әдемі әуенін көріктеген поэманың «Егес» деген тарауын түгелімен Ілиястың тегеурінді поэзиялық талантының зор айғағы деп бағалау керек.
Ақын әнін тыңдаған жұрт мынадай рақатқа батады:
Көкшеден құйылғандай бір бал бұлақ,
Тәтті әнге халық қанды, ел сусындап.
Соққандай жаздың желі Арқа жақта,
Елжіреп жүрек әнге, жусап құлақ.
Халықтың осындай көмейінен бал ағызған ардақты Ақаны үлкен апатқа ұшырайды. Оның жалғандағы ең аяулы жалғыз серігі Құлагерді мың үш жүз аттың алдында келе жатқан жерінен Батыраш байдың суық қол қарақшысы қастықпен ұрып өлтіреді.
Бұл сұмдық Ақанды төбеден жай түскендей күйретеді. Онсыз да улы өмірден безіп жүрген Ақан енді жалғыз жұбанышы Құлагерден айырылған соң, шексіз күйзеліп, күңіреніп, Көкшетауға қайтады. Алдына өңгергені – Құлагердің басы, артына мінгескені – атқа шапқан жетімек бала. Нендей қайғылы хал! Нендей қаралы, әділетсіз өмір! Қара ниет сұм қылмысты Батыраш жазасыз кетті. Ақан аңырап қайтты.
Ақанның трагедиясы феодалдық заманда зар шеккен бүкіл халықтың трагедиясы еді, үздік туған халық таланттарының таптық қоғамдағы табиғи тағдыры еді. Ақан трагедиясының себебі – тек қана Құлагердің өлуінде емес, ол – Ақан өскен ортасын билеп-төстеуші «иттерге бас имеген сері, дарқан» ақын және әнші екендігінде. Құлагерді өлтіру Ақанның өміріндегі ең соңғы тірегін сындыру еді, тәкаппар талантты қудалаудың шектен асқан жері еді. Сондықтан Құлагер өлімі – Ақанның тірі өлген өлімі. Дүниеден түңіліп, үмітінің бәрі үзіліп, бойындағы бар байлығы дарыны болса, одан да ажыраған шағы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет