Сіңіру бөлімі:Контактілік аппаратынан соң, SO3 және SO2 аз көлемінен тұратын газ абсорбциялық бөліміне түседі. Онда SO3 моногидратты сорғышта H2SO4 моногидратымен 98,3 %-ға дейін жұтылады.
Газ мұнараның төменгі жағындағы газ қорабына өтеді. Насос арқылы қышқыл қысымды бакқа беріледі. Ол жерден сорғыштың барлық қимасы бойынша таралады. H2SO4 тазартылғаннан кейін мұнараның төменгі жағында жиналады да, өз бетінше жинағышқа беріледі. Сонан соң, тоңазытқыштар арқылы насос көмегімен қайтадан тазартылуға жіберіледі. Құрамында азғана SO2 және SO3 бар, сондай-ақ, бүркінді қышқылдан тұратын өңделген газ қоспасы сорғыштан шығып, артқы бүркінді ұстағышқа бағыттылады. Сонан соң, металлургиялық цехтың құбырана шығарылады.
Бүркінді ұстағыштағы конденсат моногидратты сорғыштың жинағышына ағып келеді. Онда H2SO4 (98,3 %) тұрақты концентрациясын ұстау үшін, бірінші құрғату мұнарасы циклінен қышқыл беріледі. Сорғышты тазарту циклінде түзілетін қышқылдың артық бөлігі кептіргіш мұнараның І және ІІ жинағыштарына шығарылады. H2SO4 (98,3 %) моногидраты бірінші құрғату мұнарасының циклінен қоймаға түседі.
1.3 Автоматтандырылған технологиялық процестердің функциональдық схемасы
Бақылау және басқару жүйесінің негізгі датчиктері газ шығыны, концентрация, температура, қысым датчиктері болып табылады.
Автоматтандыру схемасы мыналарды қарастырады:
Қысымдауыштың қысымын өлшеу. Қысымның таңдалған құрылғысынан сигналдар дифманометрге түсіп, түрлендіргіш арқылы машинаға енгізіледі.
Қысымдауыштың электрқозғалтқышы тоғының күшін анықтау. Сигнал амперметрмен өлшеніп,айнымалы токтың өлшеуіш түрлендіргішімен беріледі және оның шығысында тұрақты ток сигналы пайда болып, сонан соң бірегей сигналдар машинаға енгізілетін топтық түрлендіргішке өтеді.
Көрсеткіштер диафрагмма көмегімен өлшенеді де метран дифманометр шығын өлшегіш арқылы машинаға енгізетін топтық түрлендіргішке беріледі.
Контактілік аппаратының қабаттары бойындағы аз қысымын бақылау. Тарылту құрылғысының қысымының таңдалған құрылғысынан дифманометр метран арқылы өлшеніп, түрлендірілу үшін сигналдық модуль құрылғысына беріледі де, бірегей сигнал машинаға беріледі.
Қысымдауышқа дейінгі және кейінгі газ температурасын бақылау. Өлшеу сигналдық модуль көмегімен сигналды машинаға енгізетін термопара арқылы жүзеге асырылады.
Контактілік аппаратының қабаттары бойындағы газ температурасын бақылау, сәйкесінше жүргізілетін
SO2 концентрациясын бақылау.Газ қоршаушы құрылғыдан сигнал газ талдауышына түседі, сонан соң жеке түрлендіргішке өтіп, ол жерде сигналдар топтық түрлендіргіш арқылы машинаға енгізіледі.
Қысымдауыш дроссельдерін бақылау. Сигнал потенциометрден басқару блогы басқару блогы арқылы топтық түрлендіргішке түседі де, машинаға өтеді. Басқару блогы арқылы машинаға бағыттық сигнал да түседі.
Дроссельдер жағдайын басқару. Басқарушы сигнал магнитті жүктеуіш арқылы дроссельдер жағдайын басқаратын орындаушы механизмге өтеді. Басқаруды таңдау үшін ауыстырғышы қарастырылған. Қолдан басқару ПКЕ-112-243 батырмалы басқару бекетінен жүзеге асырылады.
1.4 Принципиальды электірлік схеманы қарастыру
Контакт әдісімен пириттен күкірт қышқылын алу схемасы
1,12-үстеме зарядтағыштар, 2-пеш КС. 3-жылуды қалпына келтіру қазандығы, 4-циклон. 5-құрғақ электрофильтр. 6 - бірінші жуу мұнарасы, 7 - екінші жуу мұнарасы, 8 - дымқыл электростатикалық сүзгілер, 9 - ылғалдандырғыш мұнара, 10 - кептіру мұнарасы, 11 - тұманды жою: 13 - жылу алмастырғыш; 14 істікшелі құрылғы 15 ангидридті салқындатқыш (эконайзер); 16 Олеум сіңіргіш: 17 - моногидратты сіңіргіш, 18-суару салқындатқышы, 19-құбырлы салқындатқыш. 20-қышқылды жинағыштар
Достарыңызбен бөлісу: |