Формула қалай аталады? (күш импульсінің формуласы)
Формула қандай физикалық шамаларды байланыстырады? (күш, ұзындық және массаның байланысады)
Математикалық тәуелділіктің түрі қандай? ( )
Қандай формуланы қорытып шығаруға болады? ( )
Алынған формуланың физикалық мағынасы бар ма? (осы формула арқылы массаны қорытып шығарамыз)
Эксперимент есепті талдау 1-есеп. Иінтірекке салмағы 50 грамм және 100 грамм жүк орналасқан. Жүкті жылжыту арқылы сызығыштың көмегімен тепе-теңдікте тұрған дененің иіндерін табыңдар. Алынған мәліметпен = формуласын дәлелдеңдер.
Берілгені: ХБЖ =50 грамм 5* кг
=100 грамм 10* кг
Табу керек:
Шешуі:
Е септі шешу мақсатында оқушылар берілген құрал-жабдықтардың (өздері таңдап анықтайды) көмегімен эксперимент жүргізіп, оның нәтижесінде алынған мәліметтердің көмегімен есептеулер жүргізеді (жүргізілген эксперимент барысы суретте көрсетілген).
Салмағы =50 грамм және =100 грамм жүктерді иінтірекке орналастырып, тепе-теңдікке келтірген кезде иіндерінің ұзындығы =20 см және =10 см-ге тең болғанын байқадық.
= g
= g
g = g
=
5* кг*0,2м=10* кг*0,1м
0,01=0,01
Тәжірибе қандай физикалық құбылысты, үдерісті көрсетеді? (Статика бөліміндегі рычагпен жұмыс көрсетілген)
Экспериметте қандай құрылғы қолданылды? (Иінтрек, жүктер)
Не себепті салмақтары әртүрлі денелер тепе-теңдікте тұр? (Бұл жерде денеге күш моментінің ережесі қолданылады. Яғни дене тепе-теңдік қалыпта тұру үшін денеге әсер ететін күш моменттерінің қосындысы 0-ге тең болуы керек)
Эксперимент барысында денеге қандай күштер әсер етеді? (Денеге ауырлы күші әсерін тигізеді және дененің ілінген жерінде керілу күші болады)
Құрылғыда нені өзгертуге болады және ол нәтижеге қалай әсер етеді? (Құрылғыда біз дененің орналасуын өзгеру арқылы күш моментін өзгертеміз)
Қорытынды қалай жасайсыз? (Қорытындылай кел, дененің иінтіректе орналасуының өзгерісі күш моменттерінің өзгерісіне алып келеді және ол қарсы бағытта тұрған жүкке әсерін тигізеді)
2-есеп. Динамометрдің көмегімен салмағы 100 грамм және 200 грамм жүкті иінтірекке орналастыру арқылы 1)жылжымалы блокқа түсіретін күштерін өлшеу арқылы және 2)жылжымайтын блокқа түсіретін күштерін өлшеу арқылы заңдылықтарды дәлелдеу.
Берілгені: =100 грамм 1* кг
=200 грамм 2* кг
Дәлелдеу керек: F=mg 1) 2) = 1) = =1* кг*9,8м/c=0,98H
= =2* кг*9,8м/c=1,96H
Есепті шешу мақсатында оқушылар берілген құрал-жабдықтардың (өздері таңдап анықтайды) көмегімен эксперимент жүргізіп, оның нәтижесінде алынған мәліметтердің көмегімен есептеулер жүргізеді.
Жылжымалы блокқа жүк ілгенде =100 грамм жүктің күші 0,98Н, =200 грамм жүктің күші 1,96Н болды. Динамаметр бізге бірінші жағдайда 0,49Н және екінші жағдайда 0,98Н күшті көрсетті. Демек жылжитын блок күштен 2 есе ұтыс берді (жүргізілген эксперимент барысы суретте көрсетілген).
2) Жылжымайтын блокқа жүк ілген кезде =100 грамм жүктің күші 0,98Н, =200 грамм жүктің күші 1,96Н болды. Динамометр біріншіде 0,98H және екіншіде 1,96Н күштерді көрсетті. Демек бізге жылжымайтын блок күштен ұтыс бермейді.
Тәжірибе қандай физикалық құбылысты, үдерісті көрсетеді? (Бұл тәжірибе барсында жылжымалы және жылжымайтын блоктармен жұмыс көрсетілген)
Экспериментте қандай құрылғы қолданылды? (Эксперимент барысында иінтірек, блоктар, динамометр, блоктар)
Неліктен жылжымалы блок күштен екі есе ұтыс береді? (себебі жылжымалы блок арқылы жұмыс жасағанда біз жұмыстан екі есе ұтыламыз)
Жылжымалы блок пен жылжитын блоктың айырмашылығы қандай? (Жылжымайтын блок қозғалмайды және ұтыс бермейді, ал жылжымалы блок күштен екі есе ұтыс береді)
Құрылғыда нені өзгертуге болады және ол нәтижеге қалай әсер етеді? (Бұл тәжірибе барысында жылжымалы блокты жылжымайтын блокпен ауыстыру арқылы күштің өзгерісін көрдік)
Қорытынды қалай жасайсыз? (Қорытындылай келе, жылжымалы блоктарды қолдану арқылы адам өмірін оңайлатуға болатынына көз жеткіздік)