Дипломдық жоба тақырып: «9-сыныпта физиканы оқытуда есеп шығару арқылы оқушылардың академиялық тілін дамыту әдістемесі»


КІРІСПЕ Дипломдық жобаның өзектілігі



бет2/16
Дата02.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#97818
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
КІРІСПЕ


Дипломдық жобаның өзектілігі: Оқушының білімінің сапалық көрсеткіштерінің бірі – ақпаратпен жұмыс жасай білуі, өзгерістерге сәйкес есептерді шешуі және жауапкершілікпен шешім қабылдауы болып табылады. Дегенмен, қазіргі таңдағы тәжірибеде оқушылардың «жақсы» баға алу мақсатында тест тапсырмаларының жауаптарын жаттап алуы жиі көрініс табуда. Осы оқушыларға алдағы уақытта меңгерген білімдерін көрсетумен қатар, оны жаңа жағдайлардағы кәсіби міндеттерді – болып жатқан құбылысты зерттеу және түсіндіру, ықпал ететін әртүрлі факторларды ескеру, факторлар арасындағы байланысты анықтау және түсіндіру, өзінің алған нәтижелерін ғылыми негіздеу және т.с.с. шешу керек болады.
Сондықтан, сабақта оқушылардың физикалық терминдердің мағынасын түсінуін және ғылыми тілде қолдана алуын, мұғалімнің сабақ түсіндіру барысында айтылған терминдерді жалықпай тыңдай алуы үшін және оқушылардың тақырыпты толықтай түсінуі оқуда маңызы жоғары. Бұл оқушылардың физика пәнінде терминдер арқылы ғылыми теорияны ауызша және жазбаша түрде түсіндіру мүмкіндігін арттырады. Сол себепті оқушылардың академиялық тілін дамыту әдістемесін жетілдіру өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Физика пәнінен сабақ өту кезінде оқушылардың тақырыпты толықтай меңгеруі үшін оқушылар барлық беріліп жатқан ақпаратты толығымен түсінуі керек. Ал ақпарат барлық кезде оқушыларға түсінікті тілде бола бермейді, егерде оқушы ақпаратты түсінбейтін болса, онда оны сөзбен айтып жеткізе алмайды, соңғы нәтиже оқушы берілген есептін мағынасын аша алмай, шығару жолында көптеген қиындықтар туындайды. Мектеп мұғалімінің алдында физика пәні бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында олардың есеп шығару арқылы академиялық тілін дамыту көкейкесті мәселе болып табылады. Осы айтылғандардан дипломдық жобаның өзектілігі анықталып, дипломдық жоба тақырыбы «9-сыныпта физиканы оқытуда есеп шығару арқылы оқушылардың академиялық тілін дамыту әдістемесі» деп алынды
Зерттеудің жаңалығы: Орта мектепте «Механика» бөлім бойынша академиялық тілін дамытудың әдістері жинақталды. 9-сынып «механика» бөлімінде оқушыларының академиялық тілін дамытуға ықпал ететін сапалы есептер жинақтау, оны болашақ физика мұғалімдеріне оқу үрдісіне қолдануға ұсыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет