Дипломдық жобаға ТҮсініктемелік жазба 5В060200 «Информатика» мамандығы Алматы 2019


 Мобильді құрылғыларға қосымша құрудың негіздері



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127561
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
1.3 Мобильді құрылғыларға қосымша құрудың негіздері 
Мобильді қосымша – ұялы телефондарға, смартфондарға, планшеттерге, 
коммуникаторларға және де т.б құрылғыларға арналған бағдарламалық жабдық. 
Мобильді қосымшалардың өзіне арналған әр платформасы әзірлеушіге 
бағдарламалауды тестілеуге және қосымша қамтамаларды енгізуге рұқсат ететін 
қызметі белгілі. 
Android-мобильді құрылғыларға арналған жаңа платформа. Оның 
ашықтығы арқасында ол тез кеңейтіледі және оның ерекшелігі тегін және оңай 
пайдалану құралдарының болуы. Ол өте ықшамды операциялық жүйе болып 
табылады.
Android Inc серіктестігімен бастапқысында өндіріле бастаған 
операциялы жүйе, артымен оны Google компаниясымен сатып алынып, ары 
карай дамытылды. Программалық камтаманы дамыту және жетілдіру үшін 
Google компаниясы Open Handset Alliance одағын құрып соған жүктеді. 
Android операциялық жүйесінде бағдарлама негізінен Java-да негізделген. 
Кірістірілген бағдарламалық қамтамасыз ету коды Android Page архивінің 
файлына оралған. Бұл файл кеңейтілімі * .apk және арнайы aap tооl құралы 
арқылы компилденген. Бұл жинақтаушы мұрағат-файл мобильді құрылғыларға 
арналған бағдарлама ретінде қарастырылады. Бір файл бағдарламаның бір 
кодымен байланысты. Жалпы, әрбір бағдарлама өз процесін орындайды. 


Бағдарламамен жұмыс жасағанда activity ұғымымен танысамыз. Activity 
Android қосымшасында құрылатын ең маңызды сынып ретінде жүзеге асады. Бұл 
класс қосымшаның визуалды белсенділігін білдіреді және пайдаланушы жасай 
алатын әрекеттерді анықтайды. Java-қосымшасында Activity ата-аналық 
класынан кеңейтілген (extends) кем дегенде бір сынып болуы тиіс. Сондықтан 
Activity сыныбының әдістерін білу және қолдана алу маңызды. 
 
1.4 Ұқсас бағдарламаға шолу 
Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты веб-
технологиялармен қатар мобильді қосымшалар өте қарқынды дамуда. Веб-бетке 
қарағанда мобильді қосымшалар арқылы ақпарат алу өте тиімді. Ал 
университетіміз туралы ақпарат алуға және жаңалықтарды білу үшін мобильді 
қосымша таптырмас құрал. Себебі бағдарлама студенттер ,мұғалімдер және 
қонақтарға тек ақпарат беру ғана емес сонымен қатар аудиторияны тауып және 
ол туралы мәлімет беру арқылы навигация қызметін де атқарады. Бұндай ЖОО 
арналған веб-беттер көп болғанымен, мобильді қосымшалар аз. Солардың бірі 
Ресей мемлекетінің оқу орынына арналған «Найти в Огу» мобильді қосымшасы. 
«Найти в Огу» қосымшасы өз университеттері туралы нақты бағдар беру 
үшін жасалған. Аталған мобильдік бағдарламаға төменде жеке жеке сипаттама 
берілген.
Бағдарламаның мүмкіндіктері: 
-
Аудиторияны табу. Бұл бөлімде университеттің үлкен болуына 
байланысты аудиторияға қалай оңай жету жолу көрсетілген. Ең алдымен 
корпусты тандайды, содан соң карта арқылы сол жолға сілтеме шыгады. 
-
Оқу ғамараттары. Оқу орнының ғимараттары орналасқан жерлер туралы 
ақпарат береді. 
-
Поликлиника. Студенттердің денсаулығы үшін бұл бөлім қосылған. 
-
Ақпарат алу арқылы студенттерге оңтайлы уақытта барып тексерілуі 
үшін жасалған. 
-
Басқа бөлімдер. Бұл жерде асхана, дәретханалар және кітапханалар 
көрсетілген. 
Бұл қосымшаның ерекшеліктерінің бірі тек оқу ғимараттарын ғана негізге 
алмай,сонымен қатар поликлиника, жатақхана және мемлекеттері туралы 
ақпарат порталдарын қамтиды. Маршрутқа келетін болсақ, кабинеттер 
арасындағы байланысты өте нақты және ыңғайлы түрде жасалынған. Дизайн 
беті өте әсерлі және қарапайым болуы қолдануға өте ыңғайлы. 
Бұл қосымшамен Find System дипломдық жобасын салыстыратын болсақ. 
Қосымша көрші мемлекет униерситетінің картасы болып табылады. Ал «Find 
System» қосымшасында университет туралы ақпаратты, соңғы жаңалықтарды 
және аудитория сабақ кестесін қарауға болады.Сонымен қатар қосымша қазақ 
тілінде университетімізге арналып жазылған. Басты артықшылығы «Find 


System» жобасында аудиторияны брондау жүйесінің болуында. Брондау жүйесі 
оқытушыларға керекті аудиторияны керек сағатында брондауға мүмкіндік береді 
және аудитория кестесін көру қажетті аудиторияны бос уақытта иемденуге 
студентерге тиімді болу үшін жасалған. 
Бағдарламаның көрінісі төмендегі 1.1- суретте көрселіген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет