Дипломдық жобаға ТҮсініктемелік жазба 5В060200 «Информатика» мамандығы Алматы 2019



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127561
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
 
 
 
2.3 Android платформасы 
 
 
Заман мен қоғамның қатар дамуына байланысты қазіргі уақытта мобильді 
құрылғыларсыз өмірді елестету мүмкін емес. Ал мобильді құрылғылар көбінесе 
Android платформасында жасалатын бағдарламаларды қамтиды. 
Android Studio – Google компаниясының Android операциялық жүйесіне 
арнап шығарған жаңа және толық қамтылған қосымшаларды әзірлеу ортасы 
болып табылады. Бұл бағдарламаны дайындаушыларға қосымшаны өздері 
қалаған, мысалға Eclipse ортасын таңдай отырып жасауға арналған ең танымал 
әзірлеу ортасы болып табылады. 
Жаңа бағдарламамен жұмыс жасағанда, оның барлық құрылымы SDK атты 
каталогта жинақталып көрсетіледі. Бағдарламаның Gradle атты бақылау 
жүйесінде жұмыс жасауы өндірісі процесінде оның көп икемділігін береді. 
Android Studio бағдарламасы нақты бір уақытта сізге кез келген визуальды 
көрнекі өзгерістерді көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар сіз қосымшаны 
жасай отырып, бір уақытта оның басқа Android бағдарламасы арқылы 
басқарылатын құрылғыларға әртүрлі баптаулармен, экран рұқсаттарымен көре 
аласыз. Бағдарлама безендіру құралдарымен қатар таңбалы кодтарына арналған 
жаңа құралдармен қамтамасыз етеді. 
Android платформасы әрқашанда өзінің ашықтығымен, яғни кодтың 
ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Кодтың ашықтығы арқасында бағдарлама 
әзірлеушілер қалаған уақытта оған өзгерістер енгізе алады, келесі бағдарламаға 
ауыстыра алады және оған анализ жасай алады
Android платформасының тағы бір артықшылығы – бағдарламаны 
жекелендірудің көп мүмкіндігінің болуы. Мысалға алғанда соңғы операциялық 
жүйенің жұмыс үстелінде әзірлеуші иконкалар мен виджеттерді өзі қалаған 
тәртіппен орналастыра алады. Әр жаңа версиясы шыққан сайын оған көптеген 
өзгерістер енгізілуде. Бірақ бұл бағдарламаны жасаушыларға өте ыңғайлы емес, 
себебі барлық бағдарламаны жасаушылар өздері жасаған бағадарламаның 
ерекше қылуды қалайды да, оған әртүрлі шектеулер қояды.Ал жаңа версияда ол 
ашылмауы мүмкін.
Android бағдарламаның ядросында қолданылатын API ды толығымен 
қамтиды. Бағдарлама архитектурасы кез келген бағдарламаның дайын тұрған 
бағдарлама мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді. Бірақ соңғы 


өзгертілген бағдарлама барлық шектеулерді қамту керек. Осылайша 
операциялық жүйе архитектурасы компонеттер мен қосымшаларды бірнеше рет 
пайдалану принципін ұсынады.
Android бағдарламасын басқару үшін root қатынауы қажет. Оның 
көмегімен орнатылған бағдарламаны және жүйені толықтай бақылауға болады. 
Бағдарлама құрылғыларын жасаушылар бастапқыда root қатынауын аппараттық 
түрде бұғаттайды. Себебі олар пайдаланушыны зиянды бағдарламалық 
қамтаманы орнатудан қауіптенсіздіруге және аппаратты зақымданудан қорғауға 
ұмтылады. Дегенмен осы қорғауды өту үшін жаппай хакерлік жұмыстар 
жүргізілгендіктен, өндірушілер телефондардың ресми құлпын ашу мүмкіндігін 
жасауға мәжбүр болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет