Дипломдық жобаға ТҮсініктемелік жазба 5В060200 «Информатика» мамандығы Алматы 2019



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127561
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
1 Негізгі бөлім 
 
1.1
 
Жобаның өзектілігі 
 
 
Қазіргі уақытта мобильді құрылғылардың үлесі үнемі артып келеді
сондықтан бейімделген (реттелген) дизайнды немесе шағын экрандарды 
пайдаланатын сайтқа келушілер үшін жеке мобильді нұсқаны пайдалана отырып, 
мобильді құрылғыларға веб-сайттарды оңтайландыру қажеттілігі туындайды. 
Find System мобильді қосымшасы көп жағдайда талапкерлер мен 
студенттерге арналған. Олар енді мобильді құрылғылардан ЖОО туралы қажетті 
анықтамалық мәліметтерді ала алады, университет жаңалықтарын қадағалайды, 
сондай-ақ фотосуреттер мен бейнероликтердің бай мұрағатын қарастыра алады. 
Сонымен қатар оқытушыларға келетін болсақ, оларға аудиторияны брондау 
жүйесі қолжетімді. Бұл бағдарлама тек Қ.И.Сатпаев университетіне арналған 
жоба болып саналады. 
Бұл дипломдық жобада веб-парақша және мобильді қосымша қатар 
жүреді. Веб бет сервер бөлімі болса, мобильді қосымша клиент бөліміне жауап 
береді және жекелей қосымша бола алады. Жобаның тағы бір ерекшелігі, веб- 
бетпен Rest технологиясы арқылы байланыс жасай алауында.
1.2 Оқу жүйесіндегі аудиторияны брондау маңызы 
 
 
Білім беру сапасының және оқу пәндерін табысты оқытудың маңызды 
нысаны-бұл кафедрада, факультетте, ЖОО-да оқу-материалдық базасын құру 
болып табылады. Ол техникалық ЖОО студенттерінің өз бетінше жұмыс істеуге 
арналған теориялық және практикалық дайындығының заманауи нормаларына 
жауап беруі тиіс. Сондықтан бірінші кезекте оқу аудиториясын, тиісті оқу пәні 
бойынша зертхананы және дәріс кабинетін жабдықтау қажет. Аудиторияны 
жабдықтау өндірістік жағдайлардың көрнекілігіне, қол жетімділігіне және 
ғылыми мазмұндылығының негізгі дидактикалық принциптеріне жауап беруі 
тиіс. 
Аудитория практикалық, зертханалық және зертханалық-тәжірибелік 
сабақтарды өткізуге, сонымен қатар үйірме жұмыстарына, студенттердің өзіндік 
жұмысына арналған. Оқу аудиториясын жинақтау және жабдықтау ғылыми-
техникалық прогресс, алдыңғы қатарлы шаруашылықтар тәжірибесі, ғылыми 
және оқу әдебиеті негізінде тиісті әдістемелік құралдар мен әзірлемелерде 
қамтылған ұсыныстарды ескере отырып, білім беру бағдарламалары мен кәсіптік 
білім беру стандарттары департаменті бекіткен үлгілік пән бағдарламасына 
сәйкес жүргізілуі тиіс. Бұл ретте оқу сапасы жүйесінде ЖОО алдына қойылған 
оқыту мен тәрбиелеудің нақты міндеттерін ескеру қажет. Алдыңғы ғылыми 
ақпараттың сипаты мен көлемін жеткілікті дәлдікпен анықтау, соның негізінде 


студенттер білімді, іскерлікті және дағдыларды меңгереді, әрбір тақырыптың 
мазмұнын, әр мәселенің мазмұнын ашудың логикалық түрін қалыптастырады. 
Оқу 
аудиториясы 
жабдықтарының 
ерекшелігі 
көрнекі 
баспа 
құралдарының (схемалар, фотоальбомдар, фото стендтер, плакаттар) және де
техникалық құралдардың (кинопроекторлар, диапроекторлар, технологиялық 
процестерді бейнетехника - түсіру, дербес компьютерлер) болуы. 
Оқу аудиториясын ұйымдастыру мәселелерін шешудегі басты рөл пәнді 
оқытушыға беріледі. Сол себепті оқытушылар тиісті білім беру үшін 
аудиторияның толық жабдықталғаны маңызды. Жобаның басты мақсаты- 
оқытушыға көмек ретінде қалаған аудиторияны брондау жүйесі болып саналады. 
Кей кездерде студенттер саны мен сабақ кестесі бойынша қойылған
 
Аудитория саны сәйкес келмей, көп қиындық туғызып жатады. Бұл 
жағдайда студентке және оқытушыға да қолайсыз болады. Сол себепті 
аудиторияны брондау жүйесі қазіргі уақыттың жаңалығы болып саналады. 
Себебі оқытушы өзіне қолайсыз аудиторияны ауыстыруға немесе қосымша сабақ 
өтуге аудиторияны іздеп брондай алады. 
Аудиторияны брондау – бұл университеттің бастапқы оқу ғимаратында 
қажетті аудитория туралы мәлімет алып(техникалық құралдар), оны брондау 
жүйесі. Брондау тек оқытушыларға арналған. Ал студенттер тек аудитория 
туралы мәлімет ала алады. Брондау үшін оқытушыға қажетті мәліметтер 
жиынтығын толтыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет