Дипломдық жобаға ТҮсініктемелік жазба 5В060200 «Информатика» мамандығы Алматы 2019



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127561
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
Карабалаева Динара. Find system мобильді қосымшасы

2.4-сурет – Деректер қорының жұмысы 
SQLite андроид құрылғылардың барлығында қолжетімді, яғни бөлек 
жазудың қажеті жоқ. Бұл қарапайым SQL тілінің барлық мүмкіндіктерін 
қамтитын, қолдануға ыңғайлы ашық кодты жоба болып табылады. Көптеген 
бағдарлама қажетті типтерді қолдануына байланысты бұл деректер 
құрылымымен жұмыс жасау ыңғайлы. SQLite бастапқы кодтары public domain 
сақталады, яғни онымен барлығы жұмыс істей алады.
SQLite деректер қоры файл ретінде қарастырылатын болғандықтан 
қолданушы файлдарымен қарым-қатынас жасайды. Сондықтан оқу және жазу 
операциялары баяу болуы мүмкін. Сол себепті Async Task классы көмегімен 
асинхронды операциялар қолдануға кеңес береді.
Жоғары тиімді инфрақұрылымды пайдалана отырып, SQLite кез келген 
басқа деректер базасы жүйелерімен әлдақайда аз, оған бөлінген жадтың 
кішкентай көлемінде жұмыс істей алады. Бұл SQLite деректер базасына 
жүктелетін кез келген міндеттерді іс жүзінде пайдалану мүмкіндігімен өте 
ыңғайлы құрал жасайды. 
SQLite деректер құрылымының әр шығарылымы кезінде өте мұқият 
тексеріледі. Бастапқы кодтың көп бөлігі тестілеу мен тексеруге арналған. 
Жүйедеге қандай да бір кедергі болса деректер құрылымы оны міндетті түрде 
шығарып көрсетеді. Деректерге көп жады бөлген сайын бағдарлама құрылымы 
өте тез жұмыс жасай бастайды. Егерде файлдық жүйемен кіру-шығу принціпі 
арқылы жұмыс жасайтын болса, онда ол жады көлеміне қарамай өте жылдам 
істейді. 


2.5 Фреймворк ұғымы
 
 
Андроид бағдарламасы мобильді құрылғыларды жасауға арналған керемет 
платформа, ол бүкіл ғаламшарымыздың екі жүз елу мемлекетіндегі сан мыңдаған 
смартфондарында жұмыс істейді. 
Фреймворктің мағынасы – өнімділікті арттырып, әзірлеу күшінің құнын 
төмендету. Ең бастысы олар бағдарламаны дайындау барысындағы маңызды 
мәселелерді шешумен айналасуы үшін бағдарлама әзірлеушінің уақытын 
үнемдейді. Бағдарламалық қамтаманы жасаудың кешенді ортасы ретінде 
сипатталады. 
Фреймворк көптеген компоненттерді қамтиды, басты жұмысы – 
бағдарламаны әзірлеушіге қажетті қосымшаны құруға көмектесу. Фреймворктар 
компилятормен, бағдарламалық интерфейстерімен, жабдықтар жиынтығымен, 
қате жөндеумен және басқа да компонеттерімен бірге жинақталған. Бағдарлама 
дайындаушының қосымшамен жұмысын жеңілдету үшін бірге жұмыс жасайды. 
Жобалармен жасау үшін негіз болып табылатын фреймворктарды қолдану 
жобаны жасау процесін жеңіл әрі қызықты етеді. Онсыз бағдарлама әзірлеуші өзі 
қалаған кез келген қосымшаны басынан бастап жаза алады. Бірақ бұл әртүрлі 
платформада жұмыс жасай алуы үшін үлкен кодтауды қажет етеді. 
Фреймворктар – бұл қосымша құруды жеңілдетуге және техникалық 
күрделі немесе ауыр жобаларды қолдануға арналған бағдарламалық өнім. Ереже 
бойынша негізгі бағдарламалық бөлімдерден тұрады, ал бағдарлама 
компоненттері барлық нақты модульдер оларлың негізінде әзірлеушілермен 
жүзеге асады. Осылай жұмыс жасау арқылы бағдарлама жасауда үлкен 
сенімділік пен өнңмдң шешімдерге келуге болады және бағдрлама 
жылдамдығын арттыруға септігін тигізеді. Негізінен фреймворктар мобильді 
құрылғыларды, веб-сервистерді, бизнес қосымшаларды және сайттарды құруға 
ыңғайлы болып келеді.
Фреймворк негізгі жұмысының артықшылықтары: 
-
кроссплатформалық. Платформалар мен құрылғылар арасындағы 
барлық 
айырмашылық 
қолданылып 
отырған 
фрейворк 
шеңберінде 
қарастырылған. 
-
Android SDK платформамен бірге дайындалады және дамиды. Егер 
фреймворк жаңартуды тоқтатса, онда бағдарлама кейбір кезекте технологиялық 
артта қалуға мүмкін болады.
Андроид бағдарламасында көптеген фреймворктар жұмыс жасайды. 
Себебі ол аз уақыттың ішінде көптеген құрал – жабдықтары арқылы қосымшаны 
жасап шыға алады. 
Андроид бағдарламасын қолдану арқылы JQuery фреймворкін қолданса 
болады. Ол сенсорлы экрандармен жұмыс істеуге арналған. Бағдарламаны 
дайындаушыға десктоптарда, мобильді құрылғыларда, сайттарда, планшеттер 
мен смартфондарда жұмыс істейтін жауапты дизайн мен қосымшаларды құруға 
көмектеседі. 


Барлық фрейворктарда MVC паттерні қолданылады. Компоненттермен 
қосымшаларда жұмыс істеуге арналған. Оның қызметі – бағдарламамен жұмыс 
жасаған кездегі қателіктерді жою болып табылады.
Бұл шаблон көмегімен бағдарламадағы кодты модельдегі, көріністегі және 
контроллердегі өзгерістерді бағдарламаға қатты әсерін тигізбей өзгерту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет